Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының талаптарына сәйкес келтiру және тауарлардың жеткiзiлуiне кедендiк бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
ҚР КК-iнiң 7.12.95 ж. N 193-П V950144_ бұйрығымен бекiтiлген "Кедендiк алып жүру туралы ережеге" төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
- 1.6-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын: "көлiк құралы - контейнерлердi және басқа да көлiк жабдықтарын қосқанда халықаралық жолаушылар тасымалдау үшiн қолданылатын кез келген көлiк құралы";
- 2.2-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын: "тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияландырылатын тауарлар, әкелiнуiне өзге де мемлекеттiк органдардың рұқсаты талап етiлетiн тауарлар, келiсiм-шартының сомасы 3 мың АҚШ долларынан асатын тауарлар)".
Төраға