Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы шiлденiң 20-ындағы "Қызмет бабымен шетелге шығу тәртiбi және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуына бақылау жасауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 630 P930630_ Қаулысын жариялай отырып бұйырамын:
1. Iшкi iстер органдарында қызмет бабымен шетелге шығуға арналған құжаттарды қабылдау, ресiмдеу және беру тәртiбi туралы Нұсқау бекiтiлсiн.
2. Алматы қалалық IIББ, облыстардың, Ленинск қалалық IIБ, көлiктегi IIБ бастықтары шетелге шығуды ресiмдеу жөнiндегi жұмысқа қатысы бар жеке құрамның аталған Нұсқауды оқып бiлуiн ұйымдастырып, зачет қабылдасын және оның орындалуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Паспорт және виза жұмыстары басқармасы (Мұсаев Ө.К.) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнен құжаттарды қабылдап алуды ұйымдастырсын және 1993 жылғы қазанның 1-iнен бастап Қазақстан Республикасы IIМ-нiң Орталық аппаратында Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша, ал облыстық IIБ-ның бастықтары паспорт және виза жұмыстары бөлiмiнде шет елге шығу құжаттарын ресiмдеудi және берудi ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң, атқаратын лауазымына
қарамастан, шетелге қызмет бабындағы iссапарға шығуы тек Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оның мiндетiн атқарушы адамның
рұқсатымен ғана жүзеге асырылсын.
5. Қазақстан Республикасы IIМ бұрын шығарылған бұйрықтарына мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
1993 жылғы қаңтардың 22-iндегi N 38 бұйрыққа:
- IХ тарау күшiн жойғандықтан алып тасталсын;
- N 1 қосымша "10 Түркия" деген тармақпен толықтырылсын;
- N 2 қосымшадағы арыз иесiнiң қолы алдында:
"Анкетада бiле тұра жалған мәлiмет бергенi үшiн жауап беретiндiгi
туралы ескертiледi" деген сөздер қосылып жазылсын;
- N 2а Қосымшамен (қоса тiркелiп отыр) толықтырылсын;
- N 8 қосымша күшiн жойғандықтан алып тасталсын;
- N 10 қосымшада "______" сом Мемлекеттiк баж салығы
төлендi деген сөзден кейiн мынадай екi жолмен
толықтырылсын:
Шығуға арналған келiсiм бар
_____________N_________ _________________________
Облыстық (қалалық)
әкiмшiлiк өкiлiнiң қолы
Әрi қарай мәтiнi бойынша.
1993 жылғы маусымның 9-ындағы N 217 бұйрыққа:
- 4 тармақтағы "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шет елге турист ретiнде "шығу туралы материалдар бойынша белгiленген тәртiпте баяндалған оң пiкiрi бойынша деген сөйлемдегi "... және қызмет бабымен" деген сөз алынып тасталынсын, әрi қарай мәтiнi бойынша.
6. КСРО IIМ, КСРО СIМ, КСР МҚК 1989 жылғы қазанның 9-ындағы "Қызмет
бабымен шығу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар тапсыру тәртiбi туралы"
Нұсқауы күшiн жойды деп есептелiнсiн.
Министрдiң мiндетiн атқарушы
милиция генерал-майор
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
ҰҚК-мен келiсiлген IIМ 1993 жылғы қыркүйектiң
28-iндегi N 352 бұйрығына
N 1 қосымша
Iшкi iстер органдарында Қызмет бабымен шет
елге шығуға арналған құжаттарды қабылдау
ресiмдеу және беру тәртiбi туралы
Нұсқау
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы шiлденiң 20-ында "Қызмет бабымен шетелге шығу тәртiбi және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуына бақылау жасауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 630 Қаулы қабылдауына байланысты iшкi iстер органдарында қызмет бабымен шетелге шығу үшiн құжаттар ресiмдеудiң тәртiбi белгiлендi:
1. Жалпы азаматтық шетелдiк паспорттарды, шығатын елiне қарамастан, Iшкi iстер органдарында аумақтық принцип бойынша, ал Алматы қаласы мен Алматы облысына Қазақстан Республикасы IIМ-де ресiмдеп, берiледi.
2. Делегациялармен мамандардың қызмет бабымен шет елге шығуы туралы шешiмдi, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың басшылары қызметкерлердiң барлық санаттарына қатысты дербес өздiгiнен қабылдайды. Мемлекеттiк құпияның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында iссапарға жiберушi ұйымдар облыстық, ал Алматы, Ленинск қалаларында қалалық әкiмшiлiктер арқылы iссапарға шығатын қызметкерлердiң мемлекеттiк құпиядан хабардарлығын анықтау үшiн Ұлттық қауiпсiздiк органдарына өтiнiш жасайды. Ұлттық қауiпсiздiк органдары мұндай сауалдарға 15 күн iшiнде жауап бередi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының оң пiкiрi бес жыл бойы жарамды (егер iссапарға шығушы жұмыс орнын ауыстырмаса).
3. Шет елге шығуды ресiмдеу үшiн iссапарға жiберушi ұйым IIБ-на паспорт және виза жұмыстары бөлiмдерiне мынадай құжаттарды тапсырады.
