"Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы"

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 23/8-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 қаңтарда № 9126-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына,  Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшері бекітілсін.

      2. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 қазандағы № 48/3-VI "Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7741 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Е. Нужных

  2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 23/8-VIII
Риддер қалалық мәслихатының
шешімімен бекітілген

Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшері

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі мәтін бойынша әлеуметтік қолдау).

      2. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2 тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      3. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі мәтін бойынша алушылар) Риддер қалалық бюджетінің қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,3759 (он бір бүтін үш мың жеті жүз елу тоғыз он мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдаудың артық немесе заңсыз төленген сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

"Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддер"

Решение Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 25 декабря 2024 года № 23/8-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 8 января 2025 года № 9126-16

      В соответствии c подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Риддерский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддер.

      2. Признать утратившим силу решение Риддерского городского маслихата от 20 октября 2020 года № 48/3-VI "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддера" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7741).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Риддерского городского маслихата Е. Нужных

  Утвержден / Решением
Риддерского городского маслихата
от 25 декабря 2024 года
№ 23/8-VIII

Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддер

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяют порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддер (далее по тексту социальная поддержка).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Риддера".

Глава 2. Порядок и размер оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет средств Риддерского городского бюджета специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии (далее по тексту получатели), проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддер.

      4. Социальная поддержка оказывается один раз в год в размере 11,3759 (одиннадцать целых три тысячи семьсот пятьдесят девять десятитысячных) месячных расчетных показателя без истребования заявлений от получателей на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций, путем перечисления на лицевые счета получателей через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.

      5. Излишне или неправомерно выплаченные суммы социальной поддержки подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.