"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35875 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толтырылсын:

      "11) migration.enbek.kz ақпараттық жүйесі – көшіп-қонушыларды есепке алуды және олардың қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі.";

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3 тармақтармен толтырылсын:

      "2-1. Ішкі еңбек нарығында тиісті кандидатураларды іздеуді жұмыс беруші бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 103-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес электрондық еңбек биржасына (www.enbek.kz) жіберу жолымен жүзеге асырады.

      Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасына бос жұмыс орнының (орындарының) болуы туралы мәліметтерді берген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң орналастырылған бос жұмыс орнын жариялау кодын көрсете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.

      2-2. Өтінішті жолдау кезінде "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесі тартылған шетелдік жұмыскерлермен тіркелген еңбек шарттары туралы деректерді алу үшін "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) және "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      2-3. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі – ЭҮП), www.elicense.kz веб-порталы немесе migration.enbek.kz порталы арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жергілікті атқарушы органның қызметкері жұмыс беруші өтініш пен мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынған кезде оларды қабылдауды және тіркеуді өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), рұқсаттарды бергені үшін алымды төлеу туралы мәліметтерді жұмыс беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген сәттен бастап алты жұмыс күні ішінде құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесіне сәйкес келуін қарайды.";

      8-тармақтың алтыншы және жетінші бөліктері алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру, ұзарту не беруден, ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде "Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін", "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйелерінде, "ЕҚжҚ" АЖ-да тіркелген бұзушылықтар туралы мәліметтердің, сондай-ақ "ШЖК" ААЖ, "ЕШЕБЖ" ИАЖ-да мәліметтердің болуына тексеруді жүзеге асырады.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы орган ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" не телекоммуникациялық құралдар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны жібереді/хабарлайды.

      Хабарламада осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту негіздері көрсетіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Төртінші санат бойынша рұқсат беру кезінде жұмыс беруші алты айдан бір жылға дейінгі кезеңде шетелдік жұмыскерлерді төртінші санатқа жататын бірдей лауазымдар немесе өзге де лауазымдар бойынша қазақстандық азаматтарға ауыстыруды жүзеге асырады.

      Рұқсаттарды беру кезінде шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыруды келісу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыру және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толтырылсын:

      "16-1. Шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға немесе Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сайкес келгенде беріледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде әрекет ете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру аумағына жұмыс беруші рұқсатты беруге немесе ұзартуға өтініш берілген жергілікті атқарушы органның (дардың) рұқсатының қолданылуын таратуға өтініш білдірген жергілікті атқарушы органның келісуі шартымен жүзеге асырылады

      Келісу Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жүзеге асырылады.";

      20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыскерлер саны 20 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері;";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.

      Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезінде біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетіне төленеді.

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде берілетін рұқсаттар тегін негізде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толтырылсын:

      "24-1. Жұмыс берушілер:

      1) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдане әрі – Кодекс) 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес шетелдік жұмыскерлерімен жасалған еңбек шарттары (корпоративішілік ауыстыру туралы хаттар/келісімдер) бойынша ақпаратты ЕШЕБЖ-ға еңгізуді;

      2) "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20201 болып тіркелген) сәйкес шетелдік жұмыскердің жеке сәйкестендіру нөмірін алуды қамтамасыз етеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар:

      1) бірінші санат үшін – рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзартумен, жұмыс берушінің өтініші негізінде бір, екі немесе үш жылға;

      2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі айға ұзартыла отырып, он екі айға, бірақ үш реттен аспайтын мерзімге;

      3) төртінші санат үшін – ұзартусыз он екі айға;

      4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзартусыз күнтізбелік тоқсан, жүз сексен, екі жүз жетпіс, үш жүз алпыс бес күнге дейін беріледі.";

      27-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толтырылсын:

      "27-1. Егер халықаралық шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше тәртіп көзделмесе, жергілікті атқарушы орган білім туралы құжаттардағы заңдастыру мөртабанының немесе апостильдің түпнұсқалығын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тиісті сұрау салуларды жолдайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Басқа шетелдік жұмыскерге бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Жергілікті атқарушы органның рұқсатты қайта ресімдеу бойынша қабылданған шешімі туралы хабарлама жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      32-тармақ алып тасталсын;

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін жұмыстарды орындауға, жабдықты монтаждау және пайдалануға беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда не шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, пайдасына жұмыстар орындалатын ұйымның уәкілетті адамы ЭҮП арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

      40. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:

      1) рұқсатта көрсетілген лауазымға сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік жұмыскерді тарту;

      2) жұмыс берушінің осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау фактілері белгіленген жағдайларда кері қайтарылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген пайыздық қатынастардан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады;

      3) жұмыс берушінің рұқсатты алу немесе ұзарту үшін дұрыс емес құжаттарды ұсыну фактілері белгіленген жағдайларда кері қайтарылады.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толтырылсын:

      "41-1. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабына сәйкес жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жұмыс берушінің рұқсатынсыз шетелдік жұмыскерлерді тартуға, сондай-ақ рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік жұмыскерді тартуға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде жаңа рұқсаттар берілмейді.";

      50-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Рұқсатты беру және ұзарту бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдаған шешім туралы нәтиже осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жергілікті атқарушы орган басшысының қол қойылған ЭЦҚ-мен жіберіледі.

