"Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 наурызда № 35776 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларында:

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) медициналық қорытынды негізінде, денсаулық жағдайы бойынша қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар: бактерия бөлінетін туберкулез (БК+), тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар;";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз ету медициналық ұйымда, оңалту орталығында, санаторийлік-курорттық ұйымда стационарлық емдеу, мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болған кезеңіне тоқтатылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Өтініш беруші порталда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілген қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өтеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтінішке бір мезгілде қол қоя отырып, жеке көмекшінің қызметіне тапсырысты рәсімдейді және өтініш беруші ЭЦҚ қойып өнім берушіге жібереді.";

      42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген сома шегінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізеді. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардың немесе өзге де заңды тұлғалардың қаражаты есебінен кепілді сомадан тыс міндетті әлеуметтік аударымдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей есептеледі және аударылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.";

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 63 бұйрығына
қосымша/
  Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы мүгедектігі бар
адамдар үшін жеке көмекшінің
әлеуметтік қызметтерін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

      1. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға:

      1) толық соқырлық;

      2) түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;

      3) елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;

      4) елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;

      5) паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);

      6) елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;

      7) гемиплегия, триплегия, параплегия;

      8) елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (ІІІ кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, ІV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және ІІІ кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған ІІІ дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.);

      9) елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);

      10) буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;

      11) қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;

      12) қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;

      13) екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;

      14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;

      15) жүріп-тұрудың ІІІ дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;

      16) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;

      17) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.

      2. Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынадай аурулар:

      1) бактерия бөлінетін туберкулез (БК+);

      2) жұқпалы тері және шаш аурулары;

      3) жыныс аурулары;

      4) неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 288 "Об утверждении Правил предоставления услуг индивидуального помощника для лиц с инвалидностью первой группы, имеющих затруднение в передвижении, в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации лица с инвалидностью"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 февраля 2025 года № 63. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 марта 2025 года № 35776

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 288 "Об утверждении Правил предоставления услуг индивидуального помощника для лиц с инвалидностью первой группы, имеющих затруднение в передвижении, в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации лица с инвалидностью" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32994) следующие изменения:

      в Правилах предоставления услуг индивидуального помощника для лиц с инвалидностью первой группы, имеющих затруднение в передвижении в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации лица с инвалидностью, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "2) имеющее противопоказания на оказание услуги по состоянию здоровья на основании медицинского заключения: туберкулез с бактериовыделением (БК+), инфекционные заболевания кожи и волос, венерические болезни;";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Обеспечение услугами индивидуального помощника приостанавливается на период стационарного лечения в медицинской организации, в реабилитационном центре, в санаторно-курортной организации, нахождения на полном государственном обеспечении.";

      пункт 36 изложить в следующей редакции:

      "36. Заявитель на портале оформляет и направляет поставщику заказ услуги индивидуального помощника, с одновременным подписанием заявления на возмещение поставщику гарантированной суммы по форме согласно приложению 1 к Правилам возмещения стоимости товаров и услуг из средств государственного бюджета при реализации их лицам с инвалидностью через портал социальных услуг, утвержденным приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 6 июня 2023 года № 205 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32720), подписанным ЭЦП заявителя (далее – Правила возмещения).";

      часть вторую пункта 42 изложить в следующей редакции:

      "Оплата услуг индивидуального помощника производится местными исполнительными органами в пределах гарантированной суммы через Государственную корпорацию. При этом, за счет средств местных исполнительных органов или иных юридических лиц сверх гарантированной суммы исчисляются и перечисляются обязательные социальные отчисления ежемесячно не позднее 25 числа, месяца следующего за отчетным.";

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту по инклюзии Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

      СОГЛАСОВАН
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство финансов
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 28 февраля 2025 года № 63
  Приложение 1
к Правилам предоставления
услуг индивидуального помощника
для лиц с инвалидностью первой
группы, имеющих затруднение
в передвижении, в соответствии
с индивидуальной программой
абилитации и реабилитации
лица с инвалидностью

Медицинские показания и противопоказания к предоставлению услуг индивидуального помощника

      1. Медицинскими показаниями к предоставлению услуг индивидуального помощника являются:

      1) абсолютная слепота;

      2) острота зрения на оба глаза до 0,03 с коррекцией;

      3) значительно или резко выраженные вестибулярно-мозжечковые нарушения;

      4) значительно или резко выраженный гиперкинетический амиостатический синдром;

      5) паркинсонизм (значительно или резко выраженная акинетико-регидная форма);

      6) значительно или резко выраженные: гемипарез, нижний парапарез, трипарез, обусловленные заболеваниями или последствиями травм;

      7) гемиплегия, триплегия, параплегия;

      8) значительно или резко выраженные нарушения функций кровообращения и дыхания (недостаточность кровообращения III стадии, коронарной недостаточности соответственно стенокардии IV-гo функционального класса, дыхательной недостаточности III степени в сочетании с легочно-сердечной недостаточностью II-III и III стадий и другие);

      9) значительно или резко выраженные нарушения функции мочевыделительной системы (хроническая почечная недостаточность III-IV степени);

      10) значительно или резко выраженные нарушения статодинамических функций организма с нарушением функции суставов III-IV степени;

      11) ампутационные культи обеих верхних конечностей, не подлежащие протезированию и затрудняющие пользование средствами передвижения;

      12) врожденные аномалии развития обеих верхних конечностей, не подлежащие протезированию и затрудняющие пользование средствами передвижения;

      13) ампутационные культи обеих бедер, не подлежащие протезированию;

      14) ампутационные культи обеих голеней, не подлежащие протезированию с выраженными функциональными нарушениями верхних конечностей, затрудняющим пользование средствами передвижения;

      15) врожденные аномалии развития нижних конечностей с нарушением передвижения III третьей степени;

      16) анкилозы в функционально невыгодном положении обеих тазобедренных или коленных суставов с нарушением функций суставов III-IV степени в сочетании с выраженными функциональными нарушениями верхних конечностей, затрудняющими пользование средствами передвижения;

      17) значительно или резко выраженные контрактуры обеих тазобедренных или коленных суставов с нарушением функций суставов III-IV степени в сочетании с выраженными функциональными нарушениями верхних конечностей, затрудняющими пользование средствами передвижения.

      2. Медицинскими противопоказаниями к предоставлению услуг индивидуального помощника являются следующие заболевания, требующие лечения в специализированных медицинских организациях:

      1) туберкулез с бактериовыделением (БК+);

      2) инфекционные заболевания кожи и волос;

      3) венерические болезни;

      4) психические расстройства, за исключением неврозов, неврозоподобных состояний, легкой степени дебильности, судорожных синдромов различной этиологии с редкими (не более одного раза в 2-3 месяца) припадками, без слабоумия и выраженных изменений личности.