Қазақстан Республикасының
Құнды қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының 1996
жылғы 16 маусымдағы
қаулысымен бекiтiлдi
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногындағы айналысқа басқа мемлекеттер эмитенттерiнiң шығарған корпоративтi құнды қағаздарын жiберу ережелерiн белгiлейдi. Шетел эмитенттерi құнды қағаздарының басқа түрлерi Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - ҚҚҰК) арнаулы рұқсаты негiзiнде жiберiледi.
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа басқа мемлекеттер эмитенттерiнiң шығарған қағаздарын жiберу, осы құнды қағаздарды белгiленген тәртiппен ҚҚҰК Шетел эмитенттерi құнды қағаздарының Мемлекеттiк реестрiне енгiзу болып табылады.
3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Заң күшi бар Жарлығының нормаларына сәйкес жасалды. Құнды қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдер қабылданған жағдайда, Ереже қабылданған мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкестендiрiлуге жатады.
4. Ережеде төмендегiдей ұғымдар қолданылды:
- құнды қағаздар әкелу - Қазақстан Республикасының кеден туралы заңдарында қарастырылған барлық процедураларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы құнды қағаздардың немесе құнды қағаздарды шығару жөнiндегi құжаттардың (құжатсыз нысанда құнды қағаздар шығарғанда) физикалық орын ауыстыруы;
- өтiнушi - Қазақстан Республикасының аумағында құнды қағаздарды орналастыруға ниет бiлдiрген эмитент немесе оның өкiлеттi тұлғасы.
5. Басқа мемлекеттер эмитенттерiнiң шығарған құнды қағаздары Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы орын ауыстырған кезде, республикада қолданылып жүрген тиiстi кеден туралы заңдарға сәйкес мiндеттi түрде декларациялық тексерiстен өткiзуге жатады.
II. БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДIҢ ЭМИТЕНТТЕРI ШЫҒАРҒАН
ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ АЙНАЛЫСҚА ЖIБЕРУ ТӘРТIБI
6. Эмитент резидент болып табылатын елдiң тiркеушi органдарында эмиссиясы тiркелген құнды қағаздар ҚҚҰК айналысқа жiберу процедурасына хабарлануы мүмкiн.
7. Басқа мемлекеттер эмитенттерi шығарған құнды қағаздарды айналысқа жiберуге рұқсат алу үшiн, ҚҚҰК төмендегiдей құжаттарды ұсыну қажет:
- эмиссия сомасы, құнды қағаздардың саны мен түрлерi, орналастырудың межелеген мерзiмi мен көлемi, эмитенттiң заңды мекенi, эмитент заңды ұйым болып табылатын елдiң органындағы мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiлген өтiнiш;
- жарғы мен эмитенттiң құрылтай келiсiм-шартының көшiрмесiн (немесе олардың орнына жүретiн құжаттарды);
- эмитенттi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
- эмитент резидентi болып табылатын елдiң тiркеу органдарында осы шығарылған құнды қағаздар эмиссиясын тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
- құнды қағаздардың үлгiлерiн;
- материалдық сипатты емес үлгiде шығарылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды ұйым ретiнде тiркелген және депозитарлық iс-әрекет жүргiзуге ҚҚҰК лицензиясы бар депозитариймен алдын ала жасалған келiсiм немесе депозитарлық келiсiм-шарттың көшiрмесiн;
- эмиссияның аудитор куәландырылған проспектiсiн немесе оның орнына жүретiн басқа, құнды қағаздар шығару шартын ашатын және олармен инвесторларды таныстыруға арналған басқа құжаттарды;
- құнды қағаздарды құнды қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары арқылы орналастырғанда, осы тұлғаның құнды қағаздар рыногында кәсiби iс-әрекетiн жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алған лицензиясының көшiрмесiн, сондай-ақ құнды қағаздарды орналастыруға жасалған келiсiмнiң көшiрмесiн ұсыну қажет;
- кеден декларациясының көшiрмесiн;
Құрылтай және басқа құжаттардың көшiрмелерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде және орыс тiлiнде ресiмделiп, нотариалды түрде куәландырылады.
8. Айналысқа жiберу үшiн ҚҚҰК ұсынған құжаттар, ұсынылған сәттен бастап 30 күн iшiнде қаралады. Құжаттарды түзету үшiн өтiнушiге қайтарған жағдайда және түзетiлген құжаттарды ҚҚҰК қайтадан ұсынғанда, құжаттарды қарау мерзiмi жаңадан есептеледi.
9. Жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттар мен эмиссия проспектiсiне (немесе олардың орнына жүретiн құжатқа) қол қойған эмитент-өтiнушiнiң лауазымды адамы, осы құжаттардағы мәлiметтердiң анықтығы үшiн, сондай-ақ құнды қағаздар айналысының ережелерiн сақтау үшiн заңда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
10. Ұсынылған құжаттардың:
- осы Ереженiң талаптарына сәйкестiлiгi;
- эмиссия проспектiсiнiң (немесе оның орнына жүретiн құжаттың) негiзгi көрсеткiштерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкестiлiгi талдауға жатады.
11. Ұсынылған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, олар түзетiлу үшiн өтiнушiге қайтарылады, бұл туралы ҚҚҰК нақты дәлелдердi көрсете отырып, жазбаша түрде эмитентке хабарлайды.
12. Ұсынылған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе өтiнушiге құнды қағаздарының мемлекеттiк реестрге енгiзiлгендiгiн растайтын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орналастыру мерзiмдерiн көрсете отырып, олардың Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногындағы айналысына құқық беретiн рұқсат (1-қосымша) берiледi.
Осы аталған құжатпен қатар өтiнушi инвесторлар үшiн шығару шартын ашатын, шнурланған, ҚҚҰК атқарушы аппаратының мөрiмен бекiтiлген және басқа мемлекеттердiң шығарып, Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген құнды қағаздар реестрi бойынша нөмiрi берiлген эмиссия (немесе оның орнына жүретiн құжаттың) проспектiсiнiң бiр данасын алады.
13. Құнды қағаздарын айналысқа жiберуге рұқсат алған өтiнушi, құнды қағаздарын ашық түрде орналастыру кезiнде:
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төмендегiлердi көрсете отырып, шығару туралы жариялайды:
а) эмитенттiң мәртебесiн, толық атауын және заңды мекенiн;
ә) эмитент қызметiнiң түрiн;
б) құнды қағаздар түрiн, олардың шығарылу көлемiн және Қазақстан Республикасындағы орналасуын;
в) құнды қағаздарды таратудың басталу және аяқталу мерзiмдерiн;
г) өкiлеттi өкiлiнiң атауы мен мекен-жайы, әлеуеттi инвесторлар шығарылған құнды қағаздарды сатып алатын және эмиссия проспектiсiнiң немесе оның орнына жүретiн құжаттың мазмұнымен таныса алатын орынды немесе орындарды;
- эмиссия проспектiсiн немесе құнды қағаздарды сатып алушыларды жеткiлiктi мөлшерде хабардар ету үшiн құнды қағаздарды шығару және орналастыру шартын жариялайды.
Осы шығарылған құнды қағаздардың барлық сатып алушыларын өтiнушi толық және бiрдей мәлiметпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Шетел эмитенттерiнiң құнды қағаздарын айналысқа жiберуге ҚҚҰК рұқсатын алғанға дейiн, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады.
14. Құнды қағаздарды орналастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн өтiнушi бiр ай iшiнде ҚҚҰК құнды қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп беруге мiндеттi (2-қосымша).
Егер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген мерзiм iшiнде ҚҚҰК ескертулер туралы хабарламаса, онда құнды қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп берiлген күннен кейiнгi күннен бастап, осындай орналастыру жөнiндегi есеп бекiтiлген болып саналады.
15. Құнды қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепке қол қойған лауазымды адам, ондағы мәлiметтердiң нақты болуы үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
III. БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДIҢ ЭМИТЕНТТЕРI ШЫҒАРҒАН
ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУДЕН
БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ТЫЙЫМ САЛУ
16. ҚҚҰК төмендегiдей жағдайларда, басқа мемлекеттердiң эмитенттерi шығарған құнды қағаздарын орналастыруға рұқсат беруден бас тартуға және тыйым салуға құқықты:
а) жiберу процедураларының өтуi үшiн ұсынылған құжаттардағы мәлiметтер осы Ереже мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарына сәйкес келмесе;
ә) құнды қағаздар шығару туралы ұсынылған ақпараттардың мазмұнындағы мәлiметтерi анық болмаса;
б) құнды қағаздарды орналастыру барысында инвесторлардың материалдық мүдделерiне елеулi түрде қатысты және тиiстi ақпараттардың қосымша жариялануын талап ететiн жаңа шарттар туындағанда;
в) құнды қағаздар эмиссиясының процесiнде эмитенттiң жiберген заң бұзушылықтары туралы эмитент резидент болып табылатын елдiң мемлекеттiк органдарының ресми ақпараттары ҚҚҰК келiп түскенде;
г) егер құнды қағаздарды орналастыру шетел эмитенттерiнiң құнды қағаздары инвесторларының құқықтарын жүзеге асырудың белгiлi тұтқасын қарастырмаса.
17. Құнды қағаздарды айналысқа жiберуге тыйым салынған жағдайда, өтiнушi жiберiлген кемшiлiктердi жоюға мiндеттi, содан кейiн құнды қағаздарды орналастыру ҚҚҰК арнаулы жазбаша рұқсаты бойынша жалғастырылуы мүмкiн.
18. Құнды қағаздарды айналысқа жiберуге тыйым салу туралы хабар өтiнушiге жазбаша түрде жеткiзiледi.
19. Егер өтiнушi орналастыруға тыйым салуды негiзсiз деп санаса, бұл шешiм туралы сотқа шағым бере алады. Құнды қағаздарды орналастыру процесi сот органдарының шешiмi шығарылғанға дейiн тоқтатылады.
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20. Басқа мемлекеттердiң эмитенттерi шығарған құнды қағаздарды орналастыруды эмитенттiң өзi немесе ҚҚҰК лицензиясын алған эмитенттiң өкiлеттi тұлғасы-құнды қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы жүзеге асырады. Болашақтағы орналастыру туралы әдейi жалған немесе шатастыру үшiн ақпараттар ұсынған немесе құнды қағаздар туралы анық емес, жалған мәлiметтерi бар жарнама жарияланғаны үшiн өтiнушi Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
21. Шетел эмитентi елiнiң тiркеушi органдарымен ынтымақтасу
қажеттiлiгi туындаған жағдайларда, аталған орган мен ҚҚҰК арасында
ынтымақтастық және өзара көмек туралы тиiстi құжаттарға
(келiсiм-шарттарға, келiсiмдерге, меморандумдарға) қол қойылады.
22. Осы Ереже талаптары бұзылғанда Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап берiледi.
1-қосымша
Қазақ және орыс
тiлдерiнде
Қазақстан Республикасының аумағындағы
айналысқа шетел эмитенттерiнiң шығарған
құнды қағаздарын жiберуге
N ______________ РҰҚСАТ
Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясы республика аумағындағы айналысқа
___________________________________________________________________
(тiркеушi органның атауы, оның мекен-жайы)
_________________________________________________________ тiркелген.
___________________________________________________________________
(эмитенттiң толық атауы, заңды мекен-жайы)
___________________________________________________________________
құнды қағаздарының төмендегi түрлерiн жiбередi:
___________________________________________________________________
рет| құнды қағаздар| саны |эмитент елiнiң валютасындағы|сомасы|коды
| түрi | | номинал | |
| | | | |
___|_______________|______|____________________________|______|____
1.| | | | |
2.| | | | |
3.| | | | |
___|_______________|______|____________________________|______|____
Эмиссияның жалпы көлемi _________, жарғылық құны _____________
Осы құнды қағаздарды орналастыру құқығы 19 ___ жылдың ________
___________ дейiнгi мерзiмге ______________________________________
(құнды қағаздар рыногының
___________________________________________________________________
кәсiпқой қатысушысының атауы)
берiлдi.
Құнды қағаздар ___________________ үлгiде (негiзде) шығарылды.
_______________ эмиссия проспектiсiне (немесе оның орнына
жүретiн құжат) Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясында 19 __ жылғы _________________ болып тiркелдi.
Ұлттық комиссия
Төрағасы _________________________
2-қосымша
Құнды қағаздарды орналастыру
қорытындылары туралы бiр үлгiдегi
ЕСЕП
1. Эмитенттiң толық немесе қысқаша атауы _____________________
______________________________________________________________
2. Пошталық (заңды) мекенi ___________________________________
3. Айналысқа жiберуге рұқсат берiлген дата және нөмiрi _______
4. Айналысқа жiберiлген құнды қағаздардың жалпы сомасы, түрлерi
және номиналы бойынша саны ___________________________________
5. Орналастырылған құнды қағаздардың көлемi __________________
6. Шығару нысаны _____________________________________________
(материалдық сипатты немесе материалдық сипатты емес. Егер
эмиссия материалдық сипатты нысанда жүргiзiлген болса, онда
құнды қағаздарды дайындауға берiлген тапсырысты кiм орындағаны
көрсетiлуi қажет; егер материалдық сипатты емес нысанда
жүргiзiлсе - эмитенттiң құнды қағаздары қозғалысының
депозитарлық есебi жүргiзiлетiн орын көрсетiлуi керек).
7. Ашық орналастырылатын жағдайда: эмиссия проспектiсiнiң немесе
оның орнына жүретiн құжаттың жарияланған күнi мен орны
______________________________________________________________
______________________________________________________________
8. Құнды қағаздарды орналастырудың басталған күнi ____________
Құнды қағаздарды орналастырудың аяқталған күнi________________
9. Құнды қағаздар үшiн ақы төлеу жолдары:
- ақшалай қаражатпен __________________________________ сомада;
- құнды қағаздар үшiн ақы төлеу ретiнде төленген материалдық
қаражат _______________________________________________ сомада;
-басқасы ______________________________________________ сомада.
10. Құнды қағаздар бойынша проценттердiң, дивидендтердiң
мөлшерi ______________________________________________________
______________________________________________________________
Төлем аяқталған күн __________________________________________
11. Орналастыруды жүргiзген өтiнушiнiң толық атауы
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Ескерту. Есепке бiрiншi басшы мен бас бухгалтер қол қояды және эмитенттiң немесе өтiнушiнiң мөрiмен куәландырылады. Есепте Қазақстан Республикасына әкелiнген құнды қағаздардың түрлерi, сондай-ақ тиiстi кеден декларацияларын ресiмдеу нөмiрлерi мен даталары бойынша көлемi туралы деректер болу керек.