Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, сәйкес Үлкен Нарын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Үлкен Нарын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Байрахметов |
Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 89 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: үйде қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: мемлекеттік мекеменің басшысы, мәдениет үйінің басшысы, әдіскер, үйірме жетекшісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, сүйемелдеуші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы, суретші, мұражай қорларын сақтаушы, кітапханашы, библиограф.