Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 29/131-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 18 сәуірде № 6685-13 болып тiркелдi

      "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы Г. Сарсенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының
полиция департаменті"
мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының
цифрландыру, мемлекеттік
қызметтер көрсету және
архивтер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

  Түркістан қалалық
мәслихатының
2025 жылғы 18 сәуірдегі
№29/131-VIII шешіміне
қосымша

Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 21) тармақшасына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Түркістан қаласы бейнемониторингінің бірыңғай жүйесі - қалалық міндеттерді шешу үшін бейнеаналитиканы қалыптастыру қызметтері мен Түркістан қаласы бойынша бейнекескіндерді жинау, өңдеу және сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығын білдіретін ақпараттық жүйе;

      2) Бейнемониторинг орталығы - Түркістан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы.

      3. Бейнекамераларды орнату және бейнеағымдарды "Түркістан қаласы бейнемониторингінің бірыңғай жүйесіне" шығару – адамдардың бет-әлпетін детекциялау, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану және ахуалдық талдау жұмыстарының мақсатты міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Азаматтар көп жиналатын орындардағы бейнекамераларға қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы №69-қе бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымшада көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келуге тиіс.

      5. Адамдар көп жиналатын террористік тұрғыдан осал объектілерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 "Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарының 5-тармағына сәйкес келетін объектілер жатады.

      6. Осы Қағидалар Түркістан қаласында азаматтар көп жиналатын орындарда жаңадан орнатылған бейнебақылау жүйелеріне қолданылады. Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін жеке меншік ұйымдардың бұрын орнатылған бейнекамералары. меншік иелерінің келісімі болған жағдайда бейнебақылау жүйесімен жаңғыртылады.

      7. Шұғыл сипаттағы жағдайларды анықтау және растау үшін бейнекамераларға бейнемониторинг орталығының операторлары қол жеткізеді. Операторлардың бейнебақылау камераларына қолжетімділігін пайдалану бойынша жауапкершілігі бейнемониторинг орталығы қызметінің ішкі регламенті бойынша белгіленеді. Құқық қорғау және арнайы органдардың қолжетімділігі қолданыстағы дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Бейнекамераларды орнатудың жалпы ережелері

      8. Бейнекамераларды орнату кезінде келесі факторларды сақтау талап етіледі:

      1) бейнекамера бейнесінің желден және дірілден, көлік құралдарының өтуінен шайқалуын болдырмау үшін нық бекіту. Бейнекамераның дірілдеуі кадрдың сызықтық өлшемінен 1 пайыздан артық бейненің ығысуына әкелмеуі тиіс;

      2) бейнекамераларды кадр мен бақыланатын объектілерді жарықтандырудың біркелкілігін ескере отырып орналастыру;

      3) табиғи немесе жасанды жарық көздерінің бейнекамера объективіне бағытталуына жол бермеу.

      9. Бейнекамера көрінісінде шолуды жабатын заттарды алып тастау қажет. Бейнеаналитика модульдерінің құралдарымен телевизиялық экрандар, интерактивті жарнама қалқандары, айналмалы есіктер, эскалаторлар, тербелмелі бұтақтар және егер бұл нысандар бақылау мақсаты болып табылмаса, тұрақты қозғалыс жасайтын басқа да нысандардың аймақтарын шектеу қажет.

      10. Азаматтар көп жиналатын орындарда бейнебақылау мониторингін жүргізу адамдарды детекциялау, көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану және ахуалдық талдауды тану үшін технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Бет-әлпетті детекциялау технологияларын қолдану үшін бейнекамералар орнату

      11. Адамдарды детекциялау модулін пайдалану үшін бейнекамераларды орнату кезінде келесі шарттарды сақтау қажет:

      1) қондырғының оңтайлы биіктігі - 2.2 метр, ең төменгі биіктігі - 1.8 метр, ең жоғары биіктігі - 4 метр;

      2) тұлғаларды анықтау бөлігінде көлбеу бұрышы - 10 градус шегінде;

