БҰЙЫРАМЫН:
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржы лизингіне арналған тауарлар тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);";
26) тармақша алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) түпкілікті қарыз алушы – КС-мен қарыз шартын жасасқан және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржы лизингіне арналған тауарлар тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын КС қатысушысы;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:
1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған;
2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыздың (бұдан әрі – %) теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.
Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) (осы тармақтың жетінші бөлігінде қарастырылған жағдайды қоспағанда) және 2) тармақшаларда көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушының теңгемен төлеген 6 (алты) % сомасы арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.
Бұл ретте, қарыз алушы басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алуды көздейтін, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес қосымша ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды көздейтін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 (алты) % төлейді.
Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады. Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган оны СМАЖ-да орналастырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген және ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдықты сатып алуды көздейтін қарыздың қалған шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 15 (он бес) % төлейді, мемлекеттік бюджеттен Ұлттық бюджеттің базалық мөлшерлемесінің сомасы арасындағы айырма нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі Қазақстан Республикасының Банкі плюс жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушы төлеген 15 (он бес) % теңгемен субсидияланады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтарға дейін жасалған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан аспайтын қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:
1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуді көздейтін мынадай нормативтер бойынша:
теңгемен жылдық 10 (он) пайызға (бұдан әрі – %);
2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемелерін:
теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету көзделеді.
2021 жылғы 4 желтоқсанға дейін жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттары бойынша ресей рублімен және өзге валютамен берілген қарыз шарттары шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берілмейді.";
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Қағидалар күшіне енгенге дейін жасалған субсидиялау шарты осы Қағидалардың 15-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, субсидиялау шартында көрсетілген шарттарда субсидиялауды жалғастыра береді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қарыз шартының талаптары өзгерген жағдайда (осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда), бұрын мақұлданған және есептелген субсидиялар сомасы ұлғайтылмайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды.
Қаржы институттары уәкілетті органдардың құжаттарына сәйкес қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) үшін жағдайды нашарлататын мән-жайлардың туындауына байланысты, оның ішінде "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу және (немесе) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау нәтижесінде сыйақы мөлшерлемелерін төлеу немесе негізгі борышты өтеу мерзімдерін 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруды ұсынған жағдайда, аталған шектеу қарыз шарттарына қолданылмайды.
Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесін төлеу және (немесе) негізгі борышты өтеу мерзімін 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруға байланысты сыйақы сомасы ұлғайған жағдайда, субсидиялар сомасын ұлғаю жағына қарай қайта есептеу жүргізіледі, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау шартын ұзартуға жол беріледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) өтеу графигі бар қарыз шартының, субсидиялау графигінің көшірмесін қоса бере отырып, ұсыныс береді және оны қаржыландырған қаржы институты растайды.";
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) шартта қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан орындалмаған міндеттемелерінің болуы. Бұл ретте, егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге дәл келетін болса, онда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі;";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Қолданыстағы қарыз шартының талаптары (өз қаражатын немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру және бюджеттік қаражатты өз қаражатына және (немесе) тартылған қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну, қарыз шарттары бойынша сомаларды ұлғайту немесе азайту) өзгерген жағдайда, қаржы институты 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, бұл туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етеді.
Егер субсидиялау шарты қағаз түрінде жасалған және электрондық форматқа көшірілмеген болса, онда қаржы институты тиісті хабарламаны қағаз түрінде береді.";
6-тарау алып тасталсын;
106 және 107-тармақтар алып тасталсын;
110 және 111-тармақтар алып тасталсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
24-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
26-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Нысан
Ұсыныс
Қаржы институты: ___________________________________________
(қаржы институтының атауы)
Қарыз алушы: ________________________________________________
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Кімге: ________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы)
1. Қатысушы туралы мәліметтер
1 | Қарыз алушының атауы | |
2 | Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | |
3 | Қарыз алушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер үшін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/ заңды тұлға үшін - БСН | |
4 | Банк деректемелері | |
5 | Байланыс телефондары |
2. Субсидиялануы тиіс кредиттік шарттар (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат
КШ (нөмірі және күні) | ||
Сомасы, теңге | ||
Сыйақы мөлшерлемесі, пайыз | ||
Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге | ||
КШ-ның қолданылу мерзімінің аяқталатын күні | ||
Кредит беру валютасы | ||
Кредит берудің/лизингтің нысаналы мақсаты (ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге (керегін қою) | ||
Қаржыландыру көзі | ||
Қарыз алушының ЭҚЖС (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) | ||
Кредит/лизинг нысанасы, мөлшері | Лизинг нысанасын өндіруші ел | Мемлекеттік тіркеу базасындағы есепке алу нөмірі |
3. Субсидиялау графигі:
Жыл | Ай | Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі | Сыйақының жалпы сомасы, теңге | Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге | Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге |
Жиыны |
Осымен:
1) қарыз шартының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі;
2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналатындығы;
3) қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушы қызметінің ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкроттық сатысында тұрмағаны және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның қызметінің тоқтатыла тұрмағаны;
4) қарыз шартының республикалық бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылмағаны;
5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілерінің болмауы;
6) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы;
7) субсидиялауға арналған өтінімде көрсетілген қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбауы расталады.
