Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Тургалиев |
2024 жылғы 4 маусымдағы № 22-14 шешіміне қосымша |
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 21-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5156 болып тіркелген).
2. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 мамырдағы № 22-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5199 болып тіркелген).
3. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 мамырдағы № 22-4 "Шыңғырлау ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 13 тамыздағы № 9-10 шешімі.
4. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 21-5 "Шыңғырлау аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 30 наурыздағы № 19-1 шешімі.
5. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 мамырдағы № 22-4 "Шыңғырлау ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 30 маусымдағы № 24-3 шешімі.
6. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ""Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 21-5 "Шыңғырлау ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 4 мамырдағы № 4-4 шешімі.
7. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 мамырдағы № 22-4 "Шыңғырлау ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 8 қарашадағы № 11-5 шешімі.
8. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ""Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 21-5 "Шыңғырлау аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 8 қарашадағы № 11-6 шешімі.