      3) қондырғы бұрышы - 5 градус;

      4) объект бейнекамера бағытында алға жылжитын орын таңдау;

      5) фронтальды ракурстың алдыңғы - кадрларының ең аз арақашықтық 80 пиксельден кем емес;

      6) бейнекамераларды бекіту кадрдың сызықтық өлшемдерінен кадрдағы бейненің ығысуының 0,5 пайызынан аспауын қамтамасыз етеді;

      7) тұлғаларды кадрларда фронталды түсіру;

      8) өткізу режиміндегі бақылау аймағының ені - қондырғы орнынан 4 метрге дейін, ағынды режимдегі бақылау аймағының ені - орнату орнынан 4 метрден бастап;

      9) бақылау аймағының барлық кезеңінде бет жарықтылығының тұрақты деңгейі бар үй-жайды біркелкі жарықтандыру;

      10) электрондық бекітпенің жылдамдығының мәні - 1/100 секундтан;

      11) кадрдағы бет-әлпетті ұлғайту үшін бейнекамераның шолу аумағын азайту.

      12. Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану модулін пайдалану үшін бейнекамераларды орнату кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:

      1) автомобиль жолындағы қондырғының биіктігі - 6 метрден 15 метрге дейін;

      2) өткізу жүйесіндегі қондырғының биіктігі - 0,8 метрден 2 метрге дейін (жанында немесе шлагбаумның астында);

      3) жол төсеміне қатысты бейнекамера орнату бұрышы - нөмірдің тік ауытқу бұрышы - 20 градустан аспайды (оңтайлы - 15 градус);

      4) жол жиегіне қатысты бейнекамера орнату бұрышы - нөмірдің көлденең ауытқу бұрышы - 30 градустан аспайды (оңтайлы - 10 градус);

      5) жол төсемінің жазықтығына қатысты автомобильдің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің рұқсат етілген еңісі - 5 градустан аспайды (сағат тілімен, сағат тіліне қарсы);

      6) кадрдағы нысаналы объектілердің мөлшері - ені бойынша кемінде 150 пиксель, биіктігі бойынша кемінде 20 пиксель;

      7) бейнекамераны бекіту кадрдың сызықтық өлшемдерінен кадрдағы бейненің 0,5 пайыздан аспайтын ығысуын қамтамасыз етеді;

      8) бақылау аймағының ені (автотрасса) - кемінде 3 метр (оңтайлы 11 метр);

      9) кешкі және түнгі уақытта мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қосымша аумағын инфрақызыл жарықтандыруды пайдалану;

      10) бейнекамера объективіне тікелей күн сәулесінің түсуіне жол берілмейді:

      кемінде 100 люкс (сағатына 30 километрге дейінгі жылдамдық үшін);

      кемінде 200 люкс (сағатына 30 километрден бастап және одан жоғары жылдамдық үшін);

      11) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шағылысуы - кемінде 15 процент;

      12) анықталатын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бөгде объектілермен (жаяу жүргіншілер өткел аймағы, қоғамдық көлік аялдамалары және басқалар) жабылуын болдырмау;

      13) бейнекамерадан анықталатын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне дейінгі қашықтық қажетті фокустық қашықтыққа объективті іріктеу арқылы айқындалады;

      14) объектив бекітілетін бейнекамераны пайдалану кезінде нық бекітілген объектив қолданылады;

      15) жарық бергіштердің немесе фаралардың қарама-қарсы шағылысуын болдырмау үшін кең динамикалық диапазон функциясын пайдалану.