- ұйымдардың басшылары немесе олардың орынбасарлары қол қойған және мөр соғылған әрi облыстың, Алматы, Ленинск қалалық әкiмшiлiктерiнiң шығуға келiсiмi туралы белгiсi көрсетiлген белгiленген үлгiдегi ұсыным (өтiнiш) Қазақстан Республикасы IIМ 1993 N 38 бұйрығына N 10 Қосымша ;
- қабылдаушы жақтың (түпнұсқасы және көшiрмесi) нотариус куәландырған аудармасы қоса тiркелген шақыру қағазы. Түпнұсқа iссапарға жiберушi ұйымға қайтарылады.
- өтiнiш анкета (N 2а қосымша; бекiтiлген нысандағы);
- шет елге iссапарларға жiберу туралы бұйрық;
- екi фотосурет,
- азаматтығы туралы белгiсi бар iшкi паспорты;
- мемлекеттiк баж салығы және визалық жұмыстарға төленгендiгi туралы квитанция.
Барлық қажеттi материалдар қабылданғаннан кейiн құжаттар Қазақстан Республикасы IIМ 1993 жылғы N 38 бұйрығымен белгiленген тәртiпте IIБ-ң АЕО есебi бойынша тексерiледi.
Паспорт және виза жұмыстары бөлiмiнде құжаттарды ресiмдеу мерзiмi 10 күннен аспауы керек.
4. "_____________" дейiн шығуға болады" деген рұқсат белгiсi паспорт берiлген сәттен бастап бiр жыл мерзiмге ресiмделедi.
5. Визалық шығу тәртiбi белгiленген елдерге шығу құжаттарын алған соң
iссапарға жiберушi ұйымның өкiлдерi шығатын елге виза алу үшiн мыналарға
өтiнiш жасайды:
- шетел мемлекетiнiң елшiлiгiне, егер ол Алматы қаласында орналасқан
болса;
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық
басқармасына егер елшiлiк республикадан тыс жерде орналасқан болса.
6. Шет елге шығатындардың бәрiне iшкi iстер органдарында есеп
карточкалары толтырылады, онда паспорттың нөмiрi мен берiлген уақыты
жазылады, карточкалар IIБ-ның паспорт және виза жұмыстары бөлiмдерiнде
сақталады.
7. Шет елдiк паспорттың бланкiлерi мынадай формада тiркеледi:
_________________________________________________________________
Датасы|Паспорттың | Ф. А. Әкесiнiң аты |Баратын|iссапарға|паспорт
| нөмiрi | | елi |жiберушi |беруге
| | | | ұйым | негiз
_________________________________________________________________
Қызмет бабымен сапарға шығуға берiлген паспорттарға жеке есеп
жүргiзiледi.
8. Шетелдiк әрiптестердi Қазақстан Республикасына шақыру Қазақстан
Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы IIМ
паспорт және виза жұмыстары
басқармасы
Iссапарға жiберушi ___________________
ұйымның бланкiсi (облыс)
(штамп) IIБ бастығына
Шығыс N ___________
199___ж._____________"__"
______________________________________________беруге шетелдiк
(елдiң атауы)
паспорт ресiмдеудi сұраймыз
______________________________________________________________
1.____________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
4.____________________________________________________________
Қызмет бабындағы сапардың мақсаты_____________________________
______________________________________________________________
мына қалаларда болады_________________________________________
Шет елге бару 19____ж._________"___"________күнге көзделген.
________теңге мемлекеттiк баж салығы төлендi.
шығуға арналған келiсiм бар ____________________
____________N _____________ (облыстық)қалалық)
әкiмшiлiк өкiлiнiң қолы)
Датасы М.О. Ұйым басшысы
Қазақстан Республикасы IIМ
_______________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
_______________________________________________________________
(басқа фамилияда болсаңыз оны көрсетiңiз)
_______________________________________________________________
(туылған жылы, айы, күнi)
________________________________________________________________
(тұрақты мекен-жайы немесе тiркелген жерi)
телефондар: үй____________ жұмыс ______________
Шетелге iссапарға қызмет бабымен бару
үшiн паспорт беру жөнiнде
Өтiнiш - Анкета
_______________________________________________________________
(шақыратын ұйым)
шетелге____________________________________iссапарға қызмет
(ел)
бабымен бару үшiн паспорт ресiмдеудi сұраймын.
Бұрын шетелде____________________________________қашан болған
(ел)
___________________________.
Қазiргi кездегi жұмыс орны
_______________________________________________________________
ұйымның, мекеменiң атауы, | ұйымның мекен-жайы
лауазымы |
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Бiле тұра жалған мәлiмет бергенi үшiн жауап беретiндiгi
туралы ескертiлдi.
19___ж._________________ ________________
(қолы)
Анкета көрсетiлген мәлiмдемелер паспортымен, әскери
билетпен және еңбек кiтапшасымен салыстырылды.
199______ж. _____________________________
(ұйымның лауазымды
адамның қолы)
М.О. ұйым