Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Саяси партияларды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі №166/314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Саяси партияларды қаржыландыру қағидаларында:
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда соңғы сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде ұсынылған саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген сайлаушының әрбір дауысы үшін 0,65 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.
Республикалық бюджет құрамындағы шығыстарды жоспарлауды тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады".".
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Абдиров |