Жоюдың кедендiк режимi туралы Ереже

Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Бұйрығымен бекiтiлген 1995 жылғы 14 қарашадағы N 130. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министірлігі Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 596-б бұйрығымен. ~V990997

              I. Жалпы ережелер
      1.1. Жою - кеден баждарын, қосымша құнға салықты, алуы кеден органдарына жүктелген басқа да салықтарды алусыз, сондай-ақ экономикалық саясат шараларын (квоталау, лицензиялау т.т.б.) қабылданбай-ақ оларды пайдалануға қолайсыз күйге келтiрудi қосқанда шетелдiк тауарлар мен көлiк құралдары жойылатын кеден режимi.
      1.2. Кедендiк жою режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыруға кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
      1.3. Тауарлар мен көлiк құралдарын жоюды мүдделi адам өз есебiнен жүргiзедi және мемлекетке ешқандай шығынын тигiзбейдi.
      1.4. Жоюдың кедендiк режимi туралы мәлiмдеудiң заңдылығы үшiн, сондай-ақ осы режимнiң шарттарының сақталуы үшiн тауарларды өткiзетiн адам немесе көлiк құралдарына қатысты тасымалдаушы кеден органдары алдында жауап бередi.

      2. Жоюдың кедендiк режимiн пайдаланудың
                     шарттары
      2.1. Жоюдың кедендiк режимiмен:
      а) Қазақстан Республикасы кеден шекарасын iс жүзiнде кесiп өткен, әкелiнетiн шетелдiк тауарлар мен көлiк құралдары
      б) Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген және транзит, кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкенi, кеден бақылауымен ұқсату, уақытша әкелу, еркiн кеден аймағы, еркiн қойма, реэкспорттың кеден режимдерiмен орналастырылған шетелдiк тауарлар мен көлiк құралдары, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар орналастырылады.
      2.2. Жоюдың кедендiк режимiмен:
      - Қазақстан Республикасына әкелуге тиым салынған тауарлар мен көлiк құралдарын;
      - Қазақстан Республикасы мен шетелдердiң халықтарының көркемдiк, тарихи және археологиялық игiлiктерi болып табылатын заттарды;
      - жойылу қаупiнде тұрған жануарлар мен өсiмдiктердiң, бөлiмдерi мен туындыларының түрлерiн орналастыруға болмайды.
      2.3. Кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын жоюдың кедендiк режимiмен орналастыруға:
      а) тауарлар мен көлiк құралдарын жою қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтiретiн болса;
      б) тауарлар мен көлiк құралдарын жою мемлекеттiң шығындануына әкелiп соғатын болса немесе мүмкiн болса;
      в) кеден органының тауарлар мен көлiк құралдарының iс жүзiндегi жойылуына бақылау жасауға мүмкiндiгi болмаса;
      г) кеден органының бұған жеткiлiктi негiздемелерi бар өзге де жағдайларда рұқсат бермейдi.
      2.4. Тауарлар мен көлiк құралдарын жоюдың кедендiк режимiмен орналастыруға жоюдың нәтижесiнде тауарлар мен көлiк құралдары өздерiнiң бастапқы тұтыну қасиеттерiн немесе коммерциялық құнын толық жойып алатын жағдайда жол берiледi.
      2.5. Жою: а) нәтижесiнде тауарлар мен көлiк құралдары толық жойылатын термикалық, химиялық, механикалық не өзгеше ықпал ету (күйдiру, бүлдiру, көмiп тастау т.б.) жолымен;
      б) тесiк салу, жырту, өзге әдiстермен зақым келтiрудi қосқанда осындай зақым келтiру тауарлар мен көлiк құралдарының одан әрi қалпына келтiрiлуiн және оларды бастапқы күйiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн бөлшектеу, ажырату, механикалық зақым келтiру жолымен жүргiзiледi.
      2.6. Тауарлар мен көлiк құралдарын жою Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи орта туралы заңдарының талаптары орындала отырып, жүргiзiлуi тиiс.
      2.7. Тауарларды жою салдарынан пайда болған қалдықтар кеден бақылауындағы шетелдiк тауарлар ретiнде тиiстi кеден режимiне орналастырылуы тиiс.
      2.8. Кеден органдары жоюдың кедендiк режимiн пайдаланумен байланысты қандай да бiр шығыстарды өтемейдi.

      3. Жоюдың кедендiк режимiмен орналастырылатын
         тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу
      3.1. Жоюдың кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу:
      - транзиттiң кеден режимiн, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарларды қоспағанда Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген және осы Ереженiң 2.1. тармағының "б" тармақшасында көрсетiлген кеден режимiмен орналастырылатын тауарларға қатысты таңдалынған кеден режимiне сәйкес осындай тауарларды адамның қарамағына берген кеден органы;
      - көлiк құралдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға және кеден бақылауымен жеткiзу ережелерiне сәйкес транзиттiң кеден режимiне орналастырылған немесе өткiзiлетiн тауарларға қатысты қызметiнiң аймағында осындай көлiк құралдары немесе тауарлар бар кеден органы жүргiзедi.
      3.2. Жоюдың кедендiк режимiмен орналастырылатын тауарлар N 1 Қосымшамен белгiленген тәртiппен кеден жүк декларациясын және тауарларды өткiзетiн адамның мәлiмдемесiн кеден органына көрсету жолымен жария етiледi. Мұндай мәлiмдеме N 2 Қосымшада келтiрiлген нысан бойынша жасалынады.
      3.3. Кеден органына кеден декларациясымен бiрге бiр мезетте тауарлар мен көлiк құралдарына жүк және тауарды алып жүру құжаттары (үстеме жол құжаттары, коносаменттер, шот-фактуралар т.б.), сондай-ақ кеден ресiмдеу мен кеден бақылауын жүргiзуге қажеттi өзге де құжаттарды көрсетедi.
      3.4. Тауарлар мен көлiк құралдарын жою қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай зиян келтiруi мүмкiн деген негiздеме бар жағдайда кеден органы Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңдарына сәйкес арнайы уәкiлдiгi бар экологиялық бақылау органдарының қорытындысын көрсетудi мiндеттеуге құқылы.
      3.5. Тауарлар мен көлiк құралдарын жою зиянды, барынша қауiптi, ерекше улы немесе радиоактивтiк қалдықтарды шығару, тастау, орналастыру, жайғастыруға байланысты қиындыққа әкелiп соғатын жағдайда мұндай жою Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи орта саласында бұған арнайы уәкiлдiгi бар мемлекеттiк органдарының және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесiнiң рұқсатымен ғана жол берiледi.
      3.6. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк жою режимiмен орналастыруға рұқсат беру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының арнайы нормативтi актiлерiмен басқаша белгiленбесе, кеден органының бастығы немесе оны ауыстыратын адам қабылдайды. Мұндай рұқсат N 2 Қосымшада келтiрiлген мәлiмдемеде "Жою рұқсат берiледi" деген жазу жасау жолымен ресiмделедi және аталған адамның қолымен куәлендiрiледi.
      3.7. Кедендiк жою режимiмен орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу үшiн Қазақстан Республикасының валютасымен тауарлардың кедендiк құнының 0,2 процентi мөлшерiнде кеден алымдары алынады.
      Кедендiк жою режимiмен орналастырылатын көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу үшiн Қазақстан Республикасының валютасымен көлiк құралының әр бiрлiгiне 15 АҚШ долларына тең сомада, бiрақ олардың кедендiк құнының 0,1 процентiнен аспайтын мөлшерде кеден алымдары алынады.

      4. Қорытынды ереже
      4.1. Тауарлар мен көлiк құралдарын жою кедендiк бақылаумен жүргiзiледi.
      4.2. Тауарлар мен көлiк құралдарының iс жүзiнде жойылуы туралы акт N 3 Қосымшада келтiрiлген нысан бойынша жасалынады. Кеден органының келiсiмiмен осындай актiде туралы акт N 3 Қосымшада келтiрiлген нысанда көрсетiлген барлық мәлiметтер қамтылатын болса, белгiленген актiнiң нысанынан ауытқуға жол берiледi. Аталған актiге тауарларды өткiзетiн адамның уәкiлдiгi бар өкiлi не тасымалдаушы, тауарлар мен көлiк құралдарының iс жүзiнде жойылуы кезiнде қатысып отырған өзгеде адамдар қол қояды.
      4.3. Тауарларды өткiзетiн адам немесе тасымалдаушы көлiк құралдарына қатысты осы Ереженiң 4.2. тармағында көрсетiлген актiнi кеден органына осы кеден органы белгiленген мерзiмде ұсынуға мiндеттi.
      4.4. Кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын жою тек қана кеден органының лауазымды адамының қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн екендiгiн анықтауға құқылы.
      4.5. Жоюдың салдарынан пайда болған барлық қалдықтар кеден бақылауындағы шетелдiк тауарлар ретiнде кедендiк ресiмдеуге жатады.
      4.6. Тауарларды жоюға рұқсат берген кеден органы қалдықтарды кедендiк ресiмдеудiң орнын анықтайды.
      Кеден органы қалдықтардың уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жататынын анықтауға құқылы.
      4.7. Қалдықтар болып табылатын тауарларды шығару не таңдалынған

