БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 санымен тіркелген) келесі өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған, Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары бекітілсін.";
Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметке теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы", "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдары (бұдан әрі – Заң), "Құқық қорғау қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Конституциялық Заңын ақпараттық және статистикалық қолдау мақсатында әзірленген".";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері ұсынатын растайтын құжаттары бар карточкалар мен хабарламалар, журналдар сақтау мерзімі 3 (үш) жыл болатын Комитетте (орталық мемлекеттік органдар бойынша) және аумақтық органдарда жеке номенклатуралық іске тігіледі (құрастырылады).";
30-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
"30. Комитеттің ақпараттық жүйесіндегі арнайы есеп ақпараты тұрақты сақтау мерзіміне жатады.".
2. "Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13977 санымен тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған, Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары бекітілсін.";
Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу Қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары";
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтаудың бірыңғай тәртібін белгілейді (бұдан әрі – арнайы есепке алу).";
14-тармақ алып тасталынады;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Арнайы есепке алу мәліметтерін пайдалану және сақтау тәртібі";
мынадай редакциядағы 18 және 19 тармақтарымен толықтырылсын:
"18. Комитеттің ақпараттық жүйесіндегі арнайы есеп ақпараты тұрақты сақтау мерзіміне жатады.
19. Мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтері ұсынатын растайтын құжаттары бар карточкалар мен хабарламалар сақтау мерзімі 3 (үш) жыл болатын жеке номенклатуралық іске тігіледі (құрастырылады).".
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты мәліметтер алу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |