Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы №28-206-VI "Келес ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5722 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келес аудандық мәслихат төрағасы | Н. Шаулиев |
Келес аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 2 тамыздағы № 17-128-VIII шешіміне қосымша |
|
Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы №28-206-VI шешіміне 2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Келес ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарынан;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;
5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.