"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 наурызда № 35824 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 14-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 82 бұйрығына
1- қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
4-қосымша

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      3) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендер жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган;

      4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      6) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдердері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші/Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      елді мекеннің шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;

      3) 1 (бір) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішті тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ), ал аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі – жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ) жібереді.

      4) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;

      5) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.

      Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ көрсетілетін қызметті берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;

      6) келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ҚБ ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытындыны дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімнің жобасын дайындау үшін жолдайды;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытынды келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;

      8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін курьер арқылы беруге жібереді;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады;

      елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;

      4) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;

      5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.

      Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;

      6) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді;

      7) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;

      8) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы негізінде қабылданады;

      10) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартымен қоса курьер арқылы беруге жібереді;

      12) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      7. Порталға жүгінген кезде:

      елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:

      1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті тиісті ҚБ-ға жібереді;

      3) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;

      4) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.

      Келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол ҚБ-ға келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тарту жолданады;

      5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жобасын дайындау үшін жіберіледі;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;

      7) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім негізінде жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді;

      елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда:

      1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;

      3) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді;

      4) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.

      Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді;

      5) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді;

      6) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;

      7) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін дайындайды;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның негізінде қабылданады;

      9) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды;

      10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалымды хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚБ/жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган –тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде;
2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде.
Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау мерзімі кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын (жер учаскесі сатып алынған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған үкімет" халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.​gov.​kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.​gov.​kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2) жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) өзгерту туралы оң қорытынды болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
бюджет кірісіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, бюджетке Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу қажет болған жағдайда, оның нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі;
3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Кодекстің 49-1-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес
деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  __________________әкімі
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның, облыстық және
аудандық маңызы бар қаланың,
кенттің, ауылдың, ауылдық
округтің)
____________________________
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
кімнен ____________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды
____________________________________
тұлғаның толық атауы)
______________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе жеке немесе
заңды тұлға өкілінің жеке басын
куәландыратын құжаттың деректемелері,
_______________________________________
байланыс телефоны (бар болса), орналасқан
_______________________________________
жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не
_______________________________________
тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш

      Сізден __________________________________мекенжайы бойынша орналасқан (жер учаскесінің орналасқан жері) маған жеке меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі кадастрлық нөмірі __________________________________________
      ауданы __________гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын
      ___________________________________________________________________ байланысты
      (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсету)
      ___________________________________________________ нысаналы мақсатынан
      ___________________________________________________ нысаналы мақсатына
      ______________________________________________________ өзгертуіңізді сұраймын.
      Құқық белгілейтін құжат ______жылғы __________ № _____
      сәйкестендіру құжаты _____ жылғы ____ _______ № ______ немесе
      жер-кадастрлық жоспар_______ жылғы ____ _________ № ______
      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
      Көрсетілетін қызметті алушы
      ______________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
      қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
      20 жылғы " "_________

  "Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті _______________
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
      ___________________________________________________________________________
      (бас тарту себептерін санамалау)
      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
      ___________________________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):
      мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс / өзге де коммуникация құралдары арқылы)
      Көрсетілетін қызметті беруші
      ___________________________________________________________________________ (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы)
      20 жылғы " " _________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 82 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
10-қосымша

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

      3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      4) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекен жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      6) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Жер кодексі) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған құрамдасы;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, жер учаскесі орналасқан жердегі ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңмен көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттарды қабылдаған күні Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (оператор) өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) құжаттар толық болған жағдайда операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесінің пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға орындауға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес (бұдан әрі – Жер кодексі) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды;

      4) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

      5) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері:

      жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды;

      жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды;

      кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

      Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы жібереді;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес оның немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттілігі көрсетілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) не ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін құзыреті шегінде құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде тұрса, онда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды;

      3) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

      4) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері:

      жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;

      жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда, жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды;

      кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.

      Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1(бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдайды және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

      15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Сауда-саттықты
(аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) "Электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі - портал);

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде;
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.​gov.​kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.​gov.​kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

бірінші кезең: әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесі берілген жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұші қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат.
1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.
2. Өздеріне меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттық құқықтармен тиесілі ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін олар бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы органдары инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге беретін трассалар схемаларына сәйкес оларға меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі, жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
5. Кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп-ұстау үшін кондоминиум қатысушылары:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) кондоминиум құру туралы хаттама;
4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы.
6. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;
4) жер учаскесін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда – төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі.
7. Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысушысының мәртебесін растаушы құжат. 8. Жасанды құрылысжайлар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар қорытындылары;
9. Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, энергетика мен байланыс мұқтажы үшін, оның ішінде осы Кодекстің 119-бабына сәйкес ұялы, спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісуі.
10. Кодекстің 107-бабы 3-тармағының бесінші бөлігінің
8) тармақшасына сәйкес халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілер (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым) үшін, сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) коммуникациялардың өту схемасы.
11. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру, саяжай құрылысын жүргізу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (ауциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі.
13. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
14. Жекеше әріптестер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын не концессионерлер концессиялық жобаларды іске асыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
15. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациялар орандарының олардың құзіретіне сәйкес инвестициялық және инновациялық жобаны іске асыру туралы шешімі.
16. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі.
17. Кодекстің 101-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушылары (мүшелері):
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) қатысушылардың жалпы жиналысының құрамнан шығу туралы хаттамасы.
18. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда, инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы.
19. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскелерінде балық шаруашылығы объектілерін және оларды күтіп-ұстауға арналған коммуникацияларды орналастыру үшін, күрделі құрылыссыз балық шаруашылығын жүргізу мақсатында:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі;
4) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшірмесі. Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық.
Портал арқылы жүгінген жағдайда тізбеде көрсетілген құжаттар элоктрондық құжаттар көшірмесі ретінде ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушымемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушының Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде болуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Сауда-саттықты (аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтар алу" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  ________________________________________________________
әкіміне (облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген
аумақтағы), ауданның және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің)
кімнен ____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды
_______________________________________
тұлғаның толық атауы)
_________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе жеке немесе заңды тұлғаның өкілінің жеке басын
куәландыратын құжаттың деректемелері,
_______________________________________
байланыс телефоны (бар болса), орналасқан
_______________________________________
жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не
_______________________________________
тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алуға арналған өтініш

      _________________________________________________________________ негізінде
      (негізді көрсету)
      ________________________________________________________________________ үшін
      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
      алаңы ____________ гектар
      _____________________________________________________________________________
      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
      ________________________________________________________________орналасқан жер
      учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану, жеке меншік (керегінің астын сызу) құқығын беруіңізді сұраймын.
      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді
      талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының
      жоқтығы туралы хабарлаймыз.
      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес
      сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
      Көрсетілетін қызметті алушы
      ___________________________________________________________________
      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  "Сауда-саттықты
(аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      __________________________________________________________________________

      бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз

      (қажеттісін жазыңыз):

      ______________________________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " " _________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 82 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
14-қосымша

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және оларды құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;

      7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      7. Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) өтінім көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келіп түседі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар келіп түскен күні оларды орындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;

      7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесін жеке меншікке
ақысын бірден төлеп не бөліп
төлеу арқылы сату" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.​gov.​kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.​gov.​kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;
2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскесін жеке меншікке
ақысын бірден төлеп не бөліп
төлеу арқылы сату" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  __________________әкіміне
(облыстың,
республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, ауданның,
облыстық және аудандық
маңызы бар қаланың,
кенттің, ауылдың, ауылдық
округтің)
____________________________
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не заңды
____________________________
тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды
тұлғаның немесе өкілінің жеке
басын куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
____________________________
орналасқан жерінің мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін) не
____________________________
тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш

      ______________________________________________________________________ үшін
      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
      ______________________________________________________________________________
      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
      _______________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ауданы ____________ гектар жер учаскесіне ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын.
      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
      Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты
      (бар болса),тегі/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
      20___жылғы " "

  "Жер учаскесін жеке меншікке
ақысын бірден төлеп не бөліп
төлеу арқылы сату" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      __________________________________________________________________________

      бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):

      __________________________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші

      ____________________________________________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық

      қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " " ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады