Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 67 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 29 сәуірде № 10452-10 болып тіркелді

      Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6412 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялағаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданының әкімі Р. Халыков

  Қарабалық
  ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы 25 сәуірдегі
  № 67 қаулысына
  қосымша
  Қарабалық
  ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 4 мамырдағы
  № 91 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      5) кітапханашы;

      6) библиограф;

      7) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      9) хореограф;

      10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      11) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;

      12) дыбыс режиссері;

      13) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

      14) музыкалық жетекші;

      15) аккомпаниатор;

      16) ұжым (үйірме) басшысы.

      3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) әдіскер;

      3) нұсқаушы-спортшы.

О внесении изменений в постановление акимата Карабалыкского района от 4 мая 2016 года № 91 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки"

Постановление акимата Карабалыкского района Костанайской области от 25 апреля 2025 года № 67. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 29 апреля 2025 года № 10452-10

      Акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Карабалыкского района "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки" от 4 мая 2016 года № 91 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6412) следующие изменения:

      заголовок указанного постановления изложить в новой редакции:

      "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности";

      пункт 1 указанного постановления изложить в новой редакции:

      "1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложению.";

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата Карабалыкского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карабалыкского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карабалыкского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карабалыкского района Р. Халыков

  Приложение
  к постановлению акимата
  Карабалыкского района
  от 25 апреля 2025 года
  № 67
  Приложение
  к постановлению акимата
  Карабалыкского района
  от 4 мая 2016 года
  № 91

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Должности специалистов в области социального обеспечения:

      1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) заведующий отделением надомного обслуживания, являющийся структурным подразделением организации районного значения;

      3) социальный работник по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах;

      4) социальный работник по уходу за престарелыми и лицами с инвалидностью;

      5) социальный работник по уходу за детьми с инвалидностью и лицами с инвалидностью старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями;

      6) специалист по социальной работе;

      7) консультант по социальной работе.

      2. Должности специалистов в области культуры:

      1) руководитель (директор) государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) заместитель руководителя (директора) государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      3) художественный руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      4) заведующий (руководитель) библиотекой государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      5) библиотекарь;

      6) библиограф;

      7) художники всех наименований (основных служб);

      8) методист всех наименований (основных служб);

      9) хореограф;

      10) культорганизатор (основных служб);

      11) учителя казахского, русского, английского языков;

      12) звукорежиссер;

      13) инженер всех наименований (основных служб);

      14) музыкальный руководитель;

      15) аккомпаниатор;

      16) руководитель коллектива (кружка).

      3. Должности специалистов в области спорта:

      1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) методист;

      3) инструктор-спортсмен.