Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қазандағы № 7/93-VIIІ "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 22/411-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 18 ақпанда № 421-18 болып тіркелді

      Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 12 қазандағы № 7/93-VIIІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 140-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың келесі санаттарына бір рет көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні - 15 ақпан:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқалармен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, оны аяқтау уақытына дейін көпбалалы отбасыларға (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуе айлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылары мен қызметшілеріне – 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балаларына (тәрбиеленушiлерiне) және юнгалар ретiнде болған адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр:

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануында болған адамдарға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарымен сотталған адамдарға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндерде болған адамдарға – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      орталық одақтық органдардың шешімі бойынша қуғын-сүргiндердiң қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты - мемлекеттік қауiпсiздiк министрлiгi – КСР Одағы ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа да органдарда болған адамдарға – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні - қазан айының екінші жексенбісі:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) және бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерде болған адамдарға – 55 (елу бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) пайда болу орны бойынша өмірлік қиын жағдайда қалған сәтінен бастап үш ай ішінде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;

      3) туберкулезбен ауыратын, амбулаторлық емделу кезеңіндегі адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылады;

      4) адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балалар (балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде) жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен екі еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады;

      5) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары ЖСН, ТАӘ, шотын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесінде белгіленген Аурулардың халықаралық жіктелім кодтарына сәйкес электрондық түрде ұсынады. Тізімді ұсыну мерзімі әр айдың 20-сы күніне дейін;

      6) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік шамасынан аспайтын адамдарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі;

      7) әлеуметтік маңызы бар аурудың қатерлі ісіктермен диспансерлік есепте тұрып ем алып жатқан адамдарға медициналық мекеменің анықтамасы негізінде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;

      8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;

      9) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауына байланысты әлеуметтік көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу арқылы мәлімет алу, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;

      11) мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің (бұдан әрі – алып жүруші) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеу;

      12) жасы бойынша зейнеткерлерге жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда жыл сайын санаторий-курорттық жолдама беру арқылы санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды. "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабында мәртебесі белгіленген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 000 000 (бес миллион) теңгені құрайды.

      Жергілікті атқарушы орган шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығы негізінде есептеледі. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырдағы № 32609 болып тіркелді).

      Отбасының құрамы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес айқындалады.

      Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісін есептеу кезеңіндегі отбасының жиынтық кірісі көрсетілген кезеңдегі (өткен тоқсан) айлардың санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.Отбасы құрамы мен кірісі туралы мәліметтерді АИС "Е-Собес" ден АИС "Социальная помощь" бастамасы арқылы жасалады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Абай облысының жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламаларды

      үйлестіру басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________А.Нурлыбек

      2025 жылы "__"_______________

О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 12 октября 2023 года № 7/93-VІІІ "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Аягозского районного маслихата области Абай от 7 февраля 2025 года № 22/411-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 18 февраля 2025 года № 421-18

      Аягозский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аягозского районного маслихата "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 12 октября 2023 года №7/93-VІII (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 140-18) следующие изменения:

      пункт 6 приложения к указанному решению изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь предоставляется без учета среднедушевого дохода к праздничным дням единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР) (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистане с территории бывшего Союза ССР - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время - в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателя;

      2) Международный женский день - 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать героиня" а также награжденные орденами "Материнская слава" І и ІІ степени - 5 (пять) месячных расчетных показателя;

      многодетным семьям имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей а также детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях образования до времени их окончания (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) - 5 (пять) месячных расчетных показателя;

      3) День Победы - 9 мая:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны и лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов - в размере 5 000 000 (пять миллионов) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота, в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главного северного морского пути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполняли задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателя;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лицам, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшим действовавшие воинские контингенты в других странах и которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателя;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф, и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей - в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателя;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения - в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателя;

      4) День памяти жертв политических репрессий и голода - 31 мая:

      лицам, подвергшимся репрессиям советскими судами и другими органами за пределами бывшего Союза ССР – в размере 7 (семь) месячных расчетных показателя;

      лицам, осужденных военными трибуналами действующей армии во время второй мировой войны (гражданских лиц и военнослужащих) – в размере 7 (семь) месячных расчетных показателя;

      лицам, подвергшимся репрессиям после призыва для прохождения воинской службы за пределы Казахстана – в размере 7 (семь) месячных расчетных показателя;

      лицам, подвергшимся репрессии по решениям центральных союзных органов: Верховного Суда Союза ССР и его судебных коллегий, коллегии Объединенного государственного политического управления Союза ССР, особого совещания при Народном Комиссариате Внутренних дел-Министерстве государственной безопасности-Министерстве внутренних дел Союза ССР, Комиссии Прокуратуры Союза ССР и Народного комиссариата внутренних дел Союза ССР по следственным делам и других органов – в размере 7 (семь) месячных расчетных показателя;

      лицам, подвергшимся насильственному противоправному переселению в Казахстан и из Казахстана на основании актов высших органов государственной власти Союза ССР – в размере 7 (семь) месячных расчетных показателя;

      детям жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на спецпоселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без попечения родителей или одного из них – в размере 7 (семь) месячных расчетных показателя;

      5) День лиц с инвалидностью Республики Казахстан второе воскресенье октября месяца:

      детям с инвалидностью в возрасте до 18 лет (одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью) и лицам с инвалидностью первой, второй группы - в размере 5 (пять) месячных расчетных показателя;

      6) День Независимости – 16 декабря:

      лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел – в размере 55 (пятьдесят пять) месячных расчетных показателя.";

      пункт 7 приложения к указанному решению изложить в новой редакции:

      "7. Социальная помощь оказывается отдельным категориям нуждающихся граждан единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия;

      причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие пожара;

      наличие социально значимого заболевания;

      наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами, в кратном отношении к прожиточному минимуму;

      сиротство,  отсутствие родительского попечения;

      неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом;

      освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации.

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, в течении трех месяцев с момента наступления данной ситуации предоставляется единовременно без учета среднедушевого дохода;

      3) лицам, больным туберкулезом, находящимся на амбулаторном этапе лечения, предоставляется ежемесячно без учета среднедушевого дохода в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей;

      4) детям до восемнадцати лет, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, состоящих на диспансерном учете по соответствующему заболеванию в медицинских организациях, предоставляется ежемесячно, без учета среднедушевого дохода в двукратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      5) списки получателей социальной помощи при наличии социально значимого заболевания предоставляются в электронном виде организациями здравоохранения в соответствии с Кодами международной классификации болезней, установленных перечнем социально значимых заболеваний приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан, с указанием ИИН, ФИО, счет. Срок предоставления списка в срок до 20 числа каждого месяца;

      6) лицам (семьям), со среднедушевым доходом за квартал, предшествующим кварталу обращения, не превышающим порога однократной величины прожиточного минимума предоставляется единовременно;

      7) лицам, при наличии социально значимого заболевания с злокачественными новообразованиями на основании справки с медицинского учреждения о прохождении лечения, единовременно без учета среднедушевого дохода;

      8) лицам, неспособным к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, единовременно без учета среднедушевого дохода;

      9) для получения сведения для оказания социальной помощи в связи с сиротством, отсутствием родительского попечения инициируется запрос в информационные системы государственных органов, единовременно без учета среднедушевого дохода;

      10) освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации, единовременно без учета среднедушевого дохода;

      11) возмещение стоимости пребывания одного из законных представителей, сопровождающих ребенка с инвалидностью на санаторно-курортное лечение (далее – сопровождающий), в санаторно-курортной организации в размере семидесяти процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения, определяемой уполномоченным органом в области социальной защиты населения;

      12) пенсионерам по возрасту предоставляется санаторно-курортное лечение путем предоставления санаторно-курортной путевки ежегодно без учета среднедушевого дохода.";

      пункт 8 приложения к указанному решению изложить в новой редакции:

      "8. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      Предельный размер социальной помощи составляет 100 (сто) месячных расчетных показателей. Для ветеранов Великой Отечественной войны, статус которых определен статьей 4 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", предельный размер социальной помощи составляет 5 000 000 (пять миллионов) тенге.

      Среднедушевой доход семьи для оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных исполнительных органов исчисляется на основе приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 мая 2023 года № 181 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2023 года № 32609).

      Состав семьи определяется в соответствии с пунктом 10 Правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи.

      Среднедушевой доход семьи рассчитывается путем деления совокупного дохода семьи за расчетный период (предыдущий квартал) на количество месяцев в указанном периоде (три месяца) и число членов семьи.

      Получение сведении о доходе и о составе семьи инициируются путем запроса из АИС "Е-Собес" в АИС "Социальная помощь.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аягозского районного маслихата
      А. Ибрайшин

 

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Управления

      координации занятости и социальных

      программ области Абай"

      ________________А.Нурлыбек

      "___"________________2025 года