---------------Бұйрықтан үзінді------------------
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң норма шығармашылық қызметiн реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуе көлiгiнде жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдаудың (халықаралық қатынастардан басқа) уақытша ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1995 жылғы 10 сәуiрдегi N 78 (88 нәмiрмен тiркелген) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын...
Министр
----------------------------------
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Z947000_ күшiне енгiзуге және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21.09. қалыптық актілердi Қазақстан Республикасының аумағындағы пәрмендi Заңға сәйкес келтiру туралы қаулыны орындауға байланысты, бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" (қоса берiлдi) Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының әуе жолдарында жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдаудың Уақытша Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының әуе көлiгiндегi пәрмендi қалыптық актiлер осы бұйрыққа және оның қосымшасына сәйкес келтiрiлсiн.
3. Министрлiктегi заң актiлерiн әзiрлеу, Жоғарғы Кеңеспен байланыс және заң жұмысы Басқармасы республиканың әуе жолдарында жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдаудың Уақытша Ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен тiркесiн.
4. Авиакомпаниялардың президенттерi авиациялық тасымалдауларды қамтамасыз етумен және ұйымдастырумен әрекеттенетiн авиамамандардың және авиакомпания персоналдарының осы бұйрықпен танысуын және орындауын қамтамасыз етсiн.
Министр
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң 1995 жылғы
10 сәуiрдегi N 78 бұйрығымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының әуе жолдарында
жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдаудың
(халықаралық рейстерден басқа)
Уақытша ережелерi
Айқындамалар
Авиакомпания (тасымалдаушы) - әуе қатынастарын жүзеге асыратын, немесе осы салада өзiнiң қызметiн жасайтын кез келген авиакөлiк кәсiпорындары.
Әуе тасымалдаушысы - жалға немесе төлемақы үшiн жолаушыларды, багажды, жүктер мен поштаны тасымалдауда өзiнiң қызметiн көрсетушi немесе осыған тиесiлi рұқсат ия болмаса, лицензия белгiленген тәртiппен берiлген, жеке меншiк құқығында немесе басқа заңдар негiзiнде көлiк құралына ие болған, әуе кемесiн пайдаланушыны бiлдiредi.
Багаж - тасымалдаушының келiсiмi бойынша әуе кемесiнде тасымалданатын жолаушылардың жеке заттары.
Тiркелген багаж - авиакөлiктiк кәсiпорындармен багаж түбiртегi және багаж биркасы берiлiп, өз жауапкершiлiгiне алынған жолаушылардың багаждары.
Тiркелмеген (қол жүгi) - тiркелгендерден басқа, соның iшiнде нөмiрсiз биркалармен маркирленген әуе кемесiнде тасымалданатын және оның багаж бөлiмiнде орналастырылатын жолаушылардың багаждары. Әуе кемесiнiң бортына жолаушылардың өздерiмен жеткiзiледi. Багаж жолаушының қолында болған кезде басқа кезеңдерде тасымалдаушының жауапкершiлiгiмен және бақылауымен тасымалданады.
Ерiп жүрмейтiн - осы багаждың иелерi - жолаушылар немесе экипаж бар әуе кемесiмен тасымалданбайтын багаж.
Багаж түбiртегi - багажды тасымалдауға қабылдауды растайтын билеттiң бөлiгi.
Билет - өзiне багаж түбiртегiн қосып алып, жолаушылар мен багажды әуемен тасымалдауға бекiтiлетiн шартты растайтын құжат.
Жолаушылардың, багаж бен жүктердiң әуе тасымалдаулары (тасымалдау) - белгiленген төлемақы үшiн, сондай-ақ тасымалдаушының жердегi көлiк құралдарымен авиакөлiк кәсiпорындарының әуе кемелерiмен орындалатын жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау.
Iшкi әуе тасымалдаулары - орындалу кезiнде жiберу пункттерi, тағайынды пункттерi және басқа қарастырылған барлық аялдау пункттерi бiр мемлекеттiң аумағында орналасқан әуе тасымалдаулары.
Халықаралық әуе тасымалдаулары - тасымалдауда үзiлiс немесе асыра тиеу болғанына немесе болмағанына қарамастан орындалу кезiнде жiберу пункттерi және тағайынды пункттер мыналарда орналасқан әуе тасымалдаулары:
а) екi мемлекет аумағында;
б) егер басқа мемлекеттiң аумағында аялдамаса қарастырылған болса.
Жүк - багаж бен поштадан басқа әуе кемелерiне тасымалдауға қабылданған немесе тасымалданатын мүлiктер.
Жолаушы - экипаж мүшелерiнен басқа әуе тасымалдау шартына сәйкес тасымалдануы тиiс немесе тасымалданатын тұлға.
Багаж, жүктiң зақымдануы - багаж, жүктiң жарамсыз күйге келтiрiлуi, соның салдарынан олар бастапқы тағайындалған мақсатта пайдаланылмауы мүмкiн (өзiнiң бағалылығын жоюы).
Талап қою - әуе тасымалдауларының салдарынан туындаған зардапты өтеу туралы азаматтық авиация клиенттерiнiң авиакомпанияларға немесе авиакөлiк кәсiпорындарына мәлiмделген талап етулерi.
Рейс - маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiн бiр бағытта орындалатын әуе кемелерiнiң ұшулары (кесте бойынша немесе кестеден тыс).
Багаж, жүктiң жоғалуы - тасымалдаушының жеткiзу мерзiмi өткен соң олардың нақты жоғалуынан, ұрлануынан, қателiкпен аралық кемежайға жiберiлуiнен немесе қашыққа жiберiлуiнiң салдарына қарамастан заңды иесiне бере алмайтын күйi, тасымалдаудың дұрыс еместiгi.
Ережелердiң қолданылуы
1. Жолаушылардың, багаж бен жүктердiң әуе тасымалдаулары белгiленген төлемақымен Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиакөлiк кәсiпорындарымен және авиакомпанияларымен жүзеге асырылады және осы Ережелермен реттеледi.
2. Жолаушылардың, багаж бен жүктердiң рейстiң тапсырыс шарттары (чартерлiк), сондай-ақ авиакомпания мен авиакөлiк кәсiпорындарының әуе кемелерiнде вахталық - экспедициялық әдiстерi бойынша орындалатын әуе тасымалдаулары осы Ережелерге және белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн ерекше нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әскери әуе тасымалдаулары мен арнайы жүктердi тасымалдаулар осы Ережелермен, сондай-ақ ерекше нұсқаулармен жүзеге асырылады.
4. Жолаушылардың, багаж бен жүктердi халықаралық әуе тасымалдаулары Халықаралық әуе тасымалдауларының Ережелерiмен реттеледi (ХАА пр. 1986 ж.
3.01. 1/И).
5. Әуе тасымалдаудың әрбiр шарты мен оның талаптары авиакомпаниямен немесе авиакөлiк кәсiпорындарымен, ия болмаса олармен өкiлеттенген ұйымдармен немесе тұлғалармен берiлетiн тасымалдау құжаттарымен айғақталады.
Билет - жолаушыны тасымалдау кезiндегi тасымалдау құжаты болып, ал багаж түбiртегi - багаж есебiндегi жолаушы мүлiктерiн тасымалдау кезiндегi тасымалдау құжаты болып табылады.
Тасымалдау құжаттарының нысаны мен оларды қолдану Әуе көлiгi Департаментiмен белгiленедi.
6. Тасымалдаушы әуе тасымалдауы шартымен өзгерiстерiне, қызмет көрсетуге, сондай-ақ айыппұлдарды төлеуге, осы Ережелермен анықталған жағдайларға байланысты жолаушылардан, жiберушiден немесе алушыдан алынған қосымша сомаларды куәландыру мақсатымен әртүрлi алымдар мен төлемдердiң түбiртегiн, ал тегiн алып жүрудiң белгiленген қалпынан артық багаж алып жүргенi үшiн жолаушымен төлем жасалған кезде - төлемақылы багаж түбiртегiн бередi.