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес негіздемесін көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жібереді.

      54. Рұқсат беру кезінде жұмыс беруші өз таңдауы бойынша мынадай ерекше шарттардың бірін таңдап алады:

      1) тартылатын шетелдік жұмыскер мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан өз жұмыскерлерін кәсіптік даярлау;

      2) тартылатын шетелдік жұмыскер мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан өз жұмыскерлерін қайта даярлау;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан өз жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру;

      4) шетелдік жұмыскерлер тартылатын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру.";

      62-тармақ алып тасталсын;

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Қағидаларға сәйкес құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";

      73-тармақ алып тасталсын;

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Жергілікті атқарушы орган мынадай жағдайларда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға қолданыстағы рұқсаттарды кері қайтарып алуды жүргізеді:

      1) рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік жұмыскерді тарту;

      2) жұмыс берушінің осы Қағидалардың 60-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 60-тармағында белгіленген пайыздық қатынастардан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.

      Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға кері қайтарып алынған рұқсаттар туралы ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ҚР ІІМ аумақтық органына жібереді.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      74-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-1. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабына сәйкес жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жұмыс берушінің рұқсатынсыз шетелдік жұмыскерлерді корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға, сондай-ақ рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік жұмыскерді тартуға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде жаңа рұқсаттар берілмейді.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне ерекше шарттардың және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді енгізеді.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің аппаратына беріледі, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.";

      2, 5 және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетелшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 93 бұйрығына
1-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және ұзарту, сондай-ақ
корпоративішілік ауыстыруды
жүзеге асыру қағидалары
мен шарттарына
2-қосымша

"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту".

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:

      1. бірінші, екінші, үшінші, төртінші санаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға және маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін рұқсат беру;

      2. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеу;

      3. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту;

      4. корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу;

      5. корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту;

      6. шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және сериясы өзгеруіне байланысты және жұмыс беруші-Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлға филиалы (өкілдігі) қосылу, бірігу, бөлу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген оның атауы немесе деректемелер өзгерген жағдайда рұқсатты қайта ресімдеу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы немесе migration.enbek.kz ақпараттық жүйесі

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Рұқсат беру 19 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның ішінде:
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы қабылданған шешім туралы хабарлама – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
рұқсат бергені үшін алым төлемін енгізу мерзімі шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні;
рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;
рұқсатты ұзарту – 3 (үш) жұмыс күні;
біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде рұқсатты беруді немесе ұзартуды келісу – 3 жұмыс күні;
рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы қабылданған шешім туралы хабарлама – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
рұқсат бергені үшін алым төлемін енгізу мерзімі шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні;
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде:
рұқсат беру – 8 (сегіз) жұмыс күні;
рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;
рұқсатты ұзарту – 6 (алты) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат, қайта ресімделген және ұзартылған рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі.
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру немесе ұзарту жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі;
2) шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсаттарды қайта ресімдеу, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру, ұзарту немесе қайта ресімдеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет жұмыс берушіге тегін негізде көрсетіледі.
Салық алымын төлеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда жүзеге асырылады.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту тегін негізде жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

"электрондық үкімет" www.egov.kz және www.elicense.kz веб-порталының немесе migration.enbek.kz порталының жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған.
Бірінші, екінші, үшінші, төртінші санаттар бойынша және маусымдық шетелдік жұмыскелер үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру

8

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
2) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) (оның ішінде латын әріптерімен), туған күнін, азаматтығын, паспорттың (жеке басты куәландыратын құжаттың) нөмірін, күнін және берген орган, тұрақты тұратын елін, шыққан елін, білімін, Кодекстің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес мамандығының атауы Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығына және 01-2017 "Қызмет сыныптауышы" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес келуін көрсете отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер (бұдан әрі – тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер);
3) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) рұқсат беру үшін алымның енгізілгенін растайтын құжат.
2. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білім туралы нотариат куәландырған құжаттардың және аудармалардың (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) электрондық көшірмелері;
4) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған келісімшарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай Қағидалардың 39-тармағына сәйкес жүзеге асырған жағдайда);
шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (хаттың немесе ауыстыру туралы келісімнің) нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға - жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда);
5) шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі;
6) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыруды орындау туралы ақпарат;
7) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды, шетелдік заңды тұлғалардың жұмыскерлерінің саны 10 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарын, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квоталар шегінде берілетін рұқсаттар бойынша Қазақстан Республикасына өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда);
8) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша инвестициялық басым жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту шарттары туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
9) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыру туралы ақпарат;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметтер көрсету туралы шарттың электрондық көшірмесі (бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде);
11) сұрау салынатын шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру туралы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің уәкілетті органы хатының электрондық көшірмесі (бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде);
12) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
13) рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжат;
3. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеу:
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінің 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
3) кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
4) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжат.
5. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе қайта ресімдеу:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
3) Қазақстан Республикасында танылатын растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат;
4) осы Қағидалардың 80-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде жүктелген ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат;
5) шетелдік жұмыскердің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лауазымның біліктілігі мен кәсіби тәжірибесіне сәйкестігін растайтын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі, сондай-ақ қабылдаушы тараптан жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хат;
6) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат;
7) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
8) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның электрондық көшірмесі (бар болса);
9) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
6. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) осы Қағидалардың 80-тармағына сәйкес орындау мерзімі басталған, өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың ерекше шарттарын орындау туралы ақпарат;
3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
4) рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі; шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат.
7. Шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясының өзгеруіне байланысты және жұмыс беруші-Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелері өзгерген жағдайда, рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;
2) шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің атының, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясының өзгергенін, Қазақстан Республикасының жұмыс берушісі-заңды тұлғасының немесе шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу немесе қайта құру түрінде қайта құрылуын растайтын, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелер өзгерген жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көірмелері