кедендiк режимге сәйкес адамның қарамағына оларды беру кеден заңдарына 
сәйкес жүзеге асырылады.
     4.8. Қалдықтар:
     - кедендiк құны 20 АҚШ долларынан аспаса;
     - оларды одан әрi пайдалану осындай қалдықтар көмiлгендiктен не 
көмуге жататындықтан мүмкiн болмаса;
     еркiн айналым үшiн шығарудың кедендiк режимiне қатысты кедендiк 
ресiмдеуге жатады. Бұл ретте кедендiк ресiмдеу үшiн кеден баждары, 
салықтар және кеден алымдары алынбайды, ал мәлiмдеу мәлiмдемедегi (N 2 
Қосымша) және актiдегi (N 3 Қосымша) қалдықтар туралы мәлiметтердi көрсету 
жолымен жүргiзiледi.

                                      Жоюдың кедендiк режимi
                                      туралы Ережеге
                                      N 2 Қосымша
 
                               ___________________________________
                                      (кеден органының атауы)
                               ___________________________________
                                   (адамның аты-жөнi, мекен-жайы)
                               ___________________________________

                    
                             Өтiнiш

_________________________________________________________________
(тауарлардың немесе көлiк құралдарының атауы, саны,
_________________________________________________________________
  орналасқан жерi)
_________________________________________________________________
_______________________жоюға рұқсат беруiңiздi сұранамын.
Жоюдың тәсiлi____________________________________________________
Жоюдың орны _____________________________________________________
Жоюдың күнi _____________________________________________________
Жоюдың салдарынан пайда болған қалдықтар ________________________
_________________________________________________________________
 (атауы мен саны (сандық анықтау мүмкiн боларлық жағдайда)
_________________________________________________________________
Жою туралы актiнi 199  ж "___"_______________дейiн беруге 
мiндеттенемiн.


                                      ___________________________

(жетекшiнiң не уәкiлдiгi бар өзге адамның қолы, жеке тұлғаның қолы)

М.О.
                                     199__ж "___"_________________


                                          Жоюдың кедендiк режимi
                                             туралы Ережеге
                                              N 2 Қосымша

                       _________________________________________
                               (кеден органының атауы)

                       Жою туралы
                          АКТ

     Төменде аталынған адамдардың қатысуымен тауарлар мен көлiк
құралдарын жою жүргiзiлгендiгi туралы осы акт 199__ж
"__" __________________________________________________________
  (атауы, жекелей белгiлерi, саны (өлшемi, салмағы т.б.),
_____________________________________________________жасалынды.
 жоюдың тәсiлi мен орны)
Жоюдың салдарынан: _____________________________________________
                    (қалдықтардың атауы, жекелей белгiлерi,
________________________________________________________________
саны (өлшемi, салмағы т.б.),
пайда болған қалдықтар.
Жою кезiнде:
______________________________________________       ___________
  (жою кезiнде қатысқан адамдардың лауазымы)             қолы
______________________________________________       ___________
                                                         қолы
______________________________________________       ___________
 (Жоюдың кедендiк режимiмен тауарлар мен                 қолы
көлiк құралдарын орналастырған уәкiлдiгi
бар өкiлдiң лауазымы, аты-жөнi)
______________________________________________       ___________
(кеден органы лауазымды адамның лауазымы,                қолы
аты-жөнi)
                                                         М.О.

                                         Жоюдың кедендiк режимi  
                                            туралы Ережеге
                                              N 1 Қосымша

                Тауарларды кедендiк режимiмен
                орналастыру кезiнде кедендiк
                жүк декларациясын толтырудың
                         Ережелерi

     Тауарларды кедендiк режимiмен орналастыру кезiнде кедендiк жүк 
декларациясының:
     1, 3, 4, 5, 6, 9, 12, 14, 15, 15а, 16, 22, 23, 28, 31, 32, 33, 34, 
35, 37, 38, 40, 41, 44, 45, 47, 54, А, Б бағандары толтырылады.
     Кеден органының лауазымды адамы 7, С және Д бағандарын толтырады.


