Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауданының әкімі | М. Сердалин |
2024 жылғы 6 маусымдағы № 143 қаулысына қосымша |
1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің "Ақжайық ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 10 қарашадағы № 450 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4168 тіркелген) қаулысы.
2. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы № 76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5131 тіркелген) қаулысы.
3. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің "Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 450 "Ақжайық ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 26 қарашадағы № 328 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 тіркелген) қаулысы.
4. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің "Ақжайық ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 340 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5426 тіркелген) қаулысы.
5. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің "Ақжайық ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 23 мамырдағы № 106 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5682 тіркелген) қаулысы.
6. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақжайық ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 3 мамырдағы № 74 қаулысы.
7. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің "Ақжайық ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 76 "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 84 қаулысы.
8. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің "Ақжайық ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 76 "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 3 шілдедегі № 143 қаулысы.