      13. Ахуалдық талдауды тану модулін пайдалану үшін бейнекамераларды орнату кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:

      1) талап етілетін биіктігі -

      - "Қозғалыс детекциясы, сызықтардың қиылысуы, аймақтағы қозғалыс" үшін: ең төменгі - 3 метр, оңтайлы - 5 метр;

      - "Адамның суға құлауын детекциялау" үшін ең төменгі - 2.5 метр, оңтайлы - 4 метр;

      - "Адамдардың жиналуын детекциялау" ең аз - 4 метр, оңтайлы - 6 метр;

      - "Қалдырылған заттарды детекциялау" үшін ең төменгі - 3 метр, оңтайлы - 4 метр;

      2) қондыру бұрышы - 15 градустан кем емес және көкжиекке 75 градустан артық емес, оңтайлы бұрыш - көкжиекке 35 градус (қапталдық шолу);

      3) кадрдағы нысаналы объектілердің мөлшері (қозғалыстағы объектілердің детекциясы) - қозғалыстағы объектілердің ең аз ауданы: 256 пиксель (шартты шаршы 16х16 пискель);

      4) кадрдағы нысаналы объектілердің мөлшері (қалдырылған заттардың детекциясы) - детекция үшін қалдырылған заттардың ең аз ауданы: 2025 пиксель (шартты шаршы 45х45 пиксель);

      5) бейненің желден және дірілден ығысуын барынша азайту үшін нық бекітілген бекітпені пайдалану;

      6) жарық жеткіліксіз және қараңғыланған учаскелері бар жерлерде бейнекамералар орнатуды болдырмау немесе қосымша жарықтандыру орнату;

      7) тәулік бойы бақылау кезінде кадрларды түнгі уақытта жарықтандыруды ескеру қажет.

4-тарау. Меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда мониторинг жүргізу

      14. Бейне ағындардың мониторингі Түркістан қаласы бейнемониторингінің Бірыңғай жүйесі платформасында бейнеаналитиканың автоматтандырылған технологияларын қолдану есебінен жүзеге асырылады.

      15. Түркістан қаласы бейнемониторингінің Бірыңғай жүйесі әртүрлі объектілерде орнатылған, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығында тиесілі қолданыстағы бейнебақылау жүйелерін біріктіруді көздейді.

      16. Түркістан облысы полиция Департаментінің жедел басқару орталығы Түркістан қаласының сауда-ойын-сауық сипатындағы коммерциялық объектілерінің бейнекамераларынан азаматтар көп жиналатын орындардың, қоғамдық орындар мен кіру топтарынан бейнеағымдарды жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асырады.

      17. Коммерциялық объектілердің бейнебақылау жүйелерін қосу деректерді беру желісі операторларының байланыс арналарын пайдалана отырып, Түркістан қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

      18. Бейнебақылаудың әртүрлі жүйелерінен бейнеағымдарын жинау негізінен мемлекеттік органдардың Бірыңғай көлік ортасының қорғалған арналары бойынша жүзеге асырылады. Басқа байланыс арналарын пайдаланған жағдайда, ақпараттық қауіпсіздік құралдары және контурды бейнеағымдарға рұқсатсыз қосылудан қорғауды ұйымдастыру қолданылады.

      19. Серверлік және телекоммуникациялық жабдық істен шығуға төзімділігі жоғары серверлік үй-жайда орналастырылуы тиіс. Түркістан қаласы бейнемониторингінің Бірыңғай жүйесінің істен шығуға төзімділік деңгейін арттыру үшін бірнеше серверлік үй-жайларда серверлік жабдықты орналастырудың бөлінген моделін қолдануға жол беріледі.

      20. Бейнеаналитика түтінді, отты, қалдырылған заттарды, желілерді қиып өтуді, табиғи және техногендік сипаттағы шұғыл оқиғаларды тану, киімді, жынысты, адамдарды тану технологиялары негізінде қалыптасады. Тұлғаны тану технологиясын қолдана отырып талдау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы органмен келісу бойынша қолданылады.

      21. Бейнеаналитика нәтижелері оқиға түрінде қалыптастырылады және оқиғаның шұғыл мәртебесін растау үшін бейнемониторинг орталығының диспетчерлеріне өңдеуге жіберіледі.

      22. Бейнемониторинг орталығының диспетчері алынған деректерге шұғыл оқиғаның туындау фактісіне талдау жүргізеді.

