1.1. Осы Нұсқаумен Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң жүйесi қару-жарақ пен оқ-дәрiнi алу, тасымалдау, сақтау, есеп жүргiзу және қолдану тәртiбiне бағындырылған.
1.2. Әскери иiр ойық ұңғылы қару-жараққа: жауынгерлiк үлгiдегi, немесе арнаулы тапсырыспен жасалған (пистолет, револьвер, винтовка, карабин, автомат) қарулары жатады.
1.3. Аңшылық қару-жараққа: аңшы карабинi, тегiс ойықты мылтық, "әдеттен тыс" бұрандалы (ұңғысының басында және түбiнде 100 - 140 мм ойықтары бар) тегiс және ойықты ұңғылы құрастырмалы мылтық, шағын калиберлi винтовка кiредi.
1.4. Калиберлi әртүрлi болып келетiн иiр ойықты қару-жарақ патрондары, сондай-ақ тегiс ұңғылы аңшы мылтығының патрондары және оталғыш ұнтақ (порох) дәрiге жатады.
II. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлiгiнiң қару-жарақ пен оқ-дәрiнi алу тәртiбi
2.1. Экология және биоресурстар министрлiгi, сондай-ақ оған бағынышты ведомстволық органдары Қазақстан Республикасының аумағындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау және Бақылау жасауды жүзеге асыруда мемлекеттiк инспекторларды қаруландыру үшiн N 1-шi қосымшада көрсетiлген тiзiмге сәйкес қару-жарақ пен оқ-дәрiнi алады.
2.2. Барлық қару-жарақ пен оқ-дәрiнi Iшкi iстер органдарының рұқсатымен алынып, Экология және биоресурстар министрлiгiнiң орталық аппаратында сақталады.
2.3. Әскери үлгiдегi қару-жарақ пен оқ-дәрiнi Қорғаныс министрлiгi арқылы орталықтандырылып алынады. Облыстық, сондай-ақ қалалық экология және биоресурстар басқармаларының бастықтары қажеттi қару пен оқ-дәрiнi саны көрсетiлген өтiнiштi үстiмiздегi жылғы маусымның 1-нен кешiктiрмей Экология және биоресурстар министрлiгiне жолдайды.
2.4. Бұл өтiнiштi экология және биоресурстар басқармасының атауы, оның мекен-жайы, индексi, алу мақсаты, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрiнi қажет ететiн команданың жалпы саны атап көрсетiледi.
Экология және биоресурстар министрлiгiне жолданатын өтiнiштi облыстың (қаланың) бас мемлекеттiк инспекторлары бекiтедi және мөр басу арқылы куәландырылады. Оған N 2-шi қосымшадағы үлгi бойынша мәлiметтер тiркеледi.
2.5. Өтiнiштердi Экология және биоресурстар министрлiгiне жолдаудан бұрын экология және биоресурстар басқармалары тұрған жерiндегi: Алматы қалалық iшкi iстер бас басқармасының, облыстардағы iшкi iстер басқармаларының, Ленинск қалалық iшкi iстер басқармасының басшыларымен алдын ала келiсiм жасауы тиiс және "рұқсат" деген арнайы мөрмен куәландырылуы қажет.
2.6. Экология және биоресурстар министрлiгi облыстық экология және биоресурстар басқармаларының мәлiметтерiнiң (N 2-шi қосымша) бiр данасын қоса тiркеп, шiлденiң 1-не дейiн жиынтық (сводная) өтiнiштi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне жолдайды.
2.7. Қорғаныс министрлiгi келiп түскен жиынтық өтiнiшке сәйкес қоршаған ортаны қорғау және пайдалануға бақылау жасау жөнiндегi бас басқармаға әскери округтердiң қоймаларынан қару-жарақ пен оқ-дәрi алуға рұқсат берiлген жылына бiр рет наряд жөнелтедi.
Iшкi iстер органдары көрсетiлген нарядтар негiзiнде қару-жарақ пен оқ-дәрiнi алуға рұқсат қағазын бередi.
2.8. Аңшылық ойықты қару-жарақтар Iшкi iстер органдарының рұқсатымен соларды шығаратын заводтардан алынады.
2.9. Қоршаған ортаны қорғау және пайдалануды бақылау жөнiндегi бас басқарманың қызметкерлерiн қаруландыруға арналған қару-жарақтың түрi мен саны қарулану тiзiмiне (N 1-шi қосымша) сәйкес Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiленедi.
III. Штаттағы қызмет бабындағы қару-жарақ пен
оқ-дәрiнi тасымалдау тәртiбi
3.1. Штаттағы қызмет бабындағы қару мен оқ-дәрiнi әуе, темiржол, су жолы және автомобиль транспортымен тасымалдау iшкi iстер органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Аудан, қала маңынан тасымалданған жағдайда қашықтығының қаншалықты екенiне қарамастан iшкi iстер органдарының рұқсаты талап етiлмейдi.
3.2. Бұрын қару-жарақ пен оқ-дәрiнi тасымалдаушы ұйымның жерiндегi iшкi iстер органы 3 ай мерзiм iшiнде рұқсат бередi.
3.3. Қару-жарақ пен оқ-дәрiнi тасымалдауға рұқсат ететiн ұйым басшысының жазбаша түрдегi өтiнiшi негiзiнде мыналар көрсетiледi:
- тасымалданатын жүктiң атауы мен саны;
- транспорт түрi мен бағыты; тасымалдаудың бастапқы және соңғы тiрегi (пунктi);
- жүктi тасымалдау мен жол бойы күзетуге жауапты адамның фамилиясы, аты-жөнi, төлқұжаттың нөмiрi мен сериясы.
Бұл жазбаша өтiнiшке қоса, әр қарудың завод таңбаланған нөмiрi мен маркасы көрсетiлген тiзiм де жiберiледi.
3.4. Ұйым басшысы қару-жарақ, оқ-дәрiнi аңшы мылтығына арналған оталғыш ұнтақтармен (порох) оқталған патрондарды автомобиль транспортымен тасымалдау кезiнде оған жауапты адамды тағайындайды және соған сәйкес жол бойы қорғап жүретiн қарулы күзетпен қамтамасыз етедi.
3.5. Қару-жарақ пен оқ-дәрiнi, сондай-ақ аңшы мылтығына арналып, оталғыш ұнтақтармен (порох) оқталған патрондарды автомобиль транспортымен тасымалдау кезiнде, егер, жол жүру 12 сағаттан асатын болса, ұйым басшысы жүкпен iлесiп жүруге кем дегенде қару жарағы бар екi адамды тағайындайды. Тасымалдауға жабық машина бөлiнуi керек. Ал оталғыш ұнтақтар (порох) болса, автомобильдiң еденiне киiз, болмаса басқа да жарамды материал төселедi.
Қару-жарақ пен оқ-дәрiнi сүргiш соғылатын, не-қорғасын мөр тағылатын жәшiктерге салынуы тиiс.
3.6. Темiржол мен су қатынасы жолы арқылы тасымалданатын оқ-дәрi мен оталғыш ұнтақтың (порох) қол жүгiнiң саны мынадай салмақтан аспауы тиiс:
3.6.1. Қару-жарақ пен газды қарудың барлық калибрлi патрондары - 10 кг.
3.6.2. Түтiнсiз оталғыш ұнтақ - 5 кг.
3.6.3. Түтiндi оталғыш ұнтақтан жасалған заттар - 5 кг.
3.6.4. Түтiндi оталғыш ұнтақ - 5 кг.
Ескерту: Қол жүгiн тасымалдауға рұқсат қағазында жүктiң ыдыссыз таза салмағы (металл гильзалар, жәшiк және басқа да жүк бұған кiрмейдi) ғана көрсетiледi.
3.7. Қару, оқ-дәрi, оталғыш ұнтақтарды (порох) почта арқылы жөнелтуге тиым салынады.
Ескерту: "Динамо" қоғамының, әскери аңшылар қоғамының, аңшылар және балықшылар қоғамының аудандық, қалалық, облыстық және республикалық басқармаларына мылтық жөндейтiн шеберханалар, не оны жасап шығарған завод мекен-жайына аңшы мылтығының кейбiр бөлшектерiн посылкамен салуға, болмаса олардан алуға рұқсат етiледi. Осы мәселе бойынша мылтық иелерi балықшылар мен аңшылардың тиiстi қоғамына хабарласқаны жөн.
3.8. Штаттағы қызмет бабындағы қару, оқ-дәрi, оталғыш ұнтақты (порох) қалалық транспортпен тасымалдау осы транаспорт түрiне белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Жөнелту, болмаса тасымалдау кезiнде қарудың оғы алынып, өзi арнайы қапқа, ал оқ-дәрiлер мықты жәшiктерге салынуы қажет.
IV. Қару-жарақ пен оқ-дәрiнi сақтау, есеп жүргiзу
және қолдану тәртiбi
4.1. Қару-жарақ осы Нұсқаудың 2.1. тармағындағы көрсетiлген мақсатпен алынған жағдайда ведомстволық түрге жатқызылады.
Осы Нұсқаудың 4.10. тармағында көрсетiлген жағдайдан басқа орынсыз қолдануға, басқа бөгде адамға беруге, бiреуге сатуға, қызметкердiң үйiнде сақтауына тиым салынады.
4.2. Алуға, қажет болған жағдайда тасымалдауға рұқсатты қару мен оқ-дәрiнi босататын ұйымның тұрған жерiндегi iшкi iстер органы бередi. Ведомстволық қару-жарақ пен оқ-дәрiнi бiр ұйымнан екiншiсiне беру iсi қандай ведомстволық құрамда екенiне қарамастан тек iшкi iстер органдарының рұқсат етуiмен ғана жүргiзiледi. Қару, немесе оқ-дәрiнi берушi ұйым есепте тұрған қарудың санын, маркасын, әрбiр қарудың нөмiрiн, оқ-дәрiнiң саны мен калиберiн көрсетiп, iшкi iстер органына 15 күн iшiнде жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Қаруды сақтауға қажеттi құжаттарды қайта дайындау үшiн рұқсат сұраған қағаз хабарламамен бiрге тiркеледi.
4.3. Қару-жарақ сақтауға iшкi iстер органының қай күннен бастап күшiне енетiн уақыты көрсетiлген рұқсаты берiледi және ұйым жетекшiсiне, болмаса ол сенiп қолхат тапсырған өкiмiне төлқұжаты бойынша қару-жарақ босатылады. Қару-жарақты сақтауға рұқсат алған ұйым жетекшiсi ауысатын болса, рұқсат қағаздың пайдалану мерзiмi өтiп кеткен жағдайда, сондай-ақ ұйымның мекен-жайы, атауы, қарудың саны, немесе сақтайтын орны өзгерсе 10 күн мерзiм iшiнде iшкi iстер органында құжаттар қайта дайындалуы (толтырылуы) тиiс.
