Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 10/2-VII "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26844 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі-оқуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасында көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Шығындарды өндіріп алу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға оқу жылы ішінде ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Нужных |