Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15/4-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 сәуірде № 8994-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 02.08.2024 № 20/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы М. Желдыбаев

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 15/4-VIII шешіміне 1 қосымша

Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шемонаиха ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемдік шаралармен көзделген тұрғын үй алаңының нормативі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативі қолданылады.

      5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 02.08.2024 № 20/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қағидамен айқындалады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 15/4-VIII шешіміне 2 қосымша

Шемонаиха аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-193 болып тіркелген) шешімі.

      2. "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 06 қарашадағы № 46/3-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 болып тіркелген) шешімі.

      3. "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 06 сәуірдегі № 50/5-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 болып тіркелген) шешімі.

      4. "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 61/13-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8342 болып тіркелген) шешімі.

      5. "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 24/3-VIІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30188 болып тіркелген) шешімі.

      6. "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 04 мамырдағы № 3/3-VIІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8845-16 болып тіркелген) шешімі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шемонаихинском районе

Решение Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29 марта 2024 года № 15/4-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 8 апреля 2024 года № 8994-16

      В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) Шемонаихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 02.08.2024 № 20/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Шемонаихинском районе, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Шемонаихинского районного маслихата, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шемонаихинского районного маслихата М. Желдыбаев

  Приложение 1 к решению
Шемонаихинского
районного маслихата
от 29 марта 2024 года
№ 15/4-VIII

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Шемонаихинском районе

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета на соответствующий финансовый год малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Шемонаихинском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Шемонаихинском района Восточно-Казахстанской области" (далее – уполномоченный орган).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (далее - Правила) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, в размере 5 (пяти) процентов.

      При назначении жилищной помощи за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается норма предоставления жилья, установленная жилищным законодательством Республики Казахстан.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций осуществляется в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" от 28 июля 2023 года № 295/НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается один раз в квартал в "Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб-портал "электронного правительства", согласно Правил.

      Сноска. Пункт 6 в редакции решения Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 02.08.2024 № 20/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      8. Основания для отказа в оказании государственной услуги "Назначение жилищной помощи", а также порядок обжалования решений, действий (бездействия) уполномоченного органа и (или) его должностных лиц, по вопросам оказания жилищной помощи определяется Правилами.

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2 к решению
Шемонаихинского
районного маслихата
от 29 марта 2024 года
№ 15/4-VIII

Перечень утративших силу некоторых решений Шемонаихинского районного маслихата

      1. Решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5-19-193).

      2. Решение Шемонаихинского районного маслихата от 06 ноября 2019 года № 46/3-VI "О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6274).

      3. Решение Шемонаихинского районного маслихата от 06 апреля 2020 года № 50/5-VI "О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6947).

      4. Решение Шемонаихинского районного маслихата от 12 января 2021 года № 61/13-VI "О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8342).

      5. Решение Шемонаихинского районного маслихата от 10 октября 2022 года № 24/3-VII "О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30188).

      6. Решение Шемонаихинского районного маслихата от 04 мая 2023 года № 3/3-VIII "О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8845-16).