БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Диссертация өзі жазу, ішкі бірлік, ғылыми жаңашылдық, дәйектілік, практикалық құндылық пен академиялық адалдық принциптері сақтала отырып орындалады.
Өзі жазу принципі диссертацияны докторанттың өзі жазуын және диссертация авторының ғылымға, техника мен технологиялардың дамуына қосқан жеке үлесін танытады. Вариативті деректерді статистикалық іріктеу үшін жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат етіледі.
Диссертацияны дайындау үшін жасанды интеллект технологияларын қолданған кезде оның ғылыми нәтижелерін, ережелерін, ұсынымдары мен қорытындыларын автор өз бетінше тұжырымдауы керек.
Ішкі бірлік принципі диссертацияның ішкі бірлігінің болуын, диссертацияның барлық бөлімдері мен ережелері логикалық түрде өзара байланысты болуын; ғылыми ережелер, алынған нәтижелер мен ұсынымдар диссертацияда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын танытады. Автор ұсынған жаңа шешімдер (қағидаттар, әдістер) дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағаланады.
Ғылыми жаңашылдық принципі диссертацияның ғылыми нәтижелері, ережелері, ұсынымдары мен қорытындыларының жаңа болуын білдіреді және диссертация:
жиынтығы жаңа ғылыми жетістік ретінде белгіленген немесе нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін маңызды ғылыми негізделген жаңа теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді;
не енуі ел экономикасын дамытуға маңызды үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, технологиялық, экономикалық немесе басқару шешімдерін қамтиды.
Дәйектілік принципі диссертация жұмысының нәтижелері компьютерлік технологияларды және (немесе) жасанды интеллект технологияларын қолдану (егер қолданылса) арқылы ғылыми зерттеудің қазіргі заманғы әдістері мен деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістемелерін пайдалана отырып алынғанын білдіреді; жаратылыстану, техникалық, медициналық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша орындалған диссертациялар үшін теориялық қорытындылар, модельдер, анықталған өзара байланыстар және заңдылықтар эксперименттік зерттеулермен дәлелденеді және расталады, ал эксперименттердің нәтижелері бойынша тұжырымдар қайталанатын және (немесе) статистикалық тұрғыдан сенімді болып табылады; "Білім беру" тобының мамандықтары үшін нәтижелер педагогикалық эксперимент (егер қолданылса) негізінде дәлелденеді.
Диссертацияның практикалық құндылық принципі қолданбалы мәні бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, зияткерлік меншік куәліктерімен, өндіріске ену актілерімен және басқа да ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер, ал теориялық мәнге ие диссертацияда ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнінде ұсынымдар келтірілетінін білдіреді.
Академиялық адалдық принципі диссертация авторының басқа авторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын және:
мәтінді, идеяларды, гипотезаларды, қорытындыларды, әдістерді, зерттеу нәтижелерін, кестелерді, кодтарды, суреттерді немесе басқа авторлардың жұмыстарын авторына және мәтінді пайдалану дереккөзіне сілтеме жасамай пайдалану және (немесе) иелену, сондай-ақ басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны өзгертусіз сөздерді және пікірлерді синонимдік ауыстырумен басқа авторлардың мәтінін пайдалану (плагиат);
атауын, өндірушіні (құқық иесін). нұсқасын және жүгіну және (немесе) пайдалану күнін көрсететін сілтемесіз жасанды интеллект технологиясын пайдалану;
өзінің материалын, нақты және сандық деректерді өзіне және (немесе) өзінің дереккөзіне сілтеме жасамай пайдалану (автоплагиат);
жоқ дереккөздерге сілтеме жасау, дәйексіз деректерді және (немесе) нәтижелерді, жазуларды немесе олар туралы хабарламаларды ұсыну (фабрикация);
нәтижесінде диссертациядағы зерттеу материалдары бұрмаланатын зерттеу материалдарын, жабдықтарды, суреттер мен иллюстрацияларды немесе процестерді манипуляциялау (фальсификация) фактілерінің болмауын білдіреді.
Нормативтік құқықтық актілер мен ресми құжаттар атауларының, мемлекеттік және өзге ресми органдар мен ұйымдар атауларының, тиісті ғылым саласында жалпы қабылданған терминдердің, анықтамалар мен ұғымдардың, нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің, зерттелетін шығармалар мәтіндерінің сәйкес келуі, егер оларды пайдаланудың көлемі және сипаты орындалған диссертацияның дербестігіне күмән тудырмаса, плагиат болып саналмайды. Плагиатты табу мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында техникалық құралдар мен әдістерді, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдануға жол берілмейді.
Зерттеудің эмпирикалық әдістерін жүргізу кезінде жасанды интеллектіні 13 жасқа дейінгі балаларға қатысты пайдалануға жол берілмейді.
