Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 26 ақпандағы №25-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3844 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Каменов |