Қосымша: өтеу графигі бар қарыз шартының көшірмесі.
Ұсыныс қағаз түрінде берілген кезде:
Қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы _____________________
Қаржы институты басшысының немесе уәкілетті тұлғаның аты, әкесінің аты бар болса),
тегі және қолы _________________________________________
Қарыз алушының ұсынысқа қол қойған күні 20___ жылғы "___"_______.
Қаржы институтының ұсынысқа қол қойған күні 20___ жылғы "___"___ _________.
Ұсыныс электрондық түрде берілген кезде:
Өтініш беруші 20___ жылғы "___" _________ сағат ___-де қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер (бұдан әрі – ЭЦҚ)
Қаржы институты 20___ жылғы "___" _________ сағат_____ -де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер Ұсынысты қабылдау туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20___ жылғы "___" _________ сағат _________ қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер.
Қосымша ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының тізбесі
№ | Техника мен жабдықтың атауы | Техника мен жабдықтың техникалық сипаттамасы |
1 | азық жинайтын комбайн | қуаты 301 (қоса есептегенде) ат күшінен бастап (SHREADLAGE технологиясымен - жоғары сапалы жоғары энергиялы азық өндіру, тиімді Nir – жиналатын азықтағы қоректік заттарды анықтау жүйесімен) |
2 | тіркемелі қызылша жинайтын комбайн | |
3 | мақта жинайтын комбайн | қуаты 201 (қоса есептегенде) ат күшінен бастап |
4 | сәбіз жинайтын комбайн | аспалы, жартылай аспалы, бір қатарлы тіркемелі, екі қатарлы (үш қатарлы) тіркемелі |
5 | қырыққабат жинайтын комбайн | аспалы, тіркемелі |
6 | пияз жинайтын комбайн |
жартылай аспалы, тіркемелі, |
7 | картоп жинайтын комбайн | тіркемелі, өздігінен жүретін |
8 | қызанақ жинайтын комбайн | |
9 | жүгері жинауға арналған айлабұйым | |
10 | тамыр жинайтын машина (қазушы) | |
11 | сабақ жинайтын машина | |
12 | жидек дақылдарын жинауға арналған өздігінен жүретін комбайн | |
13 | Сепкіш |
өнімділігі жоғары дәл себу сепкіші |
13.1 | қызылша себетін | |
13.2 | көкөніс себетін | |
13.3 | мақта себетін | |
14 | картоп отырғызғыш | |
15 | тұқым дәрілегіш | |
16 | астық тиегіш | |
17 | астық лақтырғыш | |
18 | тіркемелі астық жинақтағыш бункер | |
19 | дән аршушы | |
20 | лазерлі жоспарлаушы | |
21 | скрепер-жоспарлаушы | |
22 | тіркеме/топсалы орақ: роторлы | |
23 | тең тасымалдаушы тіркеме | |
24 | ірі азықты майдалағыш | |
25 | өздігінен жүретін дестелегіш | |
26 | өздігінен жүретін шөп шапқыш | |
27 | азық жинайтын дестелегіш | |
28 | жал түзгіш | |
29 | жал салушы | |
30 | шырынды азық тасуға арналған тіркеме | |
31 | телескоптық тиегіш | |
32 | фронтальді тиегіш | шөмішінің сыйымдылығы 1,8 текше метрге дейін |
33 | Тіркелмелі бүріккіш (гироскопты штанганы тұрақтандыру және ультрадыбыстық датчиктері бар штанганы ұстау жүйесімен, сондай-ақ Boom Control Pro, Clearance Control, EMR қозғалтқышын басқару жүйесімен): | 12000 л резервуары бар жоғары өнімді тіркеме бүріккіш (қашықтан басқару жүйесі бар) |
34 | өздігінен жүретін бүріккіш (гироскопты штанганы тұрақтандыру және ультрадыбыстық датчиктері бар штанганы ұстау жүйесімен, сондай-ақ Boom Control Pro, Clearance Control, EMR қозғалтқышын басқару жүйесі бар): | 6000 литр және қамту ені 36 метр үлкен багы бар (қашықтан басқару жүйесімен) |
35 | сұйық және қатты тыңайтқыш енгізуге арналған тіркемелі машина | жүккөтергіштігі 10 (қоса есептегенде) тоннаға дейін және 10,1-ден 25,0 (қоса есептегенде) тоннаға дейін және 25,1 (қоса есептегенде) тоннаға дейін |
36 | тас жинайтын машина | |
37 | азық таратқыш/ азық таратқыш-майдалағыш/ майдалағыш | сыйымдылығы кемінде 2,2 текше метр |
38 | дән уатқыш немесе жаныштағыш | |
39 | картоп қазғыш | |
40 | тиегіш | қуаты 2000 килограмм |
41 | қатарлар арасындағы гербицидтік құбыр | бактың көлемі 600 литр және одан да көп |
42 | бақ бүріккіші | көлемі 2000 литр |
43 | 2 дискісі бар ашуға/жабуға арналған отырғызғыш | |
44 | қазатын соқа | |
45 | тарақ құраушы фреза | |
46 | шөп тасымалдаушы тіркеме |
Қарыз шартына қойылатын талаптар
Қарыз шарты мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) алынған кредиттің/лизингтің агроөнеркәсіптік кешен саласында пайдаланылған болуы;
