Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас аудандық маслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №56/1-06 "Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін.
Көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Х. Байысбаев |
Түлкібас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 28/3-08 шешіміне 2 қосымша |
Пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттерді өткізуге тыйым салынады:
1)жаппай жерлеу орындарында;
2)теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі обьектілерінде және 1000 метрден кем емес оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3)мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;
4)қауіпті өндірістік обьектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де обьектілерге 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;
5)магистралдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілеріне және оларға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.