Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңынын 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынын 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:
1. Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII шешіміне 1-қосымша |
Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Күршім ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (келесіде - Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады , 10 (он) пайыз мөлшерінде.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемдік шаралармен көзделген тұрғын үй алаңының нормативі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативі қолданылады.
5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 25.09.2024 № 27/18-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қағидамен айқындалады.
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII шешіміне 2-қосымша |
Күршім аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII "Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8677 болып тіркелген) шешімі.
2. Күршім аудандық мәслихатының 2022 жылғы 07 қазандағы № 26/14-VII "Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30208 болып тіркелген) шешімі.
3. Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 2/13-VIII "Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII "Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8834-16 болып тіркелген) шешімі.