Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Сырым аудандық мәслихатының "Сырым ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 8 маусымдағы №27-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 болып тіркелген) шешімі;
2) Сырым аудандық мәслихатының "Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №27-1 "Сырым ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 қарашадағы № 10-6 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырым аудандық мәслихат төрағасы | Ш. Дуйсенгалиева |