Қазақстан Республикасының "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 135 "Төлеби ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" ( нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 5577 болып тiркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Алимкулов |