4.4. Ұйым жетекшiсi қару алған уақыттан бастап 10 күн мерзiм iшiнде оны сақтау үшiн iшкi iстер органынан рұқсат сұрауға мiндеттi. Қаруды сақтауға құқылы рұқсаттың негiзiне ұйым жетекшiсiнiң мына төмендегiдей мәлiметтерi атап көрсетiлуi қажет:
- алынған қару-жарақтың саны туралы (әр қарудың жүйесi, калиберi, нөмiрi, жасалған жылы);
- қаруды сенiмдi сақтау үшiн нақты жағдай туралы (орын-жайды баяндау, сақтаудың техникалық құрал-жабдығы, нақтылы күзет);
- қаруды сақтауға және қолдануға жауапты жетекшiсi қаруға рұқсаты бар адамдар, оған қоса күзет қызметшiлерi туралы (ф.а.ж, туған уақыты мен жерi, алдындағы еңбек қызметi жайында мәлiмет көрсетiлген жұмыста аталған адамның денсаулығы жарамды екенiн куәландыратын дәрiгерлiк қорытынды) наркологиялық, нерв жүйесi, диспансерлiк .
Қару-жарақ пен оқ-дәрiнi сақтау үшiн жауапты адамды тағайындау туралы ұйым жетекшiсi бұйрығының көшiрмесi өтiнiшке қоса тiркеледi.
4.5. Қару-жарақты сақтауға арналған орын-жайды (помещение) ашу кезiнде объектiнi ашушы ұйым, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесi мен ұйымның, мемлекеттiк өрт сөндiрудi бақылау органы мен милиция өкiлi құрамына кiретiн комиссия мүшелерi әзiрлеген орын-жайдың жарамдылығы туралы актiсi өтiнiшке қоса жiберiледi.
4.6. Ведомстволық қару-жарақты сақтау үшін рұқсат ішкі істер органында мекеме басқармасының бастығының атына үш жыл мерзімге беріледі.
4.7. Ведомстволық қару-жарақ және оның оқ-дәрiлерi арнаулы жабдықталған орындарда сақталады. Сондай-ақ төмендегiдей талаптарға сай болуы тиiс:
- еденi мен төбесi мықты, қабырғасы берiк, қызмет бабындағы және қосымша бөлмелерден мүлдем оңаша болуы тиiс, iшкi қабырғалары қалыңдығы 80 мм бетон панельмен қаланып, оның әр қайсысының арасы болат шарбақ, немесе қалыңдығы кем дегенде 120 мм кiрпiш қабырғамен, арматуралы металл тормен бөлiнуi керек. Бұрынғы салынған орындарды темiр шарбақпен қоса ағаш тақтаймен бөлуге рұқсат ететiн;
- мықты да берiк iлгектi екi есiгi болу керек. Оның сыртқысы қалыңдығы 40 мм-ден кем емес бiркелкi тақтайдан жасалып, екi жағы да төбеге жабатын цинктi қаңылтырмен қапталып, қаңылтырдың шетi есiктiң iшкi жағына қайырылады. Ал екiншi есiк орнына болат шарбақ орнатылады. Сыртқы есiк жақтаудан жабылатын екi құлыппен құлыпталып, қорғасын мөр тағылады. Ал iшкi шарбақты есiк жақтаудан жабылатын, немесе iлiп қоятын құлыппен бекiтiледi. Қару сақталатын орын-жайдың есiгiнiң жақтауы (кесегi) болат материалдан жасалады.
Бұрынғы салынған ғимараттарда қалыңдығы 5 мм, ұзындығы 30-40 мм бұрыштық материалмен бекiткен ағаш жақтау (кесек) қоюға рұқсат берiлетiн. Ол жақтау (кесек) ұзындығы 120-150 мм, диаметрi 10-12 мм болат арматурадан соғылатын 10 шегемен қабырғаға ойық арасына орнатылатын;
- терезенiң iшкi жағында, немесе әйнектi рамалар арасына шарбақтар қойылады. Егер, орын-жай 1-шi қабатта орналасса, терезе ойықтарының iшкi жағына темiр, не ағаш жақтау қойылып, екi жағы да цинктелген қаңылтырмен қапталған қақпақ орнатылады. Терезе ойығындағы шарбақтардың шабық ұштары қабырғаға кемiнде 80 мм тереңдiкке қағылып, ол бетон лаймен мықтап қатырылады. Ойықтағы терезе қақпақтары iлiп қоятын құлыппен бекiтiледi.
