"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келес ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Келес ауданы әкімдігінің "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі №197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5124 болып тіркелген) қаулысы;
2) Келес ауданы әкімдігінің "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 03 шілдедегі №197 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5821 болып тіркелген) қаулысы.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келес ауданының әкімі | Ж. Агибаев |