----------------Бұйрықтан үзінді-------------------
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "АХАЖ органдары статистика органдарына азаматтық хал актiлерi жазбаларының екiншi даналарын беру Ережелерi және оларды қайтарып алу туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi Орынбасарының 1994 жылғы 30 қыркүйектегi бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 235 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Министр
----------------------------------------------------
Тұрғындардың табиғи қозғалысы туралы құжат айналымын реттеу мақсатында, 1995 жылдан бастап азаматтық қал актiлерi жазбаларының екiншi даналарын ахаж органдарының мемлекеттiк статистика органдарына берудiң мына Ережелерi мен қайтарып алу тәртiбi бекiтiлсiн:
1. Әр ай аяқталысымен поселкелiк, ауылдық (селолық) әкiмшiлiктер есеп айынан кейiнгi 2-сiнен кешiктiрмей аудандық, қалалық (қаладағы аудандық) әкiмшiлiктердiң бөлiмiне (бюросына) туу, неке қию, неке бұзу туралы және қайтыс болу туралы (қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiктер мен фельдшерлiк анықтамаларымен қоса) актiлiк жазулардың өткен айдың барысында жолдама тiзiмдемемен бiрге тiркелген, екiншi даналарын тапсырады.
Тапсырылатын актiлiк жазулардың саны мен олардың нөмiрлерi көрсетiлетiн тiзiмдеме актiнiң әрбiр түрi бойынша жеке-жеке жасалады.
2. Аудандық, қалалық (қаладағы аудандық) әкiмшiлiктердiң ахаж бөлiмi (бюросы) есеп айынан кейiнгi 5-iнен кешiктiрмей аудандық, қалалық (аудандағы қалалық) статистика бөлiмдерiне туу, неке қию және бұзу, қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiктер мен фельдшерлiк анықтамаларға қоса қайтыс болу туралы актiлер жазбаларының, азаматтық қал актiлерiнiң түрi бойынша жеке-жеке жинақталған, екiншi даналарын аудандық бағыныштағы қалаларды, ауылдарды (селоларды) атай отырып, алынған тiзiмдемемен бiрге беру актiсi бойынша жiбередi. Беру актiсiнде жазбалардың әрбiр түрi бойынша берiлген құжаттардың саны белгiленедi. (Аталған құжаттарды берудiң үлгiлi схемасы N 1 қосымшада келтiрiлген).
Беру актiсiнiң көшiрмесi мәлiмет үшiн әдiлет басқармасының, облыстық әкiмшiлiктiң (республикалық бағыныштағы қалалардың) ахаж бөлiмдерiне жiберiледi. Сонымен қатар, азаматтық қал актiлерiн тiркеу Ведомосi жасалып, тапсырылады (N 97 формасы).
3. Статистиканың аудандық, қалалық (қаладағы аудандық) бөлiмi алынған актiлердiң санына бақылауды, аудан бойынша олардың жалпы санын есептеудi; актiлердi толтыру сапасы бойынша жүйелi бақылауды; құжаттарды статистиканың облыстық басқармасына беру үшiн жолдама жазба қағазын (ведомостiң) рәсiмдеудi жүзеге асырады және осы ведомостiң бiрiншi данасымен бiрге (есеп айынан кейiнгi 10-ынан кешiктiрмей) актiлiк жазбалардың екiншi даналарын, сондай-ақ қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiктер мен фельдшерлiк анықтамаларды статистика мен талдау жөнiндегi облыстық (қалалық) басқарманың тұрғындар статистикасы бөлiмiне жiбередi.
3.1. Берiлетiн материалдарды қабылдау мен бақылауды реттеу үшiн АХАЖ-дың аудандық (қалалық, қаладағы аудандық) бөлiмiмен (бюросымен) келiсе отырып қалалар, поселкелер, ауылдар (селолар) бойынша жолдама жазба қағазындағы (ведомостегi) мәлiметтердi алфавит тәртiбiнде орналастырудың үнемi қолданылып жүрген тәртiбiн бекiткен дұрыс.
4. Статистика мен талдау жөнiндегi облыстық (қалалық) басқарманың тұрғындар статистикасының бөлiмi:
4.1. Ай сайын, жоспарда белгiленген мерзiмде:
- жалпы облыс бойынша тұрғындардың табиғи қозғалысы туралы 2 ай түрiндегi айлық есеп дайындауды;
- жалпы облыс бойынша қайтыс болу себептерi туралы айлық есеп дайындауды;
- актiлiк жазбалардың көрсеткiштерiн кодпен жазуды, оларды техникалық сақтаушыға жазудың алдында және одан кейiн жүйелi бақылауды жүзеге асырады.
4.2. Есеп айынан кейiнгi үшiншi айдың 25-iнен кешiктiрмей қайтару актi бойынша азаматтың қал актiлер жазбаларының екiншi даналарын әдiлет басқармасы облыстық әкiмшiлiк (республикалық бағыныштағы қалалар) АХАЖ-ның тиiстi бөлiмiне жiбередi. (Аталған құжаттарды қайтарудың үлгiлi схемасы N 2 қосымшада келтiрiлген).
Бұл жағдайда актiлер мынадай болып iрiктелуге тиiс:
- актiлердiң түрлерi бойынша;
- актiнiң әрбiр түрiнде-аудандар, қалалар, қаладағы аудандар бойынша;
- әрбiр аудан бойынша - поселкелiк, ауылдық және (селолық) атқарушы әкiмшiлiктер бойынша және статистикалық аудандық бөлiмге келiп түскен, тура сол жолдама ведомостiмен бекiтiледi.
