Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/40-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8779 болып тіркелген) шешімі;
2) "Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/40-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 19/164-VII шешімі (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте жарияланды).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыпаков |