Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарларға кедендiк бақылауды жетiлдiру, қазақстандық тұлғалардың аяқталмаған қаржы шығындарын болдырмау, тауар айналымын жеделдету мен импорт тауарларын ресiмдеу үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығымен бекiтiлген "Уақытша сақтау туралы (уақытша сақтау қоймалары туралы)" ережесiне толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 6 баптағы 6.1. тармағында "Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн кез келген тауарлар мен көлiк құралдары ..." сөздерiнен соң "N 5 қосымшаға сәйкес тауарларды қоспағанда" сөздерi қосылсын.
Уақытша сақтау қоймаларына орналастырылмайтын тауарларды кеден мекемелерi көлiк, құралынан түсiретiн кезде не көлiк ұйымдарының қоймаларында ресімдейдi не олар кәсiпорындардың қоймаларына тиiстi заңды тұлғаның жауапты түрде сақтауға заңдармен белгiленген мерзiмдерде кедендiк ресiмдеу процедураларын орындауы туралы кепiлдемесi бар болса, кедендiк қамсыздандырумен орналастырылады.
2. N 145-П Бұйрығы "Уақытша сақтау туралы (уақытша сақтау қоймалары туралы)" ережеге N 5 қосымшамен толықтырылсын.
"Уақытша сақтау
туралы (уақытша
сақтау қоймалары
туралы)" ережеге
N 5 қосымша
Уақытша сақтау қоймаларына орналастыруға
жатпайтын импортты тауарлардың
ТІЗБЕСI
- баждар және салықтар салынбайтын, көлiк құралынан түсiретiн кезде
ресiмделуi мүмкiн болатын тауарлар;
- өнеркәсіп кәсiпорындарында кеден күзеттерi, бақылау пункттерi не
өкiлеттi қызметкерлер жұмыс iстейтiн болса, кiретiн жолдары, тұйық темiр
жол бұрылыстары, қоймалары бар осы кәсiпорындардың мекен-жайына түсетiн
тауарлар;
- кедендiк ресiмдеуi қысқа мерзiмде (3 тәулiкке дейiн) аяқталуы
мүмкiн тауарлар;
- тез бүлiнетiн тауарлар және уақытша сақтау қоймасының жағдайларынан
ерекшелiнетiн сақтаудың ерекше жағдайларын қажет ететiн тауарлар".
Төраға
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Пірмұхамедова Ұ.А.