"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына, амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдер мен медициналық бұйымдарды беру туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 19-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28970 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық мәслихаты төрағасының | |
міндетін атқарушы | М. ШАЛКАРБЕКОВ |