4.3. Наурыздың 25-iнен кешiктiрмей шарт жасасудың кейiн облыстық ахаждың тиiстi бөлiмiне облыс бойынша жалпы бiр жылдағы тұрғындардың, табиғи қозғалысы туралы қала тұрғындары (облыстық орталықтар, қалалар мен қалалық түрдегi поселкелер) мен әрбiр ауданның село тұрғындары жөнiнде мәлiметтердi атай отырып, мәлiметтер бередi (статбюллетендер).
5. Актiлiк жазбалардың екiншi даналарындағы мәлiметтеде қателер мен дәлсiздiктер айқындалған жағдайда, облыстық Ахаж бөлiмi 2-апталық мерзiм iшiнде статистика мен талдау жөнiндегi облыстық басқарманың халық статистикасы бөлiмiнде белгiленген тәртiп бойынша түзетулер (күнi, қол қою, мөр) енгiзедi және түзетiлген құжаттарды статистика басқармасының тиiстi халық статистикасы бөлiмiне, оларды статистикалық өңдеуге кiргiзу үшiн қайтарады.
Аталған құжаттардың түзетуге беру мен оларды қайтарып алу, еркiн формадағы жолдама тiзiмдемесi арқылы жүзеге асырылады.
6. Осы Ережелердi күшiне енгiзуге, 1994 жылғы ________" "
азаматтық қал актiлерiн жазу органдарының статистикалық есеп жөнiндегi Нұсқауын бекiтуге байланысты, 1988 жылғы 1 желтоқсандағы КСРО-ның Әдiлет министрлiгi бекiткен азаматтық қал актiлерiн жазу органдарының статистикалық есеп жөнiндегi Нұсқауы және 1987 жылғы 2 желтоқсандағы КСРО-ның Мемлекеттiк статистика комитетi мен Әдiлет министрлiгi бекiткен, азаматтық қал актiлерiн жазудың екiншi даналарын беру Ережелерi және оларды қайтарып алу тәртiбi күшiн жойған деп есептелсiн.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк статистика комитетi Әдiлет министрлiгiнiң
әлеуметтiк және демографиялық нотариат, ахаждар және
статистиканың жетекшi басқармасы адвокатура басқармасы
N 1 қосымша N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк статистика Мемлекеттiк статистика
комитетiмен келiсiлген және комитетiмен келiсiлген және
1994 ж. қыркүйектiң "30"-да 1994 ж. қыркүйектiң "30"-да
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi бекiткен Әдiлет министрлiгi бекiткен
"азаматтық қал актiлерiн "азаматтық қал актiлерiн
жазулардың екiншi даналарын жазулардың екiншi данадарын
ахаж органдарына беру ахаж органдарының,
Ережелерi және оларды қайтарып статистика органдарына беру
алу тәртiбi" Ережелерi және оларды
қайтарып алу тәртiбi"
Үлгiлi схема Үлгiлi схема
азаматтық қал актiлерiн 199__ж. ______________ ға
жазулардың екiншi даналарын азаматтық қал актiлерiн
беру актiсiнiң, сондай-ақ жазудың екiншi даналарын
199__ж. _______________ ға қайтару актiсiн
қайтыс болу туралы Тұрғындардың статистикалық
дәрiгерлiк куәлiктер мен бөлiм
фельдшерлiк анықтамалардың _________________________
__________________________ _________________________
атқарушы органның статистика мен талдау
__________________________ жөнiндегi облыстық басқарма
аудандық (қалалық, қаладағы Әдiлет басқармасының,
аудандық) облыстық әкiмшiлiктiң
__________ахаж бөлiмi (бюросы) ахажының тиiстi бөлiмiне
аудандық статистика бөлiмiне актiлердiң екiншi даналарын
актiлердiң екiншi даналарын қайтарады:
бередi.
I. Туу туралы _____________ I. Туу туралы________түйiр
түйiр, соның iшiнде өлi соның iшiнде өлi
туғандар __________________ туғандар _______
2.Дәрiгерлiк куәлiктер мен 2. Қайтыс болу туралы_____
фельдшерлiк анықтамалармен түйiр, соның iшiнде 1 жасқа
бiрге қайтыс болу туралы дейiн ________________
__________түйiр соның iшiнде
1 жасқа дейiн _____________
3. Неке қию туралы_________ 3. Неке қию туралы _______
түйiр түйiр
4. Неке бұзу туралы _______ 4. Неке бұзу туралы_______
түйiр түйiр және облыстың барлық
аудандары бойынша тағы да
сондайлар
Ахаж бөлiмiнiң (бюросының) Тұрғындар статистикасы
меңгерушiсi Бөлiмiнiң меңгерушiсi
___________________________ _________________________
ф. аты-жөнi (қолы) ф. аты-жөнi (қолы)
199__ж. ______________ " "
Жазулар актiлерiнiң екiншi Актiлiк жазулардың екiншi
даналары, сондай-ақ дәрiгерлiк даналар аталған мөлшерде
куәлiктер мен фельдшерлiк қабылданды
анықтамалар аталған мөлшерде
қабылданды.
статистика бөлiмiнiң меңгерушiсi Ахаж бөлiмiнiң меңгерушiсi
(басшысы) (басшысы)
______________________________ _________________________
ф. аты-жөнi (қолы) ф. аты-жөнi (қолы)
199__ж. _________________ " " 199__ж. _____________ " "