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту (қайта ресімдеу) кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер.
2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту (қайта ресімдеу) кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде мемлекеттік қызметті, сондай-ақ www.egov.kz "электрондық үкімет" және www.elicense.kz веб-порталы немесе migration.enbek.kz порталы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде рұқсатты беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Жұмыс берушінің "электрондық үкімет" www.egov.kz және www.elicense.kz веб-порталдың немесе migration.enbek.kz порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 1414, 8-800-080-7777.

  2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 93 бұйрығына
2-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және ұзарту, сондай-ақ
корпоративішілік ауыстыруды
жүзеге асыру қағидалары
мен шарттарына
5-қосымша

Рұқсат беру кезінде шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыруды жұмыс берушімен келісу нысаны

Р/с

Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы)

Шетелдік жұмыскерлерді алмастыру жүзеге асырылатын кәсіптің (мамандықтың) атауы

Шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыру мерзімі

1

2

3

4

5

      ________________________________________________________

      ________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      ________________________________________________________

      (қолы, тегі, лауазымы)

      20 ___ жылғы " ____" ________

      Келісілді:________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      ________________________________________________________

      (қолы, тегі, лауазымы)

      20 ___ жылғы " ____" ________

  2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 93 бұйрығына
3-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және ұзарту, сондай-ақ
корпоративішілік ауыстыруды
жүзеге асыру қағидалары
мен шарттарына
11-қосымша

      Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне шетелдік жұмыс күшін, ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күшін ауыстыру туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЕШОТШЖК-4

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең:__ күні______ айы ____ жылы

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде

ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде

Р/с №

Рұқсат беретін органның толық атауы

Жұмыс берушінің ерекше шарттарды орындауы туралы ақпарат

Жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), ЖСН көрсетілген)

Қабылдаушы тарапты (ұйым/кәсіпорын, БСН/ЖСН көрсетілген) көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 137-1-бабы шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші және оның жұмыс мерзімі (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), ЖСН көрсетілген)

Қағидалардың 38-тармағына сәйкес ұйымға/кәсіпорынға (ұйым/кәсіпорын, БСН/ЖСН көрсетілген) іссапарға жіберілген шетелдік жұмыс күші және оның іссапарға жіберу мерзімі (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), ЖСН көрсетілген)

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші

Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өткен қазақстандық азаматтар (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), ЖСН көрсетілген)

Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген) бірлік

Шетелдік жұмыскерлерді (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген) қазақстандық азаматтарымен (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген) ауыстыру

Шетелдік жұмыс күшінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), ЖСН

Шетелдік жұмыс күші тартылатын кәсіп

Шығу елі

Санат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1












      Атауы________________________                  Мекенжайы__________________

      ______________________________             _____________________________

      Телефон _________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________

      Орындаушы________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам___________________

      ____________________________________________ ____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

  "Migration.enbek.kz ақпараттық
жүйесіне шетелдік жұмыс
күшін, ерекше шарттарды
орындау және тартылатын
шетелдік жұмыс күшін
ауыстыру туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне шетелдік жұмыс күшін, ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күшін ауыстыру туралы мәліметтер"

      (индексі – ЕШОТШЖК-4, кезеңділігі – біржолғы)

      1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;

      2-бағанда рұқсат беретін органның толық атауы көрсетіледі;

      3-бағанда кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өткен қазақстандық азаматтар көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетілген);

      4-бағанда Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген), бірлік;

      5-бағанда шетелдік жұмыскерлерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген) қазақстандық азаматтарымен (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген) ауыстыру көрсетіледі;

      6-бағанда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетілген);

      7-бағанда қабылдаушы тарапты (ұйым/кәсіпорын, БСН/ЖСН көрсетілген) көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 137-1-бабы шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші және оның жұмыс мерзімі көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетілген);

      8-бағанда Қағидалардың 38-тармағына сәйкес ұйымға/кәсіпорынға (атауын, БСН/ЖСН көрсетілген) іссапарға жіберілген шетелдік жұмыс күші (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетілген) және оның іссапарға жіберу мерзімі көрсетіледі;

      9-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетіледі;

      10-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің кәсібі көрсетіледі;

      11-бағанда Қазақстан Республикасының ISO 3166-1-2016 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ұлттық жіктеуішіне сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің шығу елі көрсетіледі;

      12-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің санаты көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады