Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.
I. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Құнды қағаздар және қор биржасы туралы" заң күшi бар Жарлығына U952227_ , Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау туралы ережесiне, Құнды қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау туралы ережесiне сәйкес жасалған.
1.2. Құнды қағаздар жөнiндегi мамандарды оқытуға рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) Ұлттық комиссияның қаулысы негiзiнде берiледi.
1.3. Рұқсат - Ұлттық комиссия бекiткен Құнды қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау туралы ережеге сәйкес заңды тұлғаның құнды қағаздар рыногындағы бұдан былайғы кәсiби қызмет үшiн мамандарды даярлауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн танитын, бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн құжат болып табылады.
II. Мамандарды оқытуға рұқсатты берудiң тәртiбi
2.1. Рұқсат бәсекелестiк негiзде оны одан әрi ұзарту мүмкiндiгiмен бiр күнтiзбелiк жылға берiледi.
2.2. Құнды қағаздар жөнiндегi мамандарды оқытуға рұқсат алу үшiн заңды тұлға Ұлттық комиссияға мынадай құжаттарды тапсыруға тиiс:
- рұқсатты алуға басшының қолы қойылған өтiнiш (еркiн нысанда);
- мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (немесе оқу орталығы қызметiнiң заңдылығын қуаттайтын құжат);
- оқу орны туралы жарғының немесе ереженiң көшiрмесi;
- оқу үйiн жалдау туралы шарт немесе оның меншiк құқығында бар екендiгiн растайтын құжат;
- басшылар туралы мәлiметтер (туған жылы, бiлiмi, ғылыми дәрежесi туралы, педагогикалық қызметiнiң стажы);
- әрбiр санат бойынша құнды қағаздар рыногындағы кәсiби жұмыс үшiн мамандарды даярлау жөнiндегi сабақтардың оқу-әдiстемелiк жоспарлары;
- келiсiм-шарт негiзiнде оқу процесiн жүргiзу үшiн шақырылатын профессор-оқытушылар құрамының тiзiмi;
- курстардың тыңдаушыларына таратылатын материал ретiнде ұсынылатын нормативтiк актiлер мен оқу-әдiстемелiк әдебиеттiң тiзiмi;
- сабақтарды өткiзу жағдайларын, оқудың ұзақтығын және оқу процесiн өзгеше қамтамасыз етудi баяндау;
- өтiнiш берушiнiң заңды мекен-жайы және банк реквизиттерi;
- қолда бар ұйымтехника туралы мәлiметтер.
Жоғарыда аталған құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайда жетi күннiң iшiнде Ұлттық комиссияға жазбаша мәлiмдеме тапсырылуға тиiс.
Оқу-әдiстемелiк жоспарлардағы өзгерiстер мен толықтырулар Аттестациялық комиссиямен күнi бұрын келiсудi талап етедi.
2.3. Рұқсат тапсырылған құжаттар Ұлттық комиссияның талаптарына сәйкес келгенде берiледi.
Құжаттар оларды Ұлттық комиссия алған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде қаралады.
Рұқсат қосымшада көрсетiлген үлгi бойынша берiледi.
2.4. Құжаттар Ұлттық комиссияның қоятын талаптарына сәйкес келмегенде жазбаша нысанда өтiнiш берушiге рұқсатты беруден бас тартудың дәлелi көрсетiледi.
III. Оқу орталықтарының мiндеттерi
3.1. Оқу орталығы оқу процесi басталғанға дейiн үш күннен кешiктiрмей Аттестациялық комиссияға Құнды қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау туралы ереженiң 2-үлгiсi бойынша жасалған, емтиханды өткiзу ұйғарылып отырған күн туралы өтiнiштi жiберуге мiндеттi.
Оқу орталығы тыңдаушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеруiн қамтамасыз ететiн таратылатын материалды беруге мiндеттi.
Оқу орталығы тыңдаушыларға емтихан өтетiн күн мен уақыт туралы дер кезiнде хабарлауға тиiс.
3.2. Оқу процесiнiң аяқталуына дейiн үш күннен кешiктiрмей оқу орталығы Аттестациялық комиссияға барлық қажеттi құжаттардың қоса берiлуiмен тыңдаушыларды емтиханға жiберу туралы өтiнiштi тапсырады.
3.3. Емтихан бiткен соң үш күн iшiнде оқу орталығы Аттестациялық комиссияның хатшысынан емтиханның ресiмделген нәтижелерiн алуға тиiс.
3.4. Оқу орталығы әрбiр оқу кезеңiнде Ұлттық комиссияның кемiнде екi қызметкерiн оқытуға мiндеттi.
IV. Рұқсатты пайдалануға бақылау жасау
4.1. Рұқсатты пайдалануға бақылау жасауды Ұлттық комиссия жүзеге асырады. Ол мамандарды даярлау жөнiндегi заңды тұлғаның қызметiне байланысты құпия болып табылмайтын кез келген мәлiметтердi талап етуге, сондай-ақ оқу процесiнiң жер-жердегi жай-күйiн тексерулердi жүзеге асыруға құқылы.
V. Оқу процесiн ұйымдастыру үшiн оқу орталықтарының
жауапкершiлiгi
5.1. Аттестациялық комиссияның ұсынуымен Ұлттық комиссия құнды қағаздар жөнiнде мамандарды оқытуға берiлетiн рұқсаттың күшiн мынадай жағдайларда тоқтатуы мүмкiн:
- оқу орталығы аттестациялау үшiн қажеттi құжаттарды бермегенде;
- сабақтардың Аттестациялық комиссия бекiткен оқу-әдiстемелiк жоспарларын орындамағанда;
- тыңдаушылар сабақ өткiзудiң қажеттi жағдайларымен, сондай-ақ тиiстi оқу-әдiстемелiк материалдармен қамтамасыз етiлмегенде;
- профессор-оқытушылар құрамының Аттестациялық комиссиямен келiсiлмеген алмасуы болғанда.
Рұқсаттың күшi оның тоқтатылуына әкеп соққан негiздер жойылған соң қайта қалпына келтiрiледi.
5.2. Аттестациялық комиссияның ұсынуымен Ұлттық комиссия құнды қағаздар жөнiнде мамандарды оқытуға берiлетiн рұқсатты мынадай жағдайларда керi қайтарып ала алады:
- осы Ережеде және Құнды қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау туралы ережеде қойылатын талаптар үнемi орындалмағанда;
- тест нәтижелерi бойынша Аттестациялық комиссия тыңдаушылардың 60 процентiнен астамының бiлiмiн қанағаттанғысыз деп анықтағанда;
- рұқсат алынған сәттен бастап алты айдың iшiнде оны iс жүзiнде қолданбағанда.
5.3. Ұлттық комиссияның рұқсаты керi қайтарып алғаны немесе оның күшiн тоқтатқаны туралы тиiстi оқу орталығының басшысына жазбаша нысанда жеткiзiледi.
5.4. Қызметi тоқтатылған оқу орталығы қолданыстағы заңдарда қарастырылған тәртiпте Ұлттық комиссияның шешiмiне шағымдануға құқылы.
Құнды қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандарды оқытуға
рұқсат берудiң тәртiбi туралы ережеге
Қосымша
РҰҚСАТ
Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясы __________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық аты)
бекiтiлген оқу бағдарламасына сәйкес құнды қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыруға рұқсат бередi.
Мекен-жайы _____________________________________________________
__________________ банкiндегi ________________ есеп айырысу шоты
ХҚҰ ____________________________________________________________
Ұлттық комиссияның
төрағасы