Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №56/266-VI "Отырар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5718 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 2- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы | У. Ұзақов |
Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 17/94-VIII шешіміне қосымша |
|
2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/266-VI шешіміне 2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:
1) Жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және 800 метрден кем емес оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық темір жол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға 800 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.