"ҚБП" және "құпия" грифтері бар жұмыстарды жазған кезде жасанды интеллект технологияларын пайдалануға жол берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
"5-2 Диссертацияны дайындау кезінде автордың жасанды интеллект технологияларын пайдалануына отандық және шетелдік ғылыми консультанттар мен диссертациялық жұмыс орындалған ЖЖОКБҰ этикалық комиссиясының мүшелері тарапынан алдын ала мақұлдау болған жағдайда жол беріледі.
Диссертация авторлары, ғылыми консультанттар және ЖЖОКБҰ этикалық комиссиясының мүшелері диссертациялық жұмысты дайындау кезінде жасанды интеллектіні пайдаланудың нақты мүмкіндіктері мен салдарын ескеруі қажет.
Диссертация авторы диссертациялық жұмыста жасанды интеллект технологияларын пайдалану кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарды, ЖЖОКБҰ әдеп қағидалары мен нормаларын сақтайды.
Диссертация авторы жасанды интеллект технологиясын пайдалануы туралы оған автордың жасанды интеллект технологиясын ғылыми зерттеудің қай кезеңдерінде және қалай қолданғанын сипаттауды, сондай-ақ осындай жолмен алынған деректердің және (немесе) олардың дұрыстығын тексеру және (немесе) оларды өңдеу және түсіндіру тәсілдері мен әдістерін сипаттауды қоса алғанда, осы Қағидалардың 5-тармағының және ЖЖОКБҰ-ның тиісті қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделген сілтеме жасау арқылы хабардар етеді. Диссертацияда бұл туралы мәліметтердің болмауы автордың диссертацияда жасанды интеллект технологияларын қолдану фактілерінің жоқтығын растайтындығын көрсетеді.
Диссертация авторы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз шектеулі қолжетімді дербес деректерді, құқық иесінің келісімінсіз құпия немесе заңмен қорғалатын басқа да ақпаратты ашуға, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу мақсатында қажетті шараларды қабылдайды.
Диссертация авторлары жасанды интеллект технологиялары арқылы алынған ақпаратты дұрыс, қауіпсіз және әдеп нормаларына сай пайдалануды ұстанады.
ЖЖОКБҰ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының ерекшелігін ескере отырып, диссертациялар дайындау кезінде жасанды интеллект технологияларын қолдану қағидаларын дербес әзірлейді және бекітеді.";
6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғалғанға дейін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген ғылыми басылымдарда және (немесе) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда жарияланады.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) (бұдан әрі – JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие және (немесе) Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) деректер базасында индекстеледі немесе диссертацияның мазмұнына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентильге ие.
Қорғауға жіберу үшін жарияланымдар бойынша талаптар:
1) JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар және (немесе) Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) деректер базасында индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 (бір) мақала (article) немесе шолу (review) және Басылымдар тізбесіндегі журналдарда мақала (мақалалар) (саны басылымның санатына қарай);
2) не Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері) деректер базасында индекстелетін және (немесе) JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі) мақала (article) немесе 1 (бір) мақала (аrticle) және 1 (бір) шолу (review);
3) не Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли & Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында (бұдан әрі – сенімді баспа) шығарылған монографияда тараудың болуы (докторантқа кемінде 1 баспа табақ тиесілі);
4) не JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар алғашқы екі квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 (бір) мақала (article) және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие және Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында индекстелетін халықаралық ғылыми конференция материалдарында 1 (бір) мақала (Conference paper (Конфэрэнс пэйпэр);
Бұл ретте, 8D01 Педагогикалық ғылымдар және 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар дайындық салаларының "8D017 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау", "D016 – Тарих педагогтерін даярлау" және "8D060 – Филология", "D050 – Философия және этика" және "D053 – Тарих" білім беру бағдарламалары топтарының білім беру бағдарламалары (мамандықтары) бойынша білім алған және қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ филологиясы, Қазақстан тарихы, қазақ философиясы бойынша диссертация дайындаған докторанттарда мыналардың болуына жол беріледі:
1) Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) бөлімі бойынша Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу және Басылымдар тізбесіндегі журналдарда мақала (мақалалар) (саны басылымның санатына қарай);
2) не Басылымдар тізбесінің 1-тізіміндегі және 2-тізіміндегі журналдарда біреуі ағылшын тілінде жазылған мақалалар және халықаралық ғылыми конференциялардағы ауызша 2 (екі) баяндама.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы, конференция жинақтарындағы жарияланымдар диссертацияның мазмұнына және аталған базаларда мәлімделген журнал мен конференцияның тақырыптық бағытына сәйкес келеді, журналдың ресми сайтында жарияланады және Аrticle (мақала), Review (шолу) немесе Article in Press (басылымдағы мақала), Conference Paper (Конфэрэнс пэйпэр), Proceedings (Просидингз) типіне ие. Пәнаралық бағыты бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (Multidisciplinary (Малтидисциплинари), Interdisciplinary (Интердисциплинари), General (Дженерал), Miscellaneous (Мисцеллэниэс) жариялауға рұқсат етіледі.
JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша бірінші квартильге кіретін журналда бір ғылыми мақала болған кезде басқа жарияланымдар талап етілмейді.
Web of Science (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базасындағы журналдың квартилі және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль жарияланған жыл не жарияланған жылдың алдындағы жыл үшін не диссертацияны қорғау сәтінде ескеріледі.
Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау кезінде диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кемінде 4 (төрт) мақала Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.
Диссертацияны шетелде қорғаған адамдар үшін аттестациялық іс Комитетке тапсырылғанға дейін диссертация тақырыбы бойынша жарияланған немесе ғылыми бағытқа сәйкес келетін ғылыми еңбектер (оның ішінде 1 (бір) мақала – халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда) ескеріледі. Басылымдар тізбесіне енген журналдағы мақала ретінде шетелдік мерзімді ғылыми басылымдардағы мақалалар есепке алынады.
Қағидалардың 6-тармағына сәйкес халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар болған кезде мұндай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде есепке алынады.
Басылымдар тізбесіндегі мақалалар "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Басылымдар тізбесіндегі журналдардағы мақалалардың саны 1, 2, 3-тізімдегі журналдағы жарияланымға байланысты ескеріледі.
Журналды 1-тізімге қосқан кезде 1 (бір) мақаланың, 2-тізімге 2 (екі) мақаланың, 3-тізімге 3 (үш) мақаланың болуы жеткілікті.
6-1. ЖЖОКБҰ диссертациялық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарды, оның ішінде диссертациялық жұмыстарда пайдаланылатын халықаралық дәйексөз алу стильдерін (Harvard style (Гарвард стилі), APA (American Psychological Association) Style (APA стилі), MLA (Modern Language Association) Style (MLA стилі), Chicago Style (Chicago стилі), ACS (American Chemical Society) Style (ACS стилі) немесе дайындық бағытына байланысты басқа да стильдерді), технологияның атауын, өндірушіні (құқық иесін), нұсқасын, жүгіну және қолдану күнін, сондай-ақ диссертациялық жұмыста пайдаланылған нәтижелер алынған сұраулардың сипаттамасын көрсете отырып, пайдаланылған жасанды интеллект технологияларына сілтемелерді дербес белгілейді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Диссертацияда:
1) бастапқы толық деректерді көрсете отырып, цитата алынған материалдардың немесе жекелеген нәтижелердің көздеріне;
2) докторант дербес немесе бірлескен авторлықта алған әзірлемелерге арналған қорғау құжаттарына;
3) дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп орындалған диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарға;
4) қолданылған жасанды интеллект технологияларына сілтеме жасалады.
Диссертацияда плагиат анықталған кезде диссертациялық кеңес немесе Комитет қайта қорғау құқығынсыз теріс шешім қабылдайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сараптау кеңесінің функциялары мыналар:
1) аттестаттау істерінің, диссертациялардың және жарияланымдардың Диссертациялық кеңес туралы қағидалар мен Үлгілік ереженің талаптарына сәйкестігін сараптау;
2) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдардың тізбесіне енгізу (немесе тізбеден алып тастау) үшін журналдарды сараптау және мониторингілеу;
3) қорғау рәсімінен кейін диссертациялық жұмыстарды талдау;
4) философия докторын (PhD), бейіні бойынша доктор даярлауды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау және ұсынымдар дайындау.";
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Сараптау кеңесі ашық дауыс беру арқылы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілсін;
2) диссертация пысықтауға жіберілсін (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайлардан басқа);
3) диссертация қайта қорғауға жіберілсін;
4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тартылсын.
Сараптамалық кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешімі, егер оған отырысқа қатысып отырған Сараптамалық кеңес мүшелерінің 3/4 (төрттен үші) және одан да көбі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Сараптамалық кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жіберуден бас тарту туралы шешімі, егер оған отырысқа қатысып отырған Сараптамалық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан да көбі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Егер көрсетілген дауыс саны жиналмаса, онда қайта дауыс беру жүргізіледі, егер оған отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады. Қайта дауыс беруде дауыстар саны тең болса, диссертация қайта қорғауға жіберіледі.
Диссертациялық жұмыс, егер оның мәтіні бойынша түзетілуі жұмыстың мәнін өзгертпейтін елеусіз ескертулер болған жағдайда, пысықтауға жіберіледі. Егер диссертация осы Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармақтарына сәйкес келмесе (немесе) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда, диссертация бойынша философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Диссертацияны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылдаған кезде Сараптамалық кеңестің қорытындысында (осы Қағидаларға 1-қосымша) диссертациялық жұмыс бойынша нақты ескертулер белгіленеді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден бас тарту туралы диссертациялық кеңестің және Комитеттің шешіміне оның шыққан күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде докторант, ізденуші апелляцияға бере алады.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрілігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрілігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті