Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2- тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейнеу ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 14/119 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4680-12 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы | А. Бораш |