Есiк-терезе ойықтарына қоятын және қабырғаны сенiмдiрек ететiн орын-жайды бөлетiн шарбақтар диаметрi кемiнде 15 мм бiлеу болат шыбықтан жасалады. Шыбықтың әр қиылысқан тұсы дәнекерленiп 150х150 мм шаршы құрастырылады;
- қару мен оқ-дәрi сақталған шкаф пен темiр сейфтiң қақпағы ашылғанда, немесе оны бұзғанда, сондай-ақ орын-жайдың iшiне адам кiрген сәтте төбе мен еденнен, қабырға мен люктен, есiк пен терезеден электр көзiнiң қорабына жымын бiлдiрмей желi тартылған арнайы датчик қойылған өрттен сақтау дабылқақышы кем дегенде екi жерге орнатылады. Бұл орын-жайлар орталықтан бақылайтын пультке белгiленген тәртiпке сай қосылып, iшкi iстер органының күзет бөлiмiне тапсырылуы тиiс. Мұндай объектiлердi iшкi iстер органына орталықтан бақылау пультiндегi дабылқаққышқа қосуға мүмкiндiк болмаса, қатты үн шығаратын (сирена) қондырғыны орын-жайдың сыртқы қабырғасына бөлек орнатып, ұйымның жақын жердегi күзет орнына желi арқылы тартылады;
желдеткiш терезе, люк болған жағдайда осы жүйе арқылы бөгде бiреу кiре алмас үшiн көлемi 100х100 мм болат шарбақ қойылуы тиiс. Қабырғадағы инженерлiк тармақтар өткiзуге арналған тесiктердiң диаметрi 200 мм аспауы керек;
- қару-жарақ пен оқ-дәрi сақтау үшiн бөлмеде өртке қарсы қолданылатын құрал-сайман, нөмiрi мен қандай мөр басылғандығы көрсетiлген темiр жәшiк, сейф, шкафтар тiзiмi бар мүлiк хатталған журнал болуы керек;
- қару бөлмесi мен қару-жарақ, оқ-дәрi салынған темiр шкафтың (сейфтiң) екiден кiлтi болуға тиiс. Оның бiреуi қару-жарақ пен оқ-дәрi сақтауға жауапты адамда тұрақты жүрсе, екiншiсi - құтыға (пенал) салынады да аузына мөр басылып, сақтауға рұқсат берiлген ұйым жетекшiсiнде болады. Қару бөлмесiнiң, қару-жарақ оқ-дәрi салынған темiр шкафтардың кiлттерiн стол үстiнде, басқа орындарда тастап кетуге тиым салынады.
4.8. Қару-жарақтар мен оқ-дәрiлер берiк құлып орнатылған қабырғасының қалыңдығы кем дегенде 3 мм темiр шкафтарда (сейфтерде) сақталуы қажет. Шкаф қақпақтары берiк болуы үшiн болат жапсырма, немесе бұрыштық темiрмен бекiтiледi.
Шкаф қақпағының iшкi жағында қарудың нөмiрi жазылған тiзiм хаттама болуы тиiс.
Қару-жарақты бiр ғана құлпы бар ауыр сейфтерде сақтауға жол берiлмейдi.
4.9. Қару-жарақ пен оқ-дәрiнi бiрге сақтауға тиым салынады. Қару-жарақ қажеттi оқ-дәрiлер бөлек жердегi темiр жәшiкте, шкафта сақталады.
Қаруды майлауға және тазартуға арналған бұйымдар: сүртетiн шүберек, басқа да материалдар, жағатын май, сiлтi арнайы бөлiнген орында бөлек сақталады.
4.10. Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Қоршаған табиғи ортаны қорғау және пайдалануды бақылау жасау бас басқармасының қызметкерлерiне iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша ведомстволық иiр ойықты және тегiс ұңғылы қару-жарақтарын, карабин, винтовка, мылтықтарын, пистолеттерiн (тапанша) және оларға қажеттi оқ-дәрiлердi тұрған жерiнде (үйiнде) сақтауға рұқсат етiледi.
Ол үшiн иiр ойықты мылтықтар берiк құлыптары (кемiнде екi) бар, қабырғасының қалыңдығы 3 мм-ден кем емес, еден, болмаса қабырғаға қозғалмастай мықтап орнатылған темiр жәшiктерде (шкафтарда) сақталуы тиiс.
4.11. Ведомстволық қаруды асынып жүру үшiн iшкi iстер басқармасының "Қызмет бабындағы мiндеттердi шынайы орындап жүр" деген штампы соғылған рұқсат қағазы 3 жыл мерзiмге берiледi.
4.12. Милиция органының ведомстволық қаруды сақтау және асынып жүруге құқықты рұқсат етiлген адамға ғана 2.1. тармағына сәйкес қару босатылады. Осы Нұсқау және материалдық тараумен толық танысқан соң ғана қолхатпен қару берiледi.
4.13. Қару-жарақ пен оқ-дәрiнi берген қызмет бабындағы мiндеттердi атқару кезiнде босатылған және қабылданғаны жазылатын журнал нөмiрленiп, жiппен тiгiледi (прошуровываются), сондай-ақ оған жергiлiктi iшкi iстер органының куәландырған мөрi басылады (N 5-шi қосымша). Қару-жарақ пен оқ-дәрiнiң есебi жүргiзiлетiн кiтапша нөмiрленiп, жергiлiктi iшкi iстер органының мөрiмен куәландырылады (N 6-шы қосымша).
4.14. Ұйым одан әрi қолдануға жарамсыз ведомстволық қару-жарақты (оның iшiнде аңшылық тегiс ұңғылы мылтықтар) алдында рұқсат еткен iшкi iстер органына жаңасын алу, болмаса сақтау үшiн өткiзедi.
4.15. Ұйымдар одан әрi қолдануға жарамсыз штаттағы қызмет бабындағы қару-жарақ және оқ-дәрiлердi Алматы қалалық iшкi iстер басқармасындағы шаруашылық бөлiмiнiң, облыстық iшкi iстер басқармаларының, транспорттық және Ленинск қалалық iшкi iстер басқармасының қоймаларына тапсырады. Иесiнiң келiсiмi бойынша қолдан жасалуы (имитационное) мүмкiн, немесе жойылады.
Ұйымның қарамағындағы штат пен қызмет бабында одан әрi қолдануға жарамды, бiрақ артық қару мен оқ-дәрi осыған дейiн алған орынға қайта тапсырылады, немесе iшкi iстер органының рұқсатымен басқа ұйымға берiледi (сатылады).
4.16. Спорт жарыстарындағы оқу-жаттығу (iс жүзiнде мылтық ату) мақсатында, болмаса қызмет бабымен асынып жүрген уақытта қаруды қолдану нәтижесiнде жұмсалған, сондай-ақ жоғалған оқ-дәрiлер үлестiру және қабылдау тiзiмi қосымшасымен (N 8-шi қосымша) қажет болған жағдайда қару мен оқ-дәрiнi қолдану немесе жоғалту себептерi туралы қызмет бабындағы тексерудiң материалдары негiзiнде актiленiп (N 7 қосымша), есептен шығарылады.
Актi келесi күннен қалдырылмай жасалып, оны ұйым жетекшiсi бекiтедi және қару мен оқ-дәрiнi сақтауға жауапты адамға тапсырылу тиiс.
Есеп жүргiзу кiтапшасында оқ-дәрiнiң жұмсалғандығы туралы белгi соғылады.
Оқу-жаттығу бойынша мылтық ату жылына бiр рет мiндеттi түрде сынақ (зачет) тапсыру арқылы өткiзiледi.
4.17. Қызмет бабындағы мiндеттердi орындау кезiнде жұмсалған оқ-дәрiлер нақтылы шығынмен есептелiп шығарылады. Қоршаған ортаны қорғау және пайдалануға бақылау жасау жөнiндегi Бас басқарма жүйесiнiң қызметкерлерi үшiн оқ-дәрiлер N 9-шы қосымшада келтiрiлген.
4.18. Қару-жарақпен оқ-дәрiнiң дұрыс қолдануына және сақталуына, есеп жүргiзу жағдайына ұйым жетекшiсi, сондай-ақ қару мен оқ-дәрi жоғалып, болмаса ұрланатын болса бұл жайында жергiлiктi iшкi iстер органына дереу хабарлауға және оларды iздестiруге шара қабылдауға мiндеттi жекелей рұқсаты бар адам жауап бередi. Ұрланған, болмаса жоғалған қару мен оқ-дәрiнi есептен алып тастау негiзi - тексерiп, жауап алған лауазымды адамның қаулысы болып табылады.
N 1-шi қосымша
Қазақстан Республикасының Экология және
биоресурстар министрлiгiндегi табиғатты
қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары
қаруланатын ведомстволық қарулардың
Тiзiмi
___________________________________________________________________
Рет | Лауазымы |Қапты |Карабин|Тегiс
саны| |қару |винтовка ұңғылы
NN | |(кобура) |
___________________________________________________________________
I. Қазақстан Республикасы Экология және
биоресурстар министрлiгiнiң орталық аппараты
1. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау 1
жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторы -
министрдiң 1-шi орынбасары
2. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау 1
жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторының
орынбасары - мемлекеттiк бақылау жөнiндегi
бас басқарманың бастығы
3. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау 1
жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторы -
мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас басқарма
бастығының орынбасары
4. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау 1
жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторы -
мемлекеттiк бас басқарманың бөлiм бастығы
II. Облыстық (қалалық) басқарма
1. Облыстың (қаланың) табиғат қорғау жөнiндегi 1
мемлекеттiк бас инспекторы - басқарма
бастығының орынбасары
2. Облыстың (қаланың) табиғат қорғау жөнiндегi 1
мемлекеттiк аға инспекторы - бөлiм бастығы
3. Облыстың (қаланың) табиғат қорғау жөнiндегi 1
мемлекеттiк инспекторы - облыстың мемлекеттiк
бақылау бөлiмiнiң бас және жетекшi мамандары
III. Аудандық басқарма
1. Аудандық табиғат қорғау жөнiндегi мемлекеттiк 1
бас инспекторы - аудандық басқарманың бастығы
IV. Мемлекеттiк қорықтар
1. Облыстық табиғат қорғау жөнiндегi мемлекеттiк 1 1
аға инспекторы - мемлекеттiк қорық директоры
2. Табиғат қорғау жөнiндегi мемлекеттiк 1 1
инспектор - директордың орынбасары
3. Ауданның табиғат қорғау жөнiндегi мемлекеттiк 1 1
аға инспекторы - күзет бастығы
- күзет инженерi 1 1
- өрт сөндiру бөлiмiнiң бастығы 1 1
- аға аңшы 1 1
4. Ауданның табиғат қорғау жөнiндегi мемлекеттiк болмаса
инспекторы - аңшы 1 1
Орман шаруашылығы комитетi
___________________________________________________________________
Рет | Лауазымы | Қапты | Карабин |Автомат|Тегiс
саны| | қару |винтовка | |ұңғылы
N | |(кобура)| | |аңшы
| | | | |мылтығы
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
___________________________________________________________________
I. Орталық аппарат
1. Төраға 1
2. I-шi орынбасары 1
3. Төрағаның орынбасары 1
4. Ерекше қорғалатын аумақ және
орманды сақтауды қорғау
басқармасының бастығы, бас
басқарма бастығының орынбасары 1
5. Аңшылық шаруашылық басқармасының 1
бастығы
6. Аңшылық шаруашылық басқармасы болмаса
бастығының орынбасары 1, 1
7. Аңшылық шаруашылықтың бас аға болмаса
маманы 1, 1
2. Орман шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгi
8. Бас директор 1
9. Бас орманшы 1
10. Мемлекеттiк бақылау басқармасын. болмаса
дағы аңшылық шаруашылық бөлiмiнiң
бастығы 1 1