      3, 4, 5, 6, 7, 12, 14, 15, 15а, 16, 23, 31, 32, 33, 34, 35, 37, 38, 40, 41, 47, 54, А, Б, С, Д бағандары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас кеден басқармасының 93.9.07 бұйрығымен бекiтiлген кедендiк жүк декларациясын толтырудың тәртiбi туралы Нұсқауға (бұдан әрi - КЖД толтыру бойынша Нұсқау) сәйкес толтырады.
      1, 9, 22, 28, 44, 45 бағандарын толтырудың төмендегiдей ерекшелiктерi бар:

      1 баған. "Декларацияның сыныбы"
      Бағанның бiрiншi бөлiмшесiнде "ИМ" деп жазылып көрсетiледi.
      Екiншi бөлiмшеде КЖД толтыру бойынша Нұсқауға N 8 Қосымшада келтiрiлген кеден режимдерiнiң Жiктемесiне сәйкес кеден режимiнiң екi таңбалы коды көрсетiледi.

      9 баған. "Қаржыны реттеуге жауапты адам"
      Бағанда тауарларды өткiзетiн адамның аты-жөнi және мекен-жайы

көрсетiледi. Жеке тұлғаларға қатысты бағанда сол адамның аты-жөнi, 
мекен-жайы және жеке басын куәлендiретiн құжат туралы мәлiметтер 
көрсетiледi.
     Бағанның төменгi бөлiгiнде "N" деген таңбадан кейiн КЖД толтыру 
бойынша Нұсқауға N 13 Қосымшада келтiрiлген фирмалардың кодтары мен 
атауларының Жiктемесiне сәйкес код нөмiрi көрсетiледi.

     22 баған "Валюта және тауардың жалпы
               фактуралық құны"
     Бағанның сол жақтағы бөлiмшесiнде КЖД толтыру бойынша Нұсқауға N 5 
Қосымшадағы "Валюталардың жалпы Жiктемесiне" сәйкес шот валютасының коды 
көрсетiледi.

     28 баған  "Қаржы және банкiлiк мәлiметтер"
     Бағанда (деректемелердiң әрқайсысы жаңа жолдан басталады және 
әрқайсысының алдына реттiк нөмiрi қойылып):
     1 - экспортердiң есеп айыру және валюталық шоттарының, БАА нөмiрi, 
банк коды;
     2 - банктiң толық атауы, орналасқан жерi көрсетiледi.

     44 баған. "Қосымша ақпарат берiлетiн
                 құжаттар"


      Жоюдың кедендiк режимi туралы Ереженiң 3.5. тармағында көзделген жағдайларда бағанада 6 цифрымен экологиялық бақылау саласында арнайы уәкiлдiгi бар органның атауы көрсетiлiп, осындай органның берген рұқсатының нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

      45 баған. "Кедендiк құн"
      Бағанда 31 бағанда мәлiмделiнетiн тауарлардың кедендiк құны АҚШ долларымен көрсетiледi.
      Егер кедендiк құнның бөлшек бiрлiктерi бар болса, онда құн дөңгелектеу ережелерi бойынша бүтiнге дейiн дөңгелектелiнедi.

Положение о таможенном режиме уничтожения

Утверждено Приказом ТК при КМ РК от 14 ноября 1995 г. Утратило силу - приказом ТК МГД РК от 2 декабря 1999г. N 596-П

                        1. Общие положения

     1.1. Уничтожение - таможенный режим, при котором иностранные товары и транспортные средства уничтожаются под таможенным контролем, включая приведение их в состояние, непригодное для использования, без взимания таможенных пошлин и иных налогов, взимание которых возложено на таможенные органы, а также без применения мер экономической политики.
     1.2. Помещение товаров и транспортных средств под таможенный режим уничтожения допускается с разрешения таможенного органа.
     1.3. Уничтожение товаров или транспортных средств производится заинтересованным лицом за собственный счет и не влечет для государства каких-либо расходов.
     1.4. Ответственность перед таможенными органами за правомерность заявления таможенного режима уничтожения, а также за соблюдение условий этого режима несет лицо, перемещающие товары, или перевозчик в отношении транспортных средств.


                      2. Условия использования
                   таможенного режима уничтожения


     2.1. Под таможенный режим уничтожения помещаются:
     а) ввозимые иностранные товары и транспортные средства, фактически пересекшие таможенную границу Республики Казахстан;
     б) иностранные товары и транспортные средства, ввезенные на таможенную территорию Республики Казахстан и помещенные под таможенные режим транзита, таможенного склада, магазина беспошлинной торговли, переработки под таможенным контролем, временного ввоза, свободной таможенной зоны, свободного склада, реэкспорта, а также условно выпущенные товары.
     2.2. Не допускается помещение под таможенный режим уничтожения:
     - товаров и транспортных средств, запрещенных к ввозу в Республику Казахстан;
     - предметов художественного, исторического и археологического достояния народов Республики Казахстан и зарубежных стран;
     - видов животных и растений, находящихся под угрозой исчезновения, их частей и дериватов.
     2.3. Таможенный орган не предоставляет разрешение на помещение товаров или транспортных средств под таможенный режим уничтожения:
     а) если уничтожение товаров и транспортных средств может причинить существенный вред окружающей природной среде;
     б) если уничтожение товаров и транспортных средств влечет или может повлечь расходы государства;
     в) если таможенный орган не имеет возможности осуществить контроль за фактическим уничтожением товаров и транспортных средств;
     г) в иных случаях, когда у таможенного органа имеются достаточные основания для этого.
     2.4. Помещение товаров и транспортных средств под таможенный режим уничтожения допускается, если в результате уничтожения, товары и транспортные средства полностью теряют свои первоначальные потребительские свойства или коммерческую стоимость.
     2.5. Уничтожение производится:
     а) путем термического, химического, механического либо иного воздействия (сжигание, разрушение, захоронение и т.д.), в результате которого товары и транспортные средства полностью уничтожаются;
     б) путем демонтажа, разборки, механического повреждения, включая пробивание дыр, разрывы, нанесение повреждений иными способами при условии, что такие повреждения исключают последующее восстановление товаров и транспортных средств и возможность их использования в первоначальном виде.
     2.6. Уничтожение товаров и транспортных средств должно производится с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан об охране окружающей природной среды.
     2.7. Отходы (остатки), образовавшиеся в результате уничтожения товаров, при возможности их дальнейшего использования, должны быть помещены под соответствующий таможенный режим, как иностранные товары, находящиеся под таможенным контролем, либо в случаях, предусмотренных актами Таможенного комитета при Кабинете Министров Республики Казахстан, использованы на территории Республики Казахстан как казахстанские товары.
     2.8. Таможенные органы не возмещают каких-либо расходов, связанных с использованием таможенного режима уничтожения.


                      3. Таможенное оформление
                  товаров и транспортных средств,
            помещаемых под таможенный режим уничтожения


     3.1. Таможенное оформление товаров и транспортных средств, помещаемых под таможенный режим уничтожения производится:
     - товаров, ввезенных на таможенную территорию Республики Казахстан и помещенных под таможенные режимы, указанные в подпункте "б" п. 2.1. настоящего Положения, кроме таможенного режима транзита, а также условно выпущенных товаров, - таможенным органом, предоставившим такие товары в распоряжение лицу в соответствии с избранным таможенным режимом;
     - транспортных средств, а также товаров, ввозимых на таможенную территорию Республики Казахстан, и товаров помещенных под таможенный режим транзита или перемещаемых в соответствии с правилами доставки под таможенным контролем, таможенным органом в регионе деятельности которого находятся такие транспортные средства или товары.
     3.2. Товары, помещенные под таможенный режим уничтожения, декларируются путем представления в таможенный орган грузовой таможенной декларации, заполненной в соответствии с Инструкцией о порядке заполнения грузовой таможенной декларации, утвержденной приказом ТК при КМ РК N 127-П от 26.09.95 г. и заявления лица, перемещающего товары. Такое заявление составляется по форме, приведенной в Приложении N 1.
     3.3. Одновременно с таможенной декларацией в таможенный орган представляются грузовые и товаросопроводительные документы на товары и транспортные средства (накладные, конасаменты, счета-фактуры и т.д.), а также иные документы, необходимые для производства таможенного оформления и проведения таможенного контроля.
     3.4. Заключение о необходимости уничтожения товаров, а также о невозможности такого уничтожения дается органами Министерства здравоохранения и Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан.
     3.5. Решение о предоставлении разрешения на помещение товаров и транспортных средств под таможенный режим уничтожения принимает начальник таможенного органа либо лицо, его замещающее, если специальными нормативными актами Республики Казахстан не установлено иное. Такое разрешение оформляется путем совершения на заявлении, приведенном в Приложении N 1, надписи "Уничтожение разрешено" и заверяется подписью указанного лица.
     3.7. За таможенное оформление товаров и транспортных средств, помещенных под таможенный режим уничтожения, взимаются таможенные сборы в валюте Республики Казахстан в размере 0,2 процента их таможенной стоимости.


                      4. Заключительные положения


     4.1. Уничтожение товаров и транспортных средств производится под таможенным контролем.
     4.2. О фактическом уничтожении товаров и транспортных средств составляется акт по форме, приведенной в Приложении N 3. С согласия таможенного органа допускается отклонение от установленной формы акта при условии, что в таком акте содержатся все сведения, указанные в форме, приведенной в Приложении N 3. Указанный акт подписывается уполномоченным представителем лица, перемещающего товары, либо перевозчиком, иными лицами, присутствовавшими при фактическом уничтожении товаров или транспортных средств.
     4.3. Лицо, перемещающее товары, или перевозчик в отношении транспортных средств обязаны представить в таможенный орган акт, указанный в пункте 4.2. настоящего Положения, в сроки, устанавливаемые этим таможенным органом.
     4.4. Таможенный орган вправе определить, что уничтожение товаров и транспортных средств может быть произведено только в присутствии должностного лица таможенного органа.
     4.5. Все отходы и остатки, образовавшиеся в результате уничтожения, подлежат таможенному оформлению как иностранные товары, находящиеся под таможенным контролем.
     4.6. Таможенный орган, предоставивший разрешение на уничтожение товаров, определяет место таможенного оформления отходов (остатков).
     Таможенный орган вправе определить, что отходы (остатки) подлежат помещению на склад временного хранения.
     4.7. Выпуск товаров, являющихся отходами (остатками) либо передача их в распоряжение лицу в соответствии с избранным таможенным режимом осуществляются в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан.
     4.8. Отходы и остатки:
     - таможенная стоимость которых не превышает 20 долларов США;
     - дальнейшее использование которых невозможно в силу того, что такие отходы и остатки захоронены либо подлежат захоронению, подлежат таможенному оформлению применительно к таможенному режиму выпуска для свободного обращения. При этом таможенные пошлины, налоги и таможенные сборы за таможенное оформление не взимаются, а декларирование производится путем указания сведений об отходах (остатках) в заявлении (Приложение N 2) и акте (Приложение N 3).

                                 Приложение N 1
                             к Положению о таможенном
                                режиме уничтожения

                         В _________________________________________
                             (наименование таможенного органа)
                         от _________________________________________
                            (наименование или Ф.И.О. лица
                            _________________________________________
                              его адрес)

                        Заявление

    Прошу предоставить разрешение на уничтожение ____________________
    _________________________________________________________________
    (наименование, количество товаров или транспортных средств,
    _________________________________________________________________
    их местонахождение)
    _________________________________________________________________
    Способ уничтожения ______________________________________________
    Место уничтожения _______________________________________________
    Дата уничтожения "_______"_________________199___г.
    Отходы (остатки) в результате уничтожения _______________________
    _________________________________________________________________
    (наименование и количество (в случае возможности
    количественного определения)
    _________________________________________________________________
    Обязуюсь представить акт об уничтожении до "___"___________199__г.

                                   _________________________________
                                    (подпись руководителя или иного
                                     уполномоченного лица, подпись
                                     физического лица)


         М.П.
                                     "______"_________________199__г.

                                 Приложение N 2
                             к Положению о таможенном
                                режиме уничтожения

           ________________________________________________
            (наименование таможенного органа)

                               Акт
                          об уничтожении

   Настоящий акт составлен "____"___________199___г. о том, что в

присутствии ниже перечисленных лиц произведено уничтожение ___________

______________________________________________________________________
(наименование, индивидуальные признаки, количество (мера, вес и т.п.)

______________________________________________________________________

товаров и транспортных средств, а также способ и место их уничтожения.

В результате уничтожения образовались: _______________________________
                                      (наименование, индивидуальные

______________________________________________________________________
признаки, количество (меры, вес и т.п.) отходов (остатков)

При уничтожении присутствовали:

________________________________________________________  ____________
(должность, место работы, Ф.И.О. лиц присутствовавших      подпись

________________________________________________________  ____________
при уничтожении)                                           подпись

________________________________________________________  ____________
(должность и Ф.И.О. уполномоченного представителя          подпись
лица, поместившего товары и транспортные средства под
таможенный режим уничтожения)
________________________________________________________  ____________
(должность и Ф.И.О. должностного лица таможенного          подпись
органа)

                                                        М.П.