Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында 2024 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 13-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 7353-07 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында 2024 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      мәслихат төрағасы Н. Хайруллин

О понижении размера ставки налогов в 2024 году при применении специального налогового режима розничного налога в районе Бәйтерек Западно-Казахстанской области

Решение маслихата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 27 марта 2024 года № 13-10. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 28 марта 2024 года № 7353-07

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), маслихат района Бәйтерек Западно - Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Понизить в 2024 году размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в районе Бәйтерек Западно - Казахстанской области с 4 (четырех) процентов на 3 (три) процента по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      председатель маслихата Н. Хайруллин