"Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76/9-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 279/35-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 27 наурызда № 1407-01 болып тіркелді

      Астана қаласы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76/9-VIII "Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 1355-01 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) әзірленді және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларында айқындалады.

      Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар "Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау" қағидалар жинағымен" (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Астана қаласы әкімдігі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      Астана қаласында аудандар әкімдерінің аппараттары зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді.

      Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Мынадай:

      1) зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      2) сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі.";

      7-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі";

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылады".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 29 сентября 2023 года № 76/9-VIII "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Астане"

Решение маслихата города Астаны от 18 марта 2025 года № 279/35-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 27 марта 2025 года № 1407-01

      Маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Астаны от 29 сентября 2023 года № 76/9-VIII "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Астане" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1355-01) следующие изменения:

      в Правилах погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Астане, утвержденные указанным решением:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила погребения и организации дела по уходу за могилами (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-8 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами погребения и организации дела по уходу за могилами, утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 48 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18771) и определяют порядок погребения и организации дела по уходу за могилами.

      Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации кладбищ, организации захоронения и перезахоронения умерших или их останков, а также объектам похоронного назначения определяются Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения", утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 августа 2021 года № ҚР ДСМ-81 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24066).

      Определение принципов проектирования и рекомендации к содержанию кладбищ, к порядку организации похоронного дела, похоронного обряда (обряда захоронения останков или праха человека), а также содержания мест захоронения и работы специализированных служб по вопросам похоронного дела в Республике Казахстан определяются "Сводом правил Республики Казахстан "Проектирование и содержание кладбищ" (СП РК 3.02-141-2014)".

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Акимат города Астаны организует свод данных (сведений) учета и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы, а также осуществляет контроль за соблюдением условий договора об организации дела по погребению, содержанию и обслуживанию кладбищ.

      Аппараты акимов районов в городе Астане ведут учет и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы, на основании журналов учета.

      Акимат города Астаны на официальном интернет-ресурсе и публичной кадастровой карте размещает актуальную информацию по занятым и свободным участкам кладбища, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 июля 2023 года № 252/НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33106)";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Перезахоронение останков на действующих и закрытых кладбищах не допускается, кроме случаев:

      1) преждевременной ликвидации кладбища или его участка;

      2) при транспортировке останков из отдельных могил для перезахоронения по Республике Казахстан или за ее пределами.

      Перезахоронение останков допускается только при отсутствии особо опасных инфекционных заболеваний (сибирская язва, конго-крымская геморрагическая лихорадка) у умерших людей в течение двух первых недель с момента погребения, последующем не ранее трех лет, в песчаных грунтах не ранее одного года по согласованию государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения";

      заголовок главы 7 изложить в новой редакции:

      "Глава 7. Порядок заключения договора на погребение, содержание и обслуживание кладбищ и осуществления контроля за соблюдением его условий";

      пункт 24 изложить в новой редакции:

      "24. Заключение договора на погребение, содержание и обслуживание кладбищ между аппаратами акимов районов города Астаны и администрацией кладбища осуществляется по итогам конкурса в срок установленный в соответствии с законодательством о государственных закупках".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Астаны Т. Зейнұлқабден