11. Аң шаруашылығын жүргiзушi болмаса
(охотовед); (I-шi және II-шi
категориялы) 1 1
3. Орман шаруашылығы бiрлестiгi, кәсiпорын,
заказник, ормандағы аңшылық шаруашылығы,
орманшылық (учаске), мемлекеттiк шаруашылық
ұлттық бақтар, орман қорғау станциясы
12. Станция бастығы, директоры 1
13. Бас орманшы 1
14. Ағаштардың өзгерiсiн бақылайтын
(лесопатолог) аға инженер 1
15. Орман қорғау инженерi 1
16. Аң шаруашылығын жүргiзушi (бас),
аға) 1 1
17. Орманшы, оның көмекшiсi 1
18. Орман шеберi 1
19. Аң аулау учаскесiнiң бастығы 1 1
20. Орманшы 1 1
21. Аға аңшы, аңшы 1 1
4. Орманды авиациямен қорғау
22. Авиациямен орман қорғау орталық 1
базасының бастығы
23. Авиациялық бөлiмше бастығы 1
24. Аға байқаушы (бақылаушы)-ұшқыш 1
5. Орманды орналастыру және iздестiру
партиялары (отрядтары)
25. Партия (отряд) бастығы 1
26. I-шi категориялы инженер 1
27. II-шi категориялы инженер 1
28. Инженер 1
III. Жан-жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi
бас басқарма
___________________________________________________________________
Рет | Лауазымы | Қапты |Автомат| Карабин
саны| | қару | |винтовка
N | |(кобура) |
___________________________________________________________________
1. Орталық аппарат
1. Жан-жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi 1 1, болмаса 1
бас басқарманың бастығы
2. Қазақстан Республикасының жан-жануарлар
дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
инспекторы - бас басқарма бастығының
орынбасары 1 1, болмаса 1
3. Қазақстан Республикасының жан-жануарлар
дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
аға инспекторы 1 1, болмаса 1
4. Қазақстан Республикасының жан-жануарлар
дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
инспекторы - бөлiм бастығының орынбасары,
бас маман, I-шi категориялы маман, II-шi
категориялы маман 1 1, болмаса 1
5. Жан-жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi
арнаулы отрядтың жүргiзушi инспекторы 1 1, болмаса 1
2. Жан-жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi облыстық
мемлекеттiк инспекция
1. Жан-жануарларды қорғау жөнiндегi облыстық
мемлекеттiк инспекция бастығы 1 1, болмаса 1
2. Облыстық жан-жануарлар дүниесiн қорғау
жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторы -
облыстық мемлекеттiк инспекцияның
бөлiм бастығы 1, 1, болмаса 1
3. Облыстық жан-жануарлар дүниесiн қорғау
жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы -
бас маман, жетекшi маман, сектор
меңгерушiсi, I-шi категориялы маман,
II-шi категориялы маман 1 1, болмаса 1
4. Жедел топтың жүргiзушiсi - инспекторы 1 1, болмаса 1
IV. Өзен, көлдердегi балық шаруашылығын табиғи
пайдалануға бақылау және балық қоры жөнiндегi
бас басқарма
___________________________________________________________________
Рет | Лауазымы | Қапты | Карабин
саны| | қару |
N | |(кобура) |
___________________________________________________________________
I. Орталық аппарат
1. Қазақстанның балық қорғау жөнiндегi 1
бас басқарма бастығы
2. Бас басқарма бастығының I-шi орынбасары 1
3. Өзен-көлдердегi балық шаруашылығы
биоресурстарын қорғау бөлiмi бастығының
орынбасары 1
4. Өзен-көлдердегi балық шаруашылығы
биоресурстарын қорғау бөлiмiнiң бастығы 1
5. Балық қорғау жөнiндегi Орталық жедел
инспекциясының бастығы 1
6. I-шi категориялы маман 1
7. II-шi категориялы маман 1
8. Жетекшi маман 1
9. Маман 1
II. Балық қорғау жөнiндегi облыстық және облысаралық
мемлекеттiк инспекцияның бассейндiк (Орал-Каспий
балық қорғау, Балқаш балық қорғау) басқармасы
1. Басқарма бастығы 1
2. Бастықтың I-шi орынбасары 1
3. Бастықтың орынбасары 1
4. Облыстық балық қорғау инспекциясының
бастығы 1
5. Балық қорғау бөлiмiнiң бастығы 1
6. Бөлiм бастығының орынбасары 1
7. Мемлекеттiк аға инспектор - бас маман 1
8. Мемлекеттiк инспектор - жетекшi маман 1
9. Мемлекеттiк инспектор -I-шi категориялы
маман 1
10. Мемлекеттiк инспектор - II-шi категориялы
маман 1
Оқ-дәрiлердiң есептi мөлшерi
___________________________________________________________________
Рет | Қарудың атауы | Патрон саны
саны| |_________________________________
N | |Әр қарудың |Бiр жылда жұмсалатын
| |төмендетуге|_____________________
| |болмайтын |iс жүзiнде|әр қарудың
| | қоры |атыс |атылуын
| | | |тексеру
___________________________________________________________________
1. Пистолет (тапанша) 24 8 4
2. Автомат 150 60 18
3. Карабин 30 10 5
4. Тегiс ұңғылы қару 10 8 18
Ескерту: 1. Кестелiк штат бойынша бекітiлген қызметкерлердiң
жалпы санынан қару саны артық болмауы қажет. Ол үшiн он қаруға
қосымша тағы бiреуi сақталады.
