БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32233 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
"Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 217) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Таратылуы шектелген қызметтік ақпарат қорының мәліметтерін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның рұқсатымен беріледі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар):
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды:
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған қағаз нысандағы өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек);
2) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электронды құжат нысанындағы өтініш;
мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек) жібереді.";
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу үшін жұмыстардың көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде қарауында жоспарланған жұмыстар учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенуі туралы көрсетілген мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) бар мемлекеттік органға таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін беруге сауал дайындайды және жібереді.
Қарауында көрсетілген мәліметтер бар мемлекеттік орган сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы оң не теріс жауап жібереді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімдерге төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері сегіз жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша:
таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтері;
ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде ашық пайдаланылатын мәліметтерді қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) ______________________ жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы _________________________"; |
7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру" |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | (15) он бес жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде: |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Мемлекеттік қызметті берушіге: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ашық пайдаланудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді. |
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (бұдан әрі – АЕК) сүйене отырып есептеледі:
Р/с № | Қызмет атауы | Өлшем бірлігі | Бірлік құны, АЕК |
1 | 2 | 3 | 4 |
Геодезиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер | |||
1 | МГЖ бекеттерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну | пункт | 0,2 |
2 | МГЖ бекеттерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну, координаттарды бір жүйеден екіншісіне қайта есептеу | пункт | 0,2 |
3 | СК42-ден қайта есептей отырып МГЖ бекеттерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну | пункт | 1,2 |
4 | МГЖ бекеттерінің биіктігі туралы мәліметтер ұсыну | пункт | 0,4 |
5 | МНЖ бекеттерінің орналасқан жерін сипаттай отырып, олардың биіктігі туралы мәліметтер ұсыну | пункт | 0,6 |
6 | CD дискісіне жазумен техникалық есеп беру | парақ | 0,25 |
Картографиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер | |||
7 | Картографиялық өнімді таңдау | парақ | 0,1 |
8 | Картографиялық өнімді сканерлеу А0 | парақ | 1,5 |
А1 | парақ | 0,7 | |
А2 | парақ | 0,4 | |
9 | Картографиялық материалды түрлендіру А0 | парақ | 1,9 |
А1 | парақ | 1,3 | |
А2 | парақ | 0,6 | |
10 | Картографиялық өнімді плоттерлік басып шығару А0 | парақ | 1,8 |
А1 | парақ | 0,9 | |
А2 | парақ | 0,4 | |
11 | Картографиялық өнімдерді шығару (4-түрлі-түсті басып шығару) | парақ | 1,4 |
12 | Картографиялық өнімдерді шығару (репликация 5-түрлі-түсті басып шығару) | парақ | 1,7 |
13 | Картографиялық өнімдерді шығару (екі жақты 4 түрлі-түсті басып шығару) | парақ | 2,6 |
14 | Картографиялық өнімді монтаждау | парақ | 0,2 |
15 | Картографиялық өнімді құрастыру, бүктеу | 100 парақ | 0,1 |
16 | Картографиялық өнімді ламинаттау | ш.м. | 0,4 |
17 | Картографиялық өнімді CD-дискіге жазу | парақ | 0,5 |
18 | Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (қатты түптеу) | кітап | 0,5 |
19 | Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (жұмсақ түптеу) | кітап | 0,4 |
Жерді қашықтықтан зондтау материалдары мен деректерін ұсыну жөніндегі қызметтер | |||
20 | Аса жоғары жоғары ажыратымдылықты ортофотожоспарларды ұсыну (АФТ) | НП | 1,8 |
21 | Қайта жобалаумен жоғары ажыратымдылықты ортофотожоспарларды ұсыну (Ғарыштық сурет) | НП | 2,0 |
22 | РЦМ ұсыну | НП | 2,1 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АФТ – аэрофототүсірілім;
МГЖ – мемлекеттік геодезиялық желі;
МНЖ – мемлекеттік нивелирлік желі;
НП – номерклатуралық парақ;
РЦМ – рельефтік цифрлық моделі;
СК-42 – 1942 жылғы координаттар жүйесі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық
атауы) _____________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Сұралып отырған таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтері
мен материалдардың тізбесі: _________________________________________
___________________________________________________________________
Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы
мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама
алатын мекенжай: ___________________________________________________
(пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Күні _________
Өтініш беруші _________________
жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты
(бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса)
Қазақстан Республикасы |
Республиканское государственное |
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның толық атауы ____________________________ |
Дәлелді бас тарту
Нөмірі _________ | 20__ жылғы "___" _______ |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарап, мынадай себептермен мәліметтерді беруден бас тартады:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]