Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 желтоқсанда № 7466-07 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "2021 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2021 жылғы 19 наурыздағы №3-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6861 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Мукаев

  Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
2024 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 16-3 шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлем мөлшерлемелері (теңге)

1

Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

231,05

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 текше метр

661,06

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

186,12

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

179,71

5

Су көлігі

1000 тонна километр

22,46


Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Западно-Казахстанской области

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 13 декабря 2024 года № 16-3. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 20 декабря 2024 года № 7466-07

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Водным кодексом Республики Казахстан, Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Западно-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 19 марта 2021 года №3-5 "Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Западно-Казахстанской области на 2021 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №6861).

      3. Руководителю аппарата областного маслихата обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата М. Мукаев

  приложение к решению
Западно-Казахстанский
областной маслихат
от 13 декабря 2024 года № 16-3

Ставки платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Западно-Казахстанской области

Вид специального водопользования

Единица измерения

Ставки платы (тенге)

1

Жилищно-эксплуатационные и коммунальные услуги

1000 кубический метр

231,05

2

Промышленность, включая теплоэнергетику

1000 кубический метр

661,06

3

Сельское хозяйство

1000 кубический метр

186,12

4

Прудовое хозяйство, осуществляющие забор воды из водных источников

1000 кубический метр

179,71

5

Водный транспорт

1000 тонна километр

22,46