Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-66 "Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №190231 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |