"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" 2015 жылғы 3 маусымдағы № 125 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5668 болып тіркелген);
2) "Әкімдіктің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 125 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 14 қарашадағы № 304 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6726 болып тіркелген).
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Таукенов |