Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мақаншы ауданы мәслихатының "Мақаншы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2024 жылғы 8 қарашадағы № 13-84/VIIІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 369-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2025 жылы 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш, 2026 жылы 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
Б. Биболов |