      23. Оқиғаның шұғыл мәртебесі расталған жағдайда, диспетчер жедел түрде тиісті шұғыл қызметтерді (өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, төтенше жағдайлар бөлімшесі) хабардар етеді. Оқиғаны өңдеу уақыты және шұғыл қызметтерге хабарлау, сондай-ақ бейнемониторинг орталығы диспетчерінің шұғыл сигнал беру жөніндегі жауапкершілігі бейнемониторинг орталығының жұмыс істеуінің ішкі регламентімен айқындалады.

      24. Оқиғаның шұғыл мәртебесі расталмаған жағдайда, диспетчер алынған ақпаратты электрондық мұрағатқа жібереді.

Об утверждении правил установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан на территории города Туркестана при наличии согласия собственников

Решение Туркестанского городского маслихата Туркестанской области от 18 апреля 2025 года № 29/131-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 18 апреля 2025 года № 6685-13

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 8 Закона Республики Казахстан "Об особом статусе города Туркестана", Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить правила установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан на территории города Туркестана при наличии согласия собственников согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата Г. Сарсенбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
государственное учреждение
"Департамент полиции
Туркестанской области"

      "СОГЛАСОВАНО"
государственное учреждение
"Управление цифровизации
оказания государственных
услуг и архивов
Туркестанской области"

  Приложение к решению
Туркестанского городского
маслихата
от 18 апреля 2025 года №29/131-VIII

Правила установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан на территории города Туркестана при наличии согласия собственников Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан на территории города Туркестана при наличии согласия собственников (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 21) статьи 9 Закона Республики Казахстан "Об особом статусе города Туркестана" и Законом Республики Казахстан "Об информатизации" и определяют порядок установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан на территории города Туркестана при наличии согласия собственников.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Единая система видеомониторинга города Туркестан – информационная система, представляющая собой совокупность программных и технических средств, осуществляющих сбор, обработку и хранение видеоизображений по городу Туркестан и реализующая функции формирования видеоаналитики для решения городских задач;

      2) Центр видеомониторинга - Центр оперативного управления Департамента полиции Туркестанской области.

      3. Установка видеокамер и вывод видеопотоков в "Единую систему видеомониторинга города Туркестан" осуществляется под целевые задачи работы видеоаналитики - детекции лиц, распознавания государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств и ситуационной аналитики.

      4. Технические требования к видеокамерам в местах массового скопления граждан должны соответствовать минимальным техническим условиям систем видеонаблюдения, предусмотренных Приложением 2 к Правилам функционирования Национальной системы видеомониторинга, утвержденных приказом Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 октября 2020 года № 69-қе (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №21693).

      5. К объектам массового скопления людей, уязвимым в террористическом отношении, относятся объекты, соответствующие пункту 5 Критериев отнесения объектов к уязвимым в террористическом отношении, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2021 года №234 "Об утверждении Правил и критериев отнесения объектов к уязвимым в террористическом отношении".

      6. Настоящие Правила распространяются на вновь установленные системы видеонаблюдения в городе Туркестан в местах массового скопления граждан. Ранее установленные видеокамеры частных организаций, не соответствующие требованиям Правил, модернизируется системой видеонаблюдения при наличии согласия собственников.

      7. Доступ к видеокамерам имеют операторы центра видеомониторинга для определения и подтверждения ситуаций экстренного характера. Ответственность операторов по использованию доступа к видеокамерам определяется внутренним регламентом функционирования центра видеомониторинга. Доступ правоохранительных и специальных органов обеспечивается в соответствии с действующим законодательством о персональных данных и их защите.

Глава 2. Общие правила к установке видеокамер

      8. При установке видеокамер требуется соблюдение следующих факторов:

      1) фиксированное крепление для устранения смещения изображения видеокамеры от ветра и вибрации, проезда транспортных средств. Смещение изображения не должно превышать 1 процент от линейных размеров кадра;

      2) размещать видеокамеры с учетом равномерности освещения кадра и наблюдаемых объектов;

      3) не допускать направление естественных или искусственных источников света в объектив видеокамеры.