Төлеу құжаттардың нысаны мен оларды пайдаланудың нұсқаулықтары Әуе көлiгi Департаментiмен белгiленедi.
7. Әрбiр жолаушының белгiленген нысандағы билетi болуға мiндеттi. Билетiн ұсынбаған жолаушыны тасымалдауға рұқсат етiлмейдi. Билеттi қайта сату мен бөгде тапсыруға тыйым салынған. Билеттi қайта сату мен бiреуге тапсыру жағдайлары анықталған болса, билет жоққа шығарылады және оның құны қайтарылмайды.
8. Билет жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттардың негiзiнде берiледi:
төлқұжаты (Қазақстан Республикасы азаматының куәлiгi);
жалпы азаматтық шетел төлқұжаты;
қызметтiк төлқұжаты;
теңiзшi төлқұжаты;
дипломатиялық төлқұжаты;
Президент аппаратымен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiмен, Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқару органдарымен берiлетiн жеке бас куәлiктерi;
Кеңес Одағы Батырының, Социалистiк Еңбек Ерiнiң, үш дәрежелi Еңбек Даңқы мен Даңқ орденi кавалерiнiң, Ұлы Отан соғысы ардагерiнiң, мүгедегiнiң немесе оған теңестiрiлгендердiң куәлiгi;
"Халық Қаhарманы" атағы берiлгендердiң куәлiгi;
Әскери мiндеттiлердiң, Қазақстан Республикасы ҰҚК мен IIМ, Бас прокуратура қызметкерлерiнiң жеке бас куәлiгi;
әскери билетi (жедел қызметтегi әскери қызметшi мен әскери-оқу орны курсантының);
туу туралы куәлiгi (16 жасқа толмағандар үшiн);
босатылуы жөнiндегi анықтама мен белгiленген үлгiдегi жазбаша мәлiмдемесi (еңбекпен - түзету мекемелерiнен босатылып тұратын мекенiне бара жатқандар үшiн);
9. Кассаларда билеттердi сату кезектi түрде жүргiзiледi. Әуе кемесiнде бос орын мен билеттi кезексiз алу құқығы мыналарға берiледi:
депутаттар, Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi мен үш дәрежелi орденнiң кавалерлерi: Даңқ, Еңбек Даңқы, КСРО Әскери Күштерiнде Отанға қызмет еткендерге, "Халық Қаhарманы" атағы берiлгендерге;
сәтсiз оқиғаларға байланысты куәландырылған жедел шақыру бойынша жол жүрген дәрiгерлер мен консультанттарға;
өздерiне және өздерiмен бiрге ерiп жүрушiлерге билет алатын Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне, мүгедектерге және оларға теңестiрiлген тұлғаларға, 1 және 2 топтағы еңбек мүгедектерiне;
Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сiңiрiп, зейнетке шыққан зейнеткерлерге;
7 жасқа дейiнгi, сондай-ақ 15 жасқа дейiнгi екi және одан артық балалары барларға;
керi ұшуға күнi, мерзiмi көрсетiлген билетi бар жолаушыларға;
арнайы нұсқамасы бар жедел тапсырмамен сапарға шыққан тұлғаларға;
10. Жолаушының 7 жасқа дейiнгi бiр баланы жеке орынсыз тегiн алып жүруге құқығы бар. Басқаларын, 7-ден 15 жасқа дейiнгi жолаушыға ерiп жүрген балаларды толық тарифтiң 50 процентi төленiп, жасөспiрiм билетiмен және жеке орын беру арқылы алып жүруге болады.
11. 7-ден 15 жасқа дейiнгi балалар ересек адамдар ерiп жүрсе де, ерiп жүрмесе де толық тарифтiң 50 % төлеу арқылы жасөспiрiмдер билетiмен тасымалданады. 7-ден 15 жасқа дейiнгi ересек адам ерiп жүрмейтiн балаларды тасымалдау белгiленген үлгiдегi балаға ерiп жүрiп тасымалдау мiндеттемелерiн ресiмдеу арқылы жүзеге асырылады.