2. II-шi тараудың 20-шы тармағы бойынша қорғауға
(орманшыға) ведомстволық тегiс ұңғылы қару бекiтiлген жағдайда,
қапты (кобуралы) қару берiлмейдi.
3. III-шi тарау бойынша балық қорларын қорғау
жөнiндегi бассейiндiк және облыстық мемлекеттiк инспекцияларда үш
автомат пен бiр мылтықты артық ұстауға рұқсат берiледi.
4. Аң аулау маусымына мемлекеттiк аңшылық
шаруашылығына иiр ойықты (автомат, карабин) қарудың 10 данасын
және тегiс ұңғылы (құрастырмалы) аңшы мылтығының 10 данасын
ұстауға рұқсат етiледi.
N 2-шi қосымша
КЕЛIСЕМIН
___________________________
(Iшкi iстер министрлiгi,
iшкi iстер басқармасы)
"___"________________1994 ж.
М.О.
_________________
(Қолы)
Қару мен оқ-дәрiнiң қолда бар және қажеттi
саны туралы
Мәлiметтер
1. ________________________________________________________________
(кәсiпорынның, ұйымның атауы, толық мекен-жайы, почталық
___________________________________________________________________
индексi)
2. Күзет түрi _____________________________________________________
3. Iшкi және сыртқы күзет орындарындағы (әр қайсысы бөлек)
команда саны:______________________________________________________
4. Қару ұстауға тиiстi (тiзiмге сәйкес адам саны:__________________
___________________________________________________________________
5. Қару мен оқ-дәрiнiң қолда бар саны:
5.1. Винтовка_______________________5.2. Карабин___________________
5.3. Пистолет(тапанша) _____________5.4. Револьвер_________________
Патрондар:____________________________________________________
(әр қару бойынша бөлек)
6. Жарамсыз болғандықтан қайта тапсырылатын қару мен оқ-дәрi
саны: _____________________________________________________________
6.1. Винтовка_______________________6.2. Карабин __________________
6.3. Пистолет (тапанша)_____________6.4. Револьвер_________________
Патрондар:____________________________________________________
(әр қару бойынша бөлек)
7. Қажеттi саны:
7.1. Қару-жарақтардiкi:
7.1.1. Винтовка____________________7.1.2. Карабин__________________
7.1.3. Пистолет(тапанша)___________7.1.4. Револьвер________________
7.2. Оқ-дәрiлер:
7.2.1. Төмендетiлмейтiн қор
____________________________________________________________
(әр қару бойынша бөлек)
N 3-шi қосымша
Ұйым штампы________________________________________________________
___________________________________Бастығына
___________________________________________________________________
қызмет ететiн______________________________________________________
(ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
Қолда бар қару-жарақ туралы мәлiметтердi жолдап отырмыз.
Осы қаруды тiркеп, оны сақтауға және қолдануға рұқсат етуiңiздi
сұраймыз.
___________________________________________________________________
(Аты-жөнi, фамилиясы)
қаруды дұрыс сақтау және қолдану жауапкершiлiгi жүктеледi. Және
ол жөнiнде төмендегiдей мәлiметтердi хабарлаймын:
Туған жылы:________________________________________________________
Туған жерi_________________________________________________________
Қызмет лауазымы____________________________________________________
Төлқұжаттың сериясы________________________________________________
N_________________________берген органы____________________________
___________________________________________________________________
Қызметiнiң мекен-жайы, телефоны:___________________________________
Үйiнiң мекен-жайы, телефоны________________________________________
Ұйым жетекшiсiнiң қолы________________________
N 4-шi қосымша
Қазақстан Республикасының Экология және биоресрустар
министрлiгiнде табиғатты қорғау iсi бойынша қызмет
бабындағы мiндеттерiн орындау кезiнде қаруларды
асынып жүруге рұқсат етiлген мемлекеттiк инспекторлардың
Тiзiмi
___________________________________________________________________
Рет | Ф.А.Ж. |Лауазымы|Туған |Төлқұжаты,| Тұратын|Тиiстi
саны| |әскери | жылы |кiм,қашан | жерiнiң|қарудың
N | | атағы | | берген | мекен- |түрi
| | | | | жайы |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
Ескерту: бұл тiзiмге лауазымға тағайындалғаны туралы
бұйрықтың куәландырылған көшiрмесi қоса
тiркеледi.