      9. С поля зрения видеокамеры необходимо исключить предметы, перекрывающие обзор. Средствами модулей видеоаналитики необходимо ограничивать зоны телевизионных экранов, интерактивных рекламных щитов, вращающихся дверей, эскалаторов, качающихся веток и других объектов, создающих постоянное движение, если эти объекты не являются целью наблюдения.

      10. Проведение мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан осуществляется за счет применения технологий для детекции лиц, распознавания государственных регистрационных номерных знаков на транспортные средства и распознавания ситуационной аналитики.

Глава 3. Установка видеокамер для применения технологий детекции лиц

      11. При установке видеокамер для использования модуля детекции лиц необходимо соблюдение следующих условий:

      1) оптимальная высота установки - 2.2 метра, минимальная – 1.8 метра, максимальная – 4 метра;

      2) угол наклона в области определения лиц - в пределах 10 градусов;

      3) угол установки – 5 градусов;

      4) выбор расположения, при котором объект движется вперед в направлении видеокамеры;

      5) минимальное межзрачковое расстояние на стоп-кадрах лица фронтального ракурса: не менее 80 пикселей;

      6) фиксация видеокамер обеспечивает не более 0,5 процентов смещения изображения в кадре от линейных размеров кадра;

      7) фронтальная фиксация лиц в кадре;

      8) ширина зоны контроля в пропускном режиме – до 4 метров от места установки, ширина зоны контроля в потоковом режиме – от 4 метров от места установки;

      9) равномерное освещение помещения с постоянным уровнем яркости лица на всем протяжении зоны контроля;

      10) значение скорости электронного затвора – от 1/100 секунд;

      11) уменьшение области обзора видеокамеры для увеличения размера лиц в кадре.

      12. При установке видеокамер для использования модуля распознавания государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств необходимо соблюдение следующих условий:

      1) высота установки на автомобильной дороге – от 6 метров до 15 метров;

      2) высота установки на пропускной системе – от 0,8 метров до 2 метров (рядом или под шлагбаумом);

      3) угол установки видеокамеры относительно дорожного полотна – вертикальный угол отклонения номера – не более 20 градусов (оптимально – 15 градусов);

      4) угол установки видеокамеры относительно обочины дороги - горизонтальный угол отклонения номера – не более 30 градусов (оптимально – 10 градусов);

      5) допустимый наклон государственных регистрационных номерных знаков автомобиля по отношению к плоскости дорожного полотна - не более 5 градусов (по часовой, против часовой стрелки);

      6) размер целевых объектов в кадре - не менее 150 пикселей по ширине, не менее 20 пикселей по высоте;

      7) фиксация видеокамеры обеспечивает не более 0,5 процентов смещения изображения в кадре от линейных размеров кадра;

      8) ширина зоны контроля (автотрасса) – не менее 3 метров (оптимально 11 метров);

      9) при распознавании государственных регистрационных номерных знаков в вечернее и ночное время использовать дополнительную инфракрасную подсветки области государственных регистрационных номерных знаков;

      10) не допускается попадание прямых солнечных лучей в объектив видеокамеры:

      не менее 100 люкс (для скорости до 30 километров в час);

      не менее 200 люкс (для скорости от 30 километров в час и выше);

      11) контрастность государственного регистрационного номерного знака – не менее 15 процентов;

      12) избегать перекрытие распознаваемых государственных регистрационных номерных знаков посторонними объектами (зона пешеходных переходов, остановок общественного транспорта и другое);

      13) расстояние от видеокамеры до распознаваемых государственных регистрационных номерных знаков определяется подбором объектива к необходимому фокусному расстоянию;

      14) при использовании видеокамеры с креплением объектива применяется фиксированный объектив;

      15) использовать функцию широкого динамического диапазона для удаления засветов или бликов от встречных огней фар.

      13. При установке видеокамер для использования модуля распознавания ситуационной аналитики необходимо соблюдение следующих условий:

      1) требуемая высота –

      – для "Детекции движения, пересечения линий, движения в зоне": минимальная – 3 метра, оптимальная – 5 метров;

      – для "Детекции падения человека в воду": минимальная – 2.5 метра, оптимальная – 4 метра;

      – для "Детекции скопления людей": минимальная – 4 метра, оптимальная – 6 метров;

      – для "Детекции оставленных предметов": минимальная – 3 метра, оптимальная – 4 метра;

      2) угол установки – не менее 15 градусов и не более 75 градусов к горизонту, оптимальный угол – 35 градусов к горизонту (боковой обзор);

      3) размер целевых объектов в кадре (детекция объектов в движении) - минимальная площадь движущихся объектов: 256 пикселей (условный квадрат 16х16 писклей);

      4) размер целевых объектов в кадре (детекция оставленных предметов) - минимальная площадь оставленных предметов для детекции: 2025 пикселей (условный квадрат 45х45 пикселей);

      5) использовать фиксированное крепление для минимизации смещения изображения от ветра и вибрации;

      6) исключить установку видеокамер в местах с недостаточной освещенностью и наличии затемненных участков, либо установить дополнительное освещение;

      7) при круглосуточном наблюдении необходимо учесть освещение кадра в ночное время.

Глава 4. Проведение мониторинга в местах массового скопления граждан при наличии согласия собственников

      14. Мониторинг видеопотоков осуществляется на платформе Единой системы видеомониторинга города Туркестан за счет применения автоматизированных технологий видеоаналитики.

      15. Единая система видеомониторинга города Туркестан предусматривает объединение существующих систем видеонаблюдения, установленных на различных объектах, в том числе принадлежащих на праве собственности физическим и юридическим лицам.

      16. Центр оперативного управления Департамента полиции Туркестанской области осуществляет сбор, обработку и хранение видеопотоков с видеокамер коммерческих объектов города Туркестан торгово-развлекательного характера в местах массового скопления граждан, общественных местах и входных группах.

      17. Подключение систем видеонаблюдения коммерческих объектов производится с использованием каналов связи операторов сети или каналами связи государственного органа передачи данных за счет средств местного бюджета города Туркестан.

      18. Сбор видеопотоков с различных систем видеонаблюдения осуществляется преимущественно по защищенным каналам Единой транспортной среды государственных органов. В случае использования других каналов связи, применяются инструменты информационной безопасности и организация защиты контура от несанкционированного подключения к видеопотокам.

      19. Серверное и телекоммуникационное оборудование должно быть размещено в серверном помещении с высоким показателем отказоустойчивости. Для повышения уровня отказоустойчивости единой системы видеомониторинга города Туркестан допускается применение распределенной модели размещения серверного оборудования в нескольких серверных помещениях.

      20. Видеоаналитика формируется на основе технологий распознавания дыма, огня, оставленных предметов, пересечений линий, экстренных событий природного и техногенного характера, распознавания одежды, пола, лиц в полном соответствии с действующим законодательством. Аналитика с применением технологии распознавания лиц применяется по согласованию с органом в сфере обеспечения национальной безопасности.

      21. Результаты видеоаналитики формируются в виде событий и направляются на обработку диспетчерам центра видеомониторинга для подтверждения экстренного статуса события.

      22. Диспетчер центра видеомониторинга производит анализ полученных данных на факт возникновения экстренного события.

      23. В случае подтверждения экстренного статуса события, диспетчер оперативно уведомляет соответствующие экстренные службы (противопожарная служба, полиция, скорая медицинская помощь, подразделение по чрезвычайным ситуациям). Время обработки события и уведомление экстренных служб, а также ответственность диспетчера центра видеомониторинга по передаче экстренного сигнала определяется внутренним регламентом функционирования центра видеомониторинга.

      24. В случае отсутствия подтверждения экстренного статуса события, диспетчер направляет полученную информацию в электронный архив.