2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салу (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыру болып табылады;
3) мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты қарызды қаржыландыру көзі болып табылмайтындығы;
4) өтінім берген сәтте жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) болып табылатындығы;
5) сыйақы мөлшерлемесінің Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбауы;
6) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде сатып алуға жол берілмейтіндігі.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шеңберінде "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесінде жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы және тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы субсидиялануға тиіс.
Нысан
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты
___________ қаласы 20__ жылғы "___" __________
Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын _________________ облысының (қаласының) ауыл шаруашылығы басқармасы атынан 20__ жылғы _________________________ № ________ сенімхат негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан, бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ___________________ атынан _______________________негізінде әрекет ететін __________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ___________________________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін ____________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын (бұдан әрі – субсидиялау шарты) жасасты.
1-тарау. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы субсидиялау шартында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы субсидиялау шарты бойынша Жұмыс органы шартта айқындалған талаптарда Қаржы институтының қолдауымен осы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Карыз алушыны субсидиялау графигіне (бұдан әрі – субсидиялау графигі) сәйкес тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша (Жұмыс органының шешіміне сәйкес) бөлінген ақша сомасы шегінде Қарыз алушының қарыз шарты бойынша айқындалған сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі шығындарын субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Жұмыс органы:
1) Қаржы институтынан субсидиялауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарауға:
2) оның Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялар алу шарттарына сәйкестігін тексеруді және субсидиялауға арналған өтінім сомасының субсидиялау шартына сәйкес Қарыз алушыларды субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;
3) субсидиялауға арналған өтінімге сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін Қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілетін айдың алдындағы айында аударуға;
4) субсидиялауға арналған өтінім Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қаржы институтының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шотын қалыптастыруға және қазынашылық органдарына жолдауға;
5) субсидиялауға арналған өтінім сәйкес келмеген жағдайда субсидиялар беруден бас тарту туралы Қаржы институтын хабардар етуге міндеттенеді.
4. Қаржы институты:
1) ай сайын субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруға және Жұмыс органына жолдауға;
2) Қарыз алушы негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша міндеттемелерінің мерзімін өткізіп алған жағдайда және Субсидиялау қағидаларында көрсетілген басқа да оқиғалар бойынша оқиғалар анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Жұмыс органын хабардар етуге;
3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі, сыйақы төлеу мерзімдерін, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну, қарыз шарты бойынша соманы ұлғайту немесе азайту) өзгерген жағдайда, Жұмыс органына қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, хабарлама жолдауға;
4) қаржы институтынан алынған қарыздың мақсатқа сай пайдаланылуына (оның ішінде толық пайдалану мәніне) тексеру жүргізуге;
5) қарыз алушының қарыз шартының талаптарын сақтауына, оның ішінде қарыз шарты бойынша кредит қаражатын толық игеру және мақсатқа сай пайдалану бойынша тексеру жүргізуге;
6) қарыз алушы қарыз шартының талаптары сақталмаған жағдайлар туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етуге міндеттенеді.