Ұйым жетекшiсi____________________
N 5 қосымша
______________________________қару мен
(ұйымның атауы және мекен-жайы)
оқ-дәрi үлестiру және қабылдау туралы
Журналы
___________________________________________________________________
Үлестiрудiң | Қару мен оқ-дәрi | Қарудың | Қарудың
айы-күнi мен | алған адамның | атауы | нөмiрi
уақыты | аты-жөнi және | |
| фамилиясы | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Оқ-дәрiнiң | Қару мен оқ-дәрiнi| Алушының қару |Қару мен
берiлген | қандай мақсатпен |ұстау мен қолдану |оқ-дәрiнi
саны | берiлдi |жөнiндегi ережемен|алғандығы
| |танысқан туралы |туралы
| |қойылған қолы |қойылған қолы
___________________________________________________________________
5 6 7 8
___________________________________________________________________
_________________________________________________
қару мен оқ-дәрiнi өткiзгендiгi туралы белгi
___________________________________________________________________
Қару нөмiрi | Оқ-дәрiнiң | Өткiзудiң айы-күнi |Қарумен оқ-дәрiнi
| саны | мен уақыты |қабылдағаны жөнiнде
| | |қойылған қолы
___________________________________________________________________
9 10 11 12
___________________________________________________________________
N 6-шi қосымша
___________________________________
(ұйым, кәсiпорын, оқу орнының атауы)
Кәсiпорын мен ұйымдардағы,мекемедегi
және оқу орындарындағы қару-жарақ пен
оқ-дәрiнi есепке алу
Кiтапшасы
___________________________________________________________________
Рет | Айы-күнi, кiрiс| Кемiдi(жөндеуге| Есепке алынғаны
саны| құжатының атауы,|тапсырылды,қайда|___________________________
N | нөмiрi |және қандай ұйым| Пистолеттер
| |ға берiлдi |---------------------------
| | | Барлығы |Маркасы
| | | | калиберi, нөмiрi
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Есепке алынғаны
_________________________________________________________________
Пистолетке | Револьверлер | Револьверге | Винтовкалар
қажеттi |_________________| қажеттi |____________________
патрондар |Барлығы|Маркасы | патрондар |Барлығы |Маркасы
| |калиберi,| | |калиберi
| |нөмiрi | | |нөмiрi
__________________________________________________________________
6 7 8 9 10 11
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Винтовка мен | Оқу-жаттығу қаруы | Аңшы мылтығы |Аңшы мылтығына
карабинге |___________________| аңшылық |калиберi бойынша
қажеттi |Барлығы |Маркасы, | қару-жарақтың |қажеттi оқ-дәрi
патрондары | |калиберi, |маркасы,калиберi
| |нөмiрi |нөмiрi |
___________________________________________________________________
12 13 14 15 16
___________________________________________________________________
N 7-шi қосымша Бекітемiн:
__________________________________
(ұйым, оқу орны басшысының
__________________________________
аты-жөнi, фамилиясы, лауазымы)
________________________
(қолы)
"___" ____________________199 ж.
Оқ-дәрiнi есептен шығару
Актiсi
1. Төмендегi құрамдағы комиссия:
Төрағасы__________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөнi)
мүшелерi:_________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөнi)
2. __________________________________ осы актiнi жасау себебiмiз
(фамилиясы, аты-жөнi)
___________________________________________________________________
(бұйрық, сiлтеме, жарлықтың айы-күнi және нөмiрi)
___________________________________________________________________
негiзiнде "__" ________________________199 ж.
___________________________________________________________________
(қарудың түрi, маркасы, калиберi)
атқыштар жарысында оқ-жаттығу атысы өткiзiлдi.
Атыс кезiнде ______________ беттiк үлестiру тапсырылуы
көрсетiлген тiзiмге сәйкес:
________________________________ _______________________________
(қарудың түрi, калиберi) (цифрлы, жазбаша саны)
оқ-дәрi жұмсалды.
Комиссия оқ-дәрiлердiң үлестiрiлуi мен жұмсалуының негiздiгiн
тексере келiп,
___________________________________________________________________
(оқ-дәрiлердi жұмсаған ұйым, кәсiпорын, мекеме, оқу орнының
___________________________________________________________________
атауы)
__________________________________ ______________________________
(қарудың түрi, калиберi) (цифрлы, жазбаша саны)
__________________________________ ______________________________
(қарудың түрi, калиберi) (цифрлы, жазбаша саны)
есептен шығаруды ұсынады.
Комиссия төрағасы___________________________
Комиссия мүшелерi:__________________________
N 8-шi қосымша
_________________________________
(оқ-дәрiлер атауы)
_________________________________
(ұйымның атауы)
қоймасынан оқ-дәрiлердi үлестiру
және тапсыру жөнiндегi N_______
Тiзiмi
___________________________________________________________________
Рет | Үлестiрiлген | Кiмге | Үлестiрiлген|Патрондарды алғандығы
саны| уақыты |үлестiрiлдi| патрондар |туралы қолы және
N | | Ф.А.Ж. | саны |қолы айы, күнi
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қайта тапсырылды | Тапсырылған |Қайта тапсырылғандығы
____________________________| патрондар |туралы қолы және
Жұмсалған|Жарамсыз |Атылған | саны |айы, күнi
патрондар|патрондар|гильзалар |
___________________________________________________________________
6 7 8 9 10
___________________________________________________________________
тiзiмде көрсетiлген оқ-дәрiнi
___________________________ ______________________________
(қойма бастығының аты-жөнi, (оқ-дәрiнi сақтауға және үлестiруге
фамилиясы, қолы) бердi. ______________________________
жауапты адамның аты-жөнi, қолы)
қабылдап алды.
"__"____________ 199 ж. "___"_____________________199 ж.
Үлестiрудiң (тапсырылудың) дұрыстығын тексерген бастық___________
N 9-шы қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлiгiнiң табиғат қорғау жөнiндегi
мемлекеттiк инспекторлары үшiн тағайындалған
оқ-дәрiлердiң
Мөлшерi
___________________________________________________________________
Қару атауы | Бiр ұңғылы | Бiр жылда жұмсалатын
|үшiн төменде. |_______________________________
|тiлемейтiн | Бiр адамның | Бiр ұңғылы
| қоры |тәжiрибесi үшiн|мылтықтан ату
| | | үшiн
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
Пистолет 32 24 8
Револьвер 28 24 8
Карабин 60 20 8