Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 17-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 мамырда № 7374-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Казталов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Мулдашев

  шешіміне 1-қосымша

Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің  мөлшері және тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжайы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда, тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Казталов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.  

      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      4. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі-Қағидалар) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептейді.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб – порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб – порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды.

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2 – қосымшасында көрсетілген.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8–тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11 – тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын кұжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетуден Қағидалардың 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші тоқсан сайын, екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

  шешіміне 2 - қосымша

      1. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 13 ақпандағы №44-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6033 болып тіркелді).

      2. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы №44-8 "Казталов ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 18 ақпандағы № 3-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6831 болып тіркелген).

      3. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 44-8 "Казталов ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 30 мамырдағы № 6-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7175-07 болып тіркелген).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Казталовском районе

Решение Казталовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 14 мая 2024 года № 17-4. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 21 мая 2024 года № 7374-07

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Казталовский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Казталовском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Казталовского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата С. Мулдашев

  Приложение 1 к решению

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Казталовском районе

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Казталовского района" (далее - услугодатель).  

      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установлена в размере 5 (пять) процентов.

      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.  

      5. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее-Правила).

      6. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за№ 33200).

      7. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства", в соответствии с Правилами.

      8. Услугополучатель для получения государственной услуги направляет услугодателю через веб-портал "электронного правительства" или Государственную корпорацию заявление о назначении жилищной помощи, по форме согласно приложению 1 к Правилам.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Назначение жилищной помощи" предусмотрен в приложении 2 к Правилам.

      Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) предоставляет документы согласно пункту 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, услугодатель получает посредством информационных систем.

      При повторном обращении услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы за истекший квартал перед обращением, за исключением, предусмотренного пунктом 11 Правил.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      9. Услугополучатель отказывается в предоставлении жилищной помощи в порядке и сроки, предусмотренные пунктом 18 Правил.

      10. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

      11. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется услугодателем ежеквартально, через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2 к решению

      1. Решение Казталовского районного маслихата от 13 февраля 2020 года №44-8 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Казталовском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6033).

      2. Решение Казталовского районного маслихата от 18 февраля 2021 года № 3-7 "О внесении изменения в решение Казталовского районного маслихата от 13 февраля 2020 года №44-8 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Казталовском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6831).

      3. Решение Казталовского районного маслихата от 30 мая 2023 года № 6-1 "О внесении изменений в решение Казталовского районного маслихата от 13 февраля 2020 года № 44-8 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Казталовском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7175-07).