12. Әуе кемесiнiң бортында билетсiз немесе тасымалдаушымен жарамсыз деп танылған билетпен жүрген адам бiрiншi қоныс жасалған кемежайда түсiрiледi. Жолаушының немесе жасөспiрiмдер билетi болуы тиiс баланың билетсiз ұшқаны үшiн, толық жолаушы тарифi бойынша билетi болуы тиiс 15 жастан асқан баланы жасөспiрiмдер билетi бойынша тасымалдағаны үшiн, сондай-ақ тиесiлi құжатсыз жеңiлдiк (қызметтiк) билет бойынша ұшулар үшiн тарифтердi қолдану ережелерiне сәйкес айыппұл алынады.
Жолаушының айыппұлды төлеуi әуе көлiгiнде тиесiлi санаттағы жолаушыны белгiленген тариф бойынша тасымалдаудың нақты орындалғаны үшiн ұшу құнын төлеуден босатпайды.
13. Тасымалдаушының себебiнен жолаушының тасымалдануы кешiккен кезде тасымалдаушыны жолаушының басқа зияндарын өтегеннен бөлек әрбiр кiдiрген сағатына, егер ол расталған болса билет құнының 3 % төлейтiн болады.
Ұсталған айыппұлдың сомасы алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
14. Тасымалдаушының себебiмен билетте көрсетiлген уақыттан 10 сағатқа және одан артық уақытқа рейс кiдiрген кезде тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыға мейманханадан орын мен тағамға төлеуге мiндеттi.
Жолаушының сұрауы бойынша оған ресми құжат берiледi немесе тасымалдаушының арнайы тағайындаған лауазымды адамымен тасымалдаудың кiдiрген себебi туралы билетте белгi соғылады.
15. Багаждың дер кезiнде жеткiзiлмегендiгi үшiн тасымалдаушы багаж алушыға тасымалдау төлемiнiң 10 % мөлшерiнде әрбiр кешiккен күнге айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау төлемiнiң 50 % аспауы тиiс.
16. Жүктiң дер кезiнде жеткiзiлмегендiгi үшiн тасымалдаушы жүк алушыға тасымалдау төлемiнiң 10 % мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау төлемiнiң 50% аспауы тиiс.
17. Тiркелген багаж бен тасымалдауға қабылданған жүк, егер тасымалдаушы мұны растаған болса немесе егер бұл багаж немесе жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiнгi 7 күннiң iшiнде тасымалдаудың тағайынды пунктiне әкелiнбеген болса, онда ол жоғалды деп есептеледi.
Дегенмен, егер багаж немесе жүк аталмыш мерзiмде жеткiзiлген болса, алушы багажды немесе жүктi алуға құқықты және тасымалдаушыға жоғалған багаж немесе жүк үшiн төлеген сомасын қайтаруға құқығы бар.
18. Құндылығы жарияланбай тасымалдауға қабылданған багаж немесе жүктiң жоғалғаны немесе азайғаны үшiн тасымалдаушы нағыз құнының мөлшерiнде, бiрақ халықаралық тасымалдауларда белгiленген шеңберден асырмай жауапкершiлiкке тартылады.
19. Тасымалдаудың кiдiргенiне байланысты багаж немесе жүк алушыда немесе жөнелтушiде туындаған шығындар үшiн, егер ол расталған болса тасымалдаушы жауапкершiлiкке тартылады.
20. Тасымалдаудың кiдiруiне және тасымалдаудағы багаж бен жүктердiң сақталмауына байланысты талап қоюлар тасымалдаушының талап қоюшы комиссиясымен 30 күндiк мерзiмде қарастырылады.
Тасымалдаудың кiдiруiне байланысты шығынды өтеу туралы талап қою кезiнде шығынның нақты мөлшерiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
Өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша талап қою тасымалдаушыға немесе оның жөнелту орнындағы өкiлiне ұсынылады.