5. Қарыз алушы:
1) Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидиялау шарттарын сақтауға;
2) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидиялануына жол бермеуге;
3) қарыз шарты бойынша алынған кредиттік қаражатты қарыз шартының талаптарына сәйкес толық пайдалануға;
4) қарыз шарты бойынша кредиттік қаражатты толық немесе мақсатсыз пайдаланған кезде төленген субсидияларды қарыз шарты бойынша кредиттік қаражаттың толық пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған сомасына барабар қайтаруға міндеттенеді.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6. Тараптар осы шарт бойынша осы субсидиялау шартына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы субсидиялау шартынан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
5-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
7. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күштің мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы cубсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
8. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталған кезде, осы субсидиялау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындаудың мүмкін болмауы туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
9. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.
10. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.
11. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
6-тарау. Қорытынды ережелер
12. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкінде берілген немесе мөрмен (бар болса) бекемделген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.
13. Жұмыс органы осы субсидиялау шартын мынадай жағдайларда біржақты бұзуды жүзеге асырады:
1) шартта қарыз алушының негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан орындалмаған міндеттемелерінің болуы;
2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттарына тыйым салу;
4) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;
5) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;
6) Субсидиялау қағидаларының 24-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.
14. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар субсидиялау шарты бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.
15. Осы субсидиялау шарты барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес қарыз шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.
16. Шартпен реттелмеген бөлікте, Тараптар дауды сот тәртібімен шешеді.
17. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден 2 (екі) данадан жасалды.
18. Осы субсидиялау шартына қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.
19. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:
Жұмыс органы: | Қарыз алушы: | Қаржы институты: |
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына қосымша |
Нысан
Қарыз алушының субсидиялау графигі (Жұмыс органының шешіміне сәйкес) 20___ жылғы "___" ___________ №______
Қарыз алушының атауы: _________________________________________
Нөмірі, жасалған күні:___________________________________________
Кредиттің/ лизингтің нысаналы мақсаты:___________________________
Кредит шартының сомасы, теңге: _________________________________
Кредит шартының сомасы, валюта: теңге,
KZT __________________________________________________________
Кредит шарты бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі: ____________
Сыйақы мөлшерлемесі, %
Жалпы: _______________________________________________________
Субсидияланатын: ______________________________________________
Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________
Кредит шартының барлық мерзіміне сыйақы сомасы, теңге
Жалпы: _______________________________________________________
Субсидияланатын: ______________________________________________
Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________
Жыл | Ай | Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі | Сыйақының жалпы сомасы, теңге | Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге | Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге |
Жиыны |
Жұмыс органы __________ ______________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қарыз алушы:____________ ______________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қаржы институты_________ ______________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар аудару туралы хабарлама не Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
порталға: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының)/қаржы институтының (көрсетілетін қызметті алушының) электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
Әкімшілік деректерді жинауға арнаған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Қаржыландыру жоспарын игеру туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: №1-ҚИ нысаны.
Кезеңділігі: тоқсан сайын/жыл сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы __________ тоқсан, 20___жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары (көрсетілген қызметті алушылар).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Р/с № | Қарыз алушының атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі | Қаржы институтының атауы | Қарыз шартының нысаналы мақсаты* | Бағыт ( Агроөнеркәсіптік кешен) | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды (ЭҚЖЖ) | Қарыз шартының нөмірі мен күні | Қарыз шартының сомасы, теңге | Қаруз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Барлығы: |
кестенің жалғасы:
Ауыл шаруашылығы министрлігінен қаржы институтына барлық аударылған субсидия , теңге | Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару, теңге | Қаржы институтының ағымдағы шотындағы қалған қаражат, теңге | |
Барлығы | Барлығы | оның ішінде есепті кезеңдегі | |
11 | 12 | 13 | 14 |
*Қарыз шартының нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны _____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
(аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________________
_______________________________________________________________
(аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы "___" __________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Қаржыландыру жоспарын орындауға арналған нысан" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған "Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қаржы институттары (көрсетілетін қызметті алушылар) толтырады.
3. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды ұсынады:
қаржы институттары (көрсетілетін қызметті алушылар) Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін.
5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.
8. 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. 4-бағанда қаржы институтының атауы көрсетіледі.
10. 5-бағанда қарыз шартының нысаналы мақсаты көрсетіледі.
11. 6-бағанда бағыт (агроөнеркәсіптік кешен) көрсетіледі.
12. 7-бағанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша коды көрсетіледі.
13. 8-бағанда қарыз шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.
14. 9-бағанда қарыз шартының сомасы көрсетіледі
15. 10-бағанда қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
16. 11-бағанда Ауыл шаруашылығы министрлігінен қаржы институтына барлық аударылған субсидия сомасы көрсетіледі.
17. 12 және 13-бағандарда Ауыл шаруашылығы министрлігіне есепті кезең үшін қайтарылған пайдаланылмаған субсидиялар сомасы көрсетіледі.
18. 14-бағандарда қаржы институтының ағымдағы шотындағы қалған қаражат сомасы көрсетіледі.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: №3-СНП нысаны
Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық
Есепті кезең: 20__ жылғы ___________ тоқсан, 20__ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күніне дейін және жыл сайын күнтізбелік жылдың отызыншы қаңтарына дейін.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Р/с№ | Қарыз алушыныңатауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес –сәйкестендіру нөмірі | Қаржы институтының атауы |
Қарыз шартының нысаналы мақсаты | Бағыты (Жұмыспен қамту жол картасы, Агроөнеркәсіптік кешен) | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код (ЭҚЖЖ) | Қарыз шартының нөмірі және күні | Қарыз шартының сомасы,теңге | Жалпы сыйақы мөлшерлемесі, % | Субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі, % | Қарыз шартының барлық қолданылу мерзімі үшін субсидия сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Барлығы: |
Кестенің жалғасы:
Барлық аударылған субсидиялар, теңге | Ауытқуы (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеуі, теңге | Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару, теңге | Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидия қаражатының қалдығы, теңге | |||||
жұмыс органының қаржы институтына | қаржы институтының қарыз алушыға | |||||||
барлығы | оның ішінде, есепті кезеңде | барлығы | оның ішінде, есепті кезеңде | барлығы (13 баған – 15 баған) | оның ішінде, есепті кезеңде ( 14 баған - 16 баған) | барлығы | оның ішінде, есепті кезеңде | Барлығы (17 баған – 19 баған), |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
*Қарыз шартының нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының 4- тармағына сәйкес көрсетіледі.
Атауы ________________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы ______________________________
Орындаушы_____________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Есеп тапсырылған күн 20 ___ жылғы "___" ________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қаржы институттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі толтырады.
3. Нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды:
қаржы институттары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – жұмыс органы) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін;
жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күніне дейін және жыл сайын күнтізбелік жылдың отызыншы қаңтарына дейін ұсынады.
5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.
8. 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. 4-бағанда қаржы институтының атауы көрсетіледі.
10. 5-бағанда қарыз шартының мақсаты көрсетіледі.
11. 6-бағанда бағыты (Жұмыспен қамтудың жол картасы, Агроөнеркәсіптік кешен) көрсетіледі.
12. 7-бағанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қарыз алушының коды көрсетіледі.
13. 8-бағанда қарыз шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.
14. 9-бағанда қарыз шартының сомасы көрсетіледі.
15. 10-бағанда жалпы сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
16. 11-бағанда субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
17. 12-бағанда қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін субсидиялар сомасы көрсетіледі.
18. 13 және 14-бағандарда жұмыс органының қаржы институтына, оның ішінде есепті кезеңге аударған субсидиялар сомасы көрсетіледі.
19. 15 және 16-бағандарда қаржы институты қарыз алушыға бүкіл кезең үшін, оның ішінде есепті кезең үшін аударған субсидиялар сомалары көрсетіледі.
20. 17 және 18-бағандарда барлық кезеңдегі, оның ішінде есепті кезеңдегі ауытқулар (артық төлем, кемшілік) көрсетіледі.
21. 19 және 20-бағандарда пайдаланылмаған субсидияларды жұмыс органына, оның ішінде есепті кезеңге қайтару сомасы көрсетіледі.
22. 21-бағанда қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялар қаражатының қалдығы көрсетіледі.