Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Жәнібек аудандық мәслихатының "Жәнібек ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 мамырдағы №21-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5224 болып тіркелген) шешімі;
2) Жәнібек аудандық мәслихатының "Жәнібек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 21-7 "Жәнібек ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 22 ақпандағы №15-3 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Т. Кадимов |