ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы.01.01 2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы ақпараттар мен коммуникациялар Министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес Үлкен Нарын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Салық салу объектісінің Үлкен Нарын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үлкен Нарын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үлкен Нарын ауданының әкімі | Е. Байрахметов |
Үлкен Нарын ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 176 қаулысына қосымша |
Салық салу объектісінің Үлкен Нарын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
Салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффиценті | |
1. Үлкен Нарын ауылдық округі | ||
1 | Үлкен Нарын ауылы | 1,85 |
2 | Свинчатка ауылы | 1,40 |
3 | Көктерек ауылы | 1,15 |
4 | Көкбастау ауылы | 1,10 |
5 | Жұлдыз ауылы | 1,35 |
6 | Балғын ауылы | 1,35 |
2. Ново-Хайрузовка ауылдық округі | ||
1 | Новохайрузовка ауылы | 1,45 |
2 | Құндызды ауылы | 0,75 |
3 | Алыбай ауылы | 1,00 |
4 | Приморское ауылы | 1,60 |
3. Солоновка ауылдық округі | ||
1 | Солоновка ауылы | 1,30 |
2 | Малонарымка ауылы | 1,45 |
4. Ново-Поляковка ауылдық округі | ||
1 | Новополяковка ауылы | 1,20 |
2 | Бесүй ауылы | 1,00 |
3 | Сенное ауылы | 1,20 |
4 | Қаражал ауылы | 0,80 |
5. Алтынбел ауылдық округі | ||
1 | Алтынбел ауылы | 1,45 |
2 | Майемер ауылы | 1,35 |
3 | Егінді ауылы | 1,00 |
4 | Үштөбе ауылы | 1,25 |
6. Солдатово ауылдық округі | ||
1 | Солдатово ауылы | 1,45 |