БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 4) тармақшасына, 14-бабының 4-тармағына, 20-бабының 4-тармағына, 30-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 185) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 185) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ветеринариялық бақылау бекеті (бұдан ірі – ВББ) – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;";
7), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ВББ-ның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес ВББ-да ветеринариялық жете тексеру, қарап-тексеру, диагностикалау немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, көлік құралдарын тоқтатады және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртеді.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. ВББ-ның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ереженің 116 және 132-тармақтарында көрсетілген жағдайларда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамаларын іріктеуді жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Осы Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шешім қабылдаған ВББ-ның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы 2 (екі) сағат ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің түпкілікті межелі пункті ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесін оның ВББ-ы арқылы өткені туралы хабардар етеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18552 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 504) және 505) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің лауазымды адамдары құзыреті шегінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына оларға жүктелген міндеттерді шешуде жәрдем көрсетеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кеден органдары мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы (электрондық байланыс істен шыққан, болмаған немесе ақпараттық өзара іс-қимылға кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған жағдайда – қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып) бақылау пунктіндегі ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне өнімдері бар жеке және заңды тұлғалардың және көлік құралдарының келгені туралы хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өткізу пунктінің лауазымды адамдары тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуге рұқсат берілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамының мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талондарында рұқсат белгісі болған кезде көлік құралдары мен өнімдерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді жүзеге асырады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ақпаратты алғаннан кейін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1.Тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 14-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларының 11-1-тармағына сәйкес өнім сынамаларын іріктеуді жүргізеді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік бақылау және қадағалау ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы белгі қою жолымен аяқталады. Белгі:
1) көлік (тасымалдау) құжатында немесе ілеспе құжаттарға (немесе өнімнің қауіпсіздігін растайтын өзге де құжаттарда), тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының дербес деректері көрсетіле отырып, қолымен және жеке нөмірлік мөрдің бедерімен куәландырылады;
2) кеден органдарының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның интеграцияланған ақпараттық жүйелеріне (электрондық байланыстың істен шығуы, болмауы немесе ақпараттық өзара іс-қимылға кедергі келтіретін өзге де жағдайлардың туындау жағдайларын қоспағанда);
3) мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талондарға қойылады.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өткізу пунктінің лауазымды адамдарын мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың аяқталғаны және мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талондарға белгілер қойылғаны туралы хабардар етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 97 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2-тарау. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Заңның 14-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге қатысты жүзеге асырылады.
3. Заңның 14-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары Заңның 3-тарауына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 97 бұйрығына 2-қосымша |
|
Ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидаларына қосымша |
Ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидаларына қосымша
1-тарау. Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағындағы ветеринариялық бақылау бекеттері
№ | Облыстың атауы | Ауданның атауы | Өткелдің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ресей Федерациясымен | |||
1. | Атырау | Құрманғазы | Құрманғазы |
2. | Ақтөбе | Мәртөк | Жайсаң |
3. | Қарғалы | Әлімбет | |
4. | Шығыс Қазақстан | Бородулиха | Жезкент |
5. | Ауыл | ||
6. | Байтанат | ||
7. | Шемонаиха | Үбе | |
8. | Батыс Қазақстан | Бөрлі | Ақсай |
9. | Зеленов | Сырым | |
10. | Шаған | ||
11. | Тасқала | Тасқала | |
12. | Жәнібек | Жәнібек | |
13. | Бөкейорда | Орда | |
14. | Қостанай | Ұзынкөл | Обаған |
15. | Ақбалшық | ||
16. | Бейімбет Майлин | Аят | |
17. | Қарабалық | Қайрақ | |
18. | Жетіқара | Қондыбай | |
19. | Желқуар | ||
20. | Солтүстік Қазақстан | Мамлүт | Жаңа Жол |
21. | Мағжан Жұмабаев | Қарақоға | |
22. | Уәлиханов | Бидайық | |
23. | Қызылжар | Қызыл Жар | |
24. | Павлодар | Ертіс | Амангелді |
25. | Үспен | Қосақ | |
26. | Найза | ||
27. | Шарбақты | Шарбақты | |
28. | Железин | Үрлітөбе | |
Қырғыз Республикасымен | |||
29. | Жамбыл | Жамбыл | Айша бибі |
30. | Мерке | Сыпатай батыр | |
31. | Қордай | Қарасу | |
32. | Қордай | Қордай | |
33. | Аухатты | ||
34. | Сартөбе | ||
35. | Алматы | Кеген | Кеген |
2-тарау. Аймақтар арасындағы ветеринариялық бақылау бекеттері
№ | Облыс атауы | Елді мекеннің атауы |
36. | Ақтөбе-Қызылорда | Сексеуіл |
37. | Қарағанды-Қызылорда | Мибұлақ |
38. | Қарағанды-Жамбыл | Приозерск |
39. | Қарағанды-Шығыс Қазақстан | Бақты |
40. | Павлодар-Шығыс Қазақстан | Сатпаев |
41. | Ақжар | |
42. | Шарбақты | |
43. | Шығыс Қазақстан-Алматы | Таскескен ауылына Өскемен-Алматы қатынасы республикалық трассасының 92 шақырым |
44. | Алматы-Жамбыл | Гвардейское |
45. | Ақсүйек | |
46. | Жамбыл | Луговое |
47. | Тараз | |
48. | Жамбыл-Түркістан облысы | Тұрар Рысқұлов |
49. | Түркістан | Ленгір |
50. | Көксарай | |
51. | Қызылорда | Жанақорған |
52. | Шиелі | |
53. | Арал |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 97 бұйрығына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесі
№ | Облыстың атауы | Ауданның атауы | Пункттердің атауы | Бақылау пункттерінің саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ресей Федерациясымен | ||||
1. | Атырау | Құрманғазы | Құрманғазы | 2 |
2. | Ақтөбе | Мәртөк | Жайсаң | 2 |
3. | Қарғалы | Әлімбет | 2 | |
4. | Шығыс Қазақстан | Бородулиха | Жезкент | 2 |
5. | Ауыл | 2 | ||
6. | Байтанат | 2 | ||
7. | Шемонаиха | Үбе | 2 | |
8. | Батыс Қазақстан | Бөрлі | Ақсай | 2 |
9. | Зеленов | Сырым | 2 | |
10. | Шаған | 2 | ||
11. | Тасқала | Тасқала | 2 | |
12. | Жәнібек | Жәнібек | 2 | |
13. | Бөкейорда | Орда | 2 | |
14. | Қостанай | Ұзынкөл | Обаған | 2 |
15. | Ақбалшық | 2 | ||
16. | Бейімбет Майлин | Аят | 2 | |
17. | Қарабалық | Қайрақ | 2 | |
18. | Жетіқара | Қондыбай | 2 | |
19. | Желқуар | 2 | ||
20. | Солтүстік Қазақстан | Мамлүт | Жаңа Жол | 2 |
21. | Мағжан Жұмабаев | Қарақоға | 2 | |
22. | Уәлиханов | Бидайық | 2 | |
23. | Қызылжар | Қызыл Жар | 2 | |
24. | Павлодар | Ертіс | Амангелді | 2 |
25. | Үспен | Қосақ | 2 | |
26. | Найза | 2 | ||
27. | Шарбақты | Шарбақты | 2 | |
28. | Железин | Үрлітөбе | 2 | |
Қырғыз Республикасымен | ||||
29. | Жамбыл | Жамбыл | Айша бибі | 2 |
30. | Мерке | Сыпатай батыр | 2 | |
31. | Қордай | Қарасу | 2 | |
32. | Қордай | 2 | ||
33. | Аухатты | 2 | ||
34. | Сартөбе | 2 | ||
35. | Алматы | Кеген | Кеген | 2 |