"Алтай ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 268 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 100 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 наурызда № 8968-16 болып тіркелді

      Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алтай ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8849-16 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Алтай ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      2 – тармақта:

      1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кондоминиум объектісі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және жеке (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жиналыс пәтерлер мен тұрғын емес үй – жайлардың меншік иелерінің жалпы санының көпшілігінің келісімімен шешім қабылдайды.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданы әкімі Р. Курмамбаев

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата района Алтай от 11 мая 2023 года № 268 "Об утверждении правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по району Алтай"

Постановление акимата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 12 марта 2024 года № 100. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 13 марта 2024 года № 8968-16

      Акимат района Алтай ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района Алтай "Об утверждении правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по району Алтай" от 11 мая 2023 года № 268 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8849-16) следующие изменения и дополнение:

      в правила организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по району Алтай, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 2:

      подпункты 1), 2) изложить в следующей редакции:

      "1) объект кондоминиума – единый имущественный комплекс, состоящий из квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности, и общего имущества, которое не может находиться в индивидуальной (раздельной) собственности и принадлежит собственникам квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок на праве общей долевой собственности, включая единый неделимый земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок;

      2) общее имущество объекта кондоминиума - части объекта кондоминиума (фасады, подъезды, вестибюли, холлы, коридоры, лестничные марши и лестничные площадки, лифты, крыши, чердаки, технические этажи, подвалы, общедомовые инженерные системы и оборудование, абонентские почтовые ящики, земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок, элементы благоустройства и другое имущество общего пользования), кроме квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности;";

      пункт 2 дополнить подпунктом 8) следующего содержания:

      "8) собрание собственников квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома (далее – собрание) – высший орган управления объектом кондоминиума, обеспечивающий коллективное обсуждение и принятие решений собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с управлением объектом кондоминиума и содержанием общего имущества объекта кондоминиума, путем голосования;";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Собрание принимает решение при согласии большинства от общего числа собственников квартир, нежилых помещений.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района Алтай.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Алтай Р. Курмамбаев