Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің "Қамысты ауданының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 127 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24517 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты ауданының әкімі | Е. Жаулыбаев |