БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:
"4. Мемлекеттік емес АЖ мемлекеттік органның АЖ-мен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ЭҮТШ арқылы ғана интеграцияланады.
Интеграция кезінде сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес АЖ ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуы ескеріледі.
Мемлекеттік емес АЖ-ны интеграциялық сервиске қосу осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның АЖ-ны мемлекеттік органның интеграциялық сервисіне қосу осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту үшін оператор жасалған шарт шеңберінде өтеулі негізде мемлекеттік емес АЖ меншік иелеріне және (немесе) иелеріне "электрондық үкімет" веб-порталындағы сервистер тізіліміне енгізілген интеграциялық сервисті пайдалану және оған қол жеткізуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынады.
Жасалған шарт болмаған жағдайда оператор интеграциялық сервис бастамашысының интеграциялық сервиске қосылуын